Функционалдық жүйе – өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің орындалуын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі.
Гомеостаз– организмнің ішкі ортасының және физиологиялық әрекетінің салыстырмалы тұрақтылығы. Гомеостазды қолданатын негізгі тетіктер өздігінен реттеледі.
Әрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер міндетті түрде енеді:
1. Афференттік жинақтау (синтез)
2. Шешім қабылдау
3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы
4. Іс-әрекет
5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері
6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау
Кері афферентация Рефлекс тоқтаған соң оның нәтижесі көптеген қабылдағыштарды тітіркендіреді. Олардан шыққан хабар ми қыртысы орталықтарындағы акцепторға (салыстырушы) жеткізіледі. Акцепторда рефлекс нәтижесінің бағдарламаға сәйкес не сәйкес еместігі анықталады. Егер рефлекстік әрекет көңілдегідей болса, рефлекс тоқталады. Әйтпесе рефлекс мақсатқа жеткенше бірнеше рет қайталанылады. Керісінше байланыс организмде кездесетін үрдістерді, әрекеттерді өздігінен реттеуді қамтамасыз етеді.
6.Физиологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. Оның басқа медициналық-биологиялық пәндермен байланысы. Физиологияның мақсаттары.
1. Организмнің және оның әрбір кұрылымының кызметін үғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалык ойлау кабілеттерін жетілдіру.
2. Физиологиялык зерттеу әдістерін үйрету аркылы әрекеттік диагностикалық дағдыларды калыптастыру.
3. Физиология ғылымының қағидаларымен (принциптарымен) танысу арқылы адам денсаулығын тиімді үйымдастыру, яғни, адам денсаулығын тиімді түрде емдеуді үйрену.
4. Әрбір адамның денсаулық деңгейін анықтау, бағалау жане оны нығайту тәсілдерін үйрету.
Физиологияның зерттеу әдістері.
Физиологиялык процесстер өте үдемелі түрде өзгеріп отырады және олар физиологияның даму кезеңдеріне сәйкес және физиологиямен тығыз байланысты ғылымдардың жетістіктерінің арқасында қалыптасты. Оларды бірнеше бағытқа бөліп қарастырсақ болады:
1) Бакылау әдістері - физиологиялык кұбылыстарды калыпты жағдайда және әртүрлі әсерлерден кейін визуалды түрде қадағалап отыруға негізделген әдіс. Алайда, құбылысты бақылау белгілі бір физиологиялық процесс немесе функция «қалай жүзеге асырылады?» деген сұраққа жауап бере алмайды.
2) Тіркеу әдістері - физиологиялық қүбылыстарды механикалык жане электрлік тәсілдермен жазып алады.
3) Тітіркендіру әдістері - тірі құрылымдардың, агзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялык (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышкылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр агыны, температура т.б.) факторлар әсерін қолданады.
4) Электрофизиологиялык әдістер – қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолдану арқылы тіркеу әдістері.
5) Өткір тәжірибе әдістері – бұлар, қысқа мерзімде орындалатын эксперименттер, яғни, жануарларға вивисекция жасау (тірі жануарлардың ішін ақтару арқылы жүргізілетін эксперименттер), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін окшаулау әдістері.
6) Созылмалы тәжірибе әдістері – бұлар, ұзақ уақыт қажет ететін эксперименттер (күн, апта, ай, жыл), яғни, бұл әдіс кезінде жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уакыт бақылайды. Бұл әдісті И.П.Павлов енгізен болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп караудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.
7) Аспаптық әдістер - физиологиялык зерттеулер нәтижесінде медицинага әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар арқылы орындалады.
Қазіргі кездегі физиология баска да ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде. Осы кездегі физиологиялык зерттеу жұмыстарында ғылым мен техника жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жаңалыктарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т.б. кеңінен колданады. Физиология мен техника ғылымдарының тығыз байланысынан бионика, физиологиялык, кибернетика және кванттық медицина дамып келе жатыр. Мұндай жетістіктер медицина ғылымының баска да жаңа салаларын қалыптастырды. Оған қоса казіргі физиология ғылыми зерттеулерді кешенді түрде жүргізеді, шектес ғылымдардың табыстарын, мәліметтерін мол пайдаланады. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтижелер алынып отыр. Мүнымен бірге физиологиялык зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің кызметін жүйелі түрде зерттеу ондағы көптеген физиологиялык жағдайларды түсінуді жеңілдетеді. Сондықтан тірі организмді әрекеттік жүйелер теориясының тұрғысынан зерттеу басталады. Әрекеттік жүйелер теориясы және әржақты қағидалары медицина, педагогика, психология, социология, техника т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданыс тапты.