1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қанның пішінді элементтері. Қан топтары



бет68/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

60.Қанның пішінді элементтері. Қан топтары.
Қан — омыртқалы организмдердің аса маңызды ткані. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның көмегімен ғана қоректiк заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдері де клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қаның мөлшері дененің 8% шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралады. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйішікрі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда пішінді заттардын шамасы барлық қан көлемің 35— 54% мөлшердей.
Эритроциттер — ядросыз және ішкі мембранасыз ұсақ клеткалар. Оның іші оттегін байланыстырушы белок-гемоглобинге толы. Қан құрамының 1 мм3 мөлшерінде 5000000 эритроцит бар. Эритроциттің орташа үлкендік ересек адамда 7,5 мкм, әдепті пішінді екі жағы да қушиған дискіге ұқсайды. Осындай пішінің арқасында, шар тәріздес пішінмен салыстырғанда, сыртқы аумағы үлкен келеді. Эритроциттің осындай ерекше пішіні негізгі қызметің — тыныс алуға қажетті газдарды жеткізуге тиімді атқаруға жәрдемдеседі. 
Лейкоциттер — құрамында ядросы бар, 6ipaқ гемоглобині жоқ клеткалар. Ересек адам канының, 1 мкл мөлшерінде 4000— 10.000 лейкоцит болады. Дені сау сақа мал мен ересек адам канындағы эритроциттер саны біршама тұрақты. Ал лейкоциттер саны организм күйне, тәулік мезгіліне байланысты өзгepiп отырады! Лейкоциттердің бірнеше түрі бар. Олардың пішінде негізгi екі Tүpi — полиморфты ядролы лейкоциттер мен лимфоциттер организмді табиғаты бөтен, зиянды заттардан корғайды.
Тромбоциттер — ядросыз жалпақ клеткалар, домаланган пішінді келеді. Олар жілік майында түзіледі де қан құрамында 5—11 күн шамасындай болады, одан кейін бауырда, өкпеде және көк-бауырда ыдырап бұзылады да, организмде қайтадан жанасы түзіледі. Тромбоциттердің негізгі қызметі — қан ауруын тоқтатуға және қанның ұюына қатысу.
Қан топтары — бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері.
Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV.
Қан беретін адамды - донор (латынша "donore" — сыйлаушы), қабылдайтын адамды — реципиент (латынша "recepiens" -қабылдаушы) дейді.
Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіпқалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.
Қанды жеке топтарға бөлгенде эритроциттердің құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің мен плазмы құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің болуы қатаң ескеріледі. Егер "А" антингені мен "а" антиндесі мен "В" антингені мен "в" антинденесі кездесетін болса құйылған қандағы эритроцитердің желімденіп қан ұюы болады. қан тобы ешқашан өзгермейді және тұқым қуалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет