1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Эритроциттер, олардың маңызы



бет20/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

22.Эритроциттер, олардың маңызы.
Тірі ағзадағы барлық жасушалардың өмір сүретін ішкі ортасы - қан, лимфа және жасуша аралық сұйықтық. Қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Эритроциттер - қанның ядросыз қызыл клеткалары, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Тіршілік уақыты – 90-120 күн түзіледі – сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда. Бауыр мен көкбауырда ыдырайды. Қызметі – оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау.
Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің барлық клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің кұрамындағы белок гемоглобиннің катысуымен орындалады. Саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн.
Эритроциттердің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы гемолиз (грекше haima-кан, Lysis-еру) деп аталады.
Осмостық гемолиз — эритроциттід іші мен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан туады.
Химиялық гемолиз — қышқылдар, эфир, хлороформ,сілтілер эритроцит мембранасын ерітіп гемолизге ұшыратады.
Биологиялық гемолиз - жылан, карақұрт, шаян улары, ішек құрттары мен өсімдіктер беліп шығаратын улы заттар эритроциттер қабығын жидітіп гемолиз құбылысы болады.
Термиялық гемолиз - тоңазыған қанда.
Механикалық гемолиз - канды шайқаса, немесе көп уақыт тасты жерде жүгірсе, қатты қадам (маршировка) кезінде жартылай гемолиз болуы мүмкін
Электрлік гемолиз — электр тогінің әсерінен болады.


23.Тыныс алу түрлері.
Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет