1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Оларды тыныс алудың келесі негізгі кезеңдеріне бөлуге болады



бет22/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Оларды тыныс алудың келесі негізгі кезеңдеріне бөлуге болады:
• сыртқы (вентиляция және өкпедегі газдардың диффузиясы);
• оттегі тасымалдау:
• тыныс алатын маталар.


24.Жоғарғы жүйке әрекетінің нейрофизиологиялық механизмдері. Ес, оның түрлері.
Омыртқалы жануарлар мен адамның үлкен ми жарты шарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.
Жоғары дәрежедегі қызметтерге: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, шартты рефлекс
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатына орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген.
Жүйке жүйесінің негізгі қызметі –рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Барлық рефлекстер тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында сезгіш рецепторлар болады. Рефлекс болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек қан тамырлары рефлекстері болып бөлінеді. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлық доға қос нейронды, үш нейронды,көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу туады.
2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Жүйке орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік жүйке талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне апарады. Мұндағы жүйке орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлық доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс,егер бөлімдерінің біреуі бұзылса рефлекс пайда болмайды.
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөледі: тура және кері байланыс жолы деп. Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды. Рефлекторлық доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады.Орталық ЖЖ синапстар өте көп.ОЖЖ қозу бір бағытта ғана жүреді, пресинапстық бөлімнен постсинапстық бөлімге қарай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет