2. Бұл күштердің тек инерциялық емес санақ жүйелерінде ғана әсер ететінін –
есте ұстау керек. Инерциялық санақ жүйелерінде ешқандай инерция күштері
жоқ. Ньютондық мағынада ондағы күш түсінігі денелердің ӛзара
әрекеттесуінің мӛлшері ретінде қолданылады.
3. Барлық инерция күштері тартылыс күштері
тәрізді дененің массасына
пропорционал. Сондықтан инерция күштерінің біртекті ӛрісінде
7.2. Центрден тепкіш инерция күші.
Диск ӛзінің центрінен ӛтетін вертикаль осьтен бірқалыпты бұрыштық
жылдамдықпен ω =
const айналсын делік. Дискінің айналу осінен әртүрлі
қашықтықта штативке жіп арқылы ілінген шариктер орналастырлған. Диск
айналғанда шариктер вектикальдан қандайда бір бұрыштарға ауытқиды.
Айналу осінің бағытымен орналасқан маятник вертикальдан ауыт қымайды.
Осы құбылысты тыныштықтағы жүйемен салыстырғанда қарастырайық.
Бастапқыда дискінің бетіне қатаң бекітілген
аспа қозғалысқа келіп,
маятниктің жүгі одан инерцияның салдарынан артта қалады. Жіптің
вертикальдан ауытқуып керілуінің нәтижесінде жүкке үдеу
беретін керілу
күшінің горизонталь құраушысы пайда болады. Ауытқу тұрақты болған
мезетте маятниктің жүктері астындағы дискінің бетінде орналасқан нүктенің
жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалады. Сонықтан шариктердің
керілген жіппен
әсерлесуінің нәтижесінде mω
2
R күші туындайды. Олай
болса, жіптің керілу күшінің горизанталь құраушысы
T sinα центрден тепкіш
mω
2
R күшке, ал вертикаль
T cos
α
ауырлық күшіне тең:
T sinα = m ω
2
R
Tcosα= mg
Маятниктің ауытқу бұрышы бұрыштық жылдамдықпен айналу осіне дейінгі
қашықтық артса, кӛбейеді. Келтірілген теңдіктерден ауытқу бұрышының
тангенсін табамыз:
Маятниктердің айналмалы санақ жүйесінде қозғалысын қарастыралық.
Маятниктің жүктері ауытқыған күйінде дискінің
бетімен салыстырғанда
тыныштықта болғандықтан, әрбір жүкке әсер ететін күштердің
қосындысы
нӛлге тең. Яғни, жіптің керілу және Жердің тартылыс күштерінің қорытқы
күші шамасы бойынша қарама-қарсы бағытталған центрден тепкіш күшіне
теңеседі. Дене айналмалы қозғалыстағы санақ жүйесімен салыстырғанда
тыныштықта болса, инерция күші центрден тепкіш күшке тең. Центрден
тепкіш күш айналу осіне перпендикуляр
шеңбердің сыртына қарай
бағытталғандықтан:
⃗
⃗⃗
Центрден тепкіш күш күнделікті ӛмірде кӛп кездеседі. Мысалы, ӛлі тұзақ
жасайтын ұшқышқа, Жер бетінде
орналасқан кез келген денеге,
бұрылыстарда кӛліктегі заттарға әсерін тигізеді. Центрден тепкіш күштер
барлық айналатын механизмдерде, машиналардың
жылдам айналатын
бӛлшектерін
конструкциялағанда,
сорғылар
мен
сепараторларда
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: