1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Рефлекс және рефлекторлық доға, оның бөлімдері



бет19/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

21.Рефлекс және рефлекторлық доға, оның бөлімдері.
Жоғары дәрежедегі қызметтерге: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, шартты рефлекс.
Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.
Рефлекст түрлері:
• Шартты рефлекс – туа пайда болған, тұқым қуалайды, Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады.
• Шартсыз рефлекс – жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.
Шартты рефлекс түрлері:
• Экстрорецепті рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
• Проприорецепті рефлекстер қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.
• Интерорецепті рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.
Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган — эффектордан тұрады.
Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет