1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет54/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Гипофиздің гормондары

Аденогипофиз

Нейрогипофиз

Алдыңғы бөлігі

Ортаңғы бөлігі

Артқы бөлігі

1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ);
2. Тиреотропин (ТТГ);
3. Адренокортикотропин (АКТГ)
4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар)

1. Меланотропин (МТГ)

1. Вазопрессин;
2. Окситоцин

Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) – лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) және ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).




СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. .
СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады. Бойы 2 метрден асқан адамды а л ы п деп атайды. Бойы нашар өскен балаларды бұл гормонмен емдесе, олардың бойы 6 айдың ішінде 5-6 см өседі. Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей е р г е ж е й л і болады

Өсу гормоны көбейген жағдайда көбіне а к р о м е г а л и я (грек. акрон – соңғы, ақырғы, мегас - үлкен) байқалады , яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп, ұзарады. Бұл гормон шеміршек клеткаларын өсіріп, сүйектің өсуіне әсер етеді, жаңа қан капиллярларының пайда болуына ықпалын тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет