6.3.Планеталардың қозғалысы. Кеплер заңдары. Ғарыштық
жылдамдықтар.
Ғылым тарихындағы маңызды жаңалықтардың бірі Кеплердің
планеталар Күнді эллипс бойымен айналатындығын тәжірибе жүзінде
дәлелдеуі
болып
табылады.
Кеплердің
планеталардың
қозғалыс
заңдылықтарына берген эмпирикалық
тұжырымдамасы механиканың
заңдарымен бүкіләлемдік тартылыс теориясының негізін құрайды. Кеплер
ӛзінің үш заңына тӛмендегідей тұжырымдады:
Кеплердің бірінші заңы: барлық планеталар бір фокусында Күн
тұратын эллипстік орбитамен қозғалады.
Кеплердің екінші заңы: планетаның радиус векторы тең уақыт
аралықтарында тең аудандарды сызады:
Кеплердің екінші заңы импульс моментінің сақталу заңының салдары болып
табылады. Суреттен кӛрініп тұрғанындай,
dt уақыты
ішінде радиус-вектор
сызып шыққан
ds ауданы
dt үшбұрыш табанының осы үшбұрыштың
l
биіктігіне кӛбейтіндісінің жартысына тең болады (мұндағы
l биіктігі
т
планета импульсының Күнге қатысты алынған иінімен дәл келеді):
(L — планета
импульсының моменті, ол m
l мәніне тең).
- ӛрнегі секторлық жылдамдық дсп аталады. Сонымен, секторлық
жылдамдық
.
Күштердің центрлік ӛрісіндегі импульс
моменті тұрақты болып қалады,
демек, планетаның секторлық жылдамдығы да тұрақты болып қалу керек.
Бұл радиус- вектор тең уақыттар аралығында бірдей аудандар сызып шығады
деген сӛз.
Достарыңызбен бөлісу: