1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет69/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

61.Көмірсулар алмасуы.
Көмірсулар алмасуы — тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы.
Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен.
Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды.
Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкоза, фруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды.
Көмірсулар организмге,негізінен,өсімдіктекті тағамдармен,сондай-ақ аз мөлшерде жануар текті тағаммен түседі . Олар дене массасының 1-2%-ын құрайды . Азықтық тағам құрымына кіретін көмірсулар адам организмінде глюкозаға дейін ыдырайды. Глюкоза қанға түседі де, бүкіл организмге тасмалданады. Глюкозаның артық мөлшері гликоген түұрінде бауырда, бұлшық етте қорға жиналады.Басқа бөлігі жасуша ядросы мен цитоплазмасының құрамына кіреді және жүйке жүйесінің (ми) қалыпты іс –әрекеті үшін маңызды рөл атқарады.Қандағы глюкоза мөлшері салыстырмалы түрде тұрақты және 0.08-0,12% -дан аспайды.
Қанда глюкоза мөлшері төмендегенде , мысалы, дене жұмысы кезінде гликоген бауырда глюкозаға дейін ыдырайды да , қанға түседі. Бұл процесс ұйқы безінен бөлінетін инсулин және глюкагон гормондары арқылы реттеледі. Көмірсулар органимзмде , сондай-ақ нәруыздар мен майлардың ыдырау өнімдерінен синтезделеді. 1г көмірсу ыдырағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді.Энергияның бір бөлігі дене еңбегіне жұмсалады да, жылу көзі болып табылады,ал белгілі бір бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады. Организмде көмірсулардың артық мөлшері майларға айналады.
62.Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері.
Адамның тыныс алуы қоршаған ортаның және ағзаның ішкі ортасының өзгерістеріне бейімделеді. Бейімделу жүйкелік және гуморальдық реттелу үрдістері арқылы қамтамасыз етіледі.
Атмосфералық ауаның құрамы мен қысымы, қоршаған ортаның температурасы, дене еңбегі кезіндегі организмің жағдайының өзгеруі, эмоциональдық қозу және т.б. осы сияқты, сыртқы ортаның факторлары зат алмасу қарқындылығына әсер ете отырып әсіресе, оттегі пайдалану мен көмірқышқыл газын бөлу процесіне ықпал ете отырып тыныс алу орталығының функционалдық жағдайына да әсер етеді.
Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет