1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қозу физиологиясы. Әрекет потенциалы



бет66/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

57.Қозу физиологиясы. Әрекет потенциалы.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін тітіркендіргіштер деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және электірлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрациясы жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге макро және микроорганизмдердің әсері жатады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға жүйке, бұлшықет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу тәрізді тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері
Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше параметр қолданылады. Қозу табалдырығы, әсердің пайдалы уақыты, хролаксия, лабилділік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем-қозу табалдырығы.
Қозу табалдырығы деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады. Әсердің пайдалы уақыты тітіркендіргіштің әсері оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады.
Хролаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тек күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады.
Аккомодация жылдамдығы (аккомодация бейімделу). Аккомодация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді.
Лабильділік (тұрақсыздық ) белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсетеді. Қозу барысында мембрананың потенциалы әрекет потенциалына айналады. Тірі организмде көптеген потенциалдар кездеседі (электр тоғы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет