1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет56/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Несептің түзілуі. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы, екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы қантамырлардың қысымы жоғары болғандықтан сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп түзіледі.
Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. организмге қажетті заттар қантамырына кері сүзіледі. Ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты қажет емес заттар нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несепағар арқылы қуыққа барады.
Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқылдау. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы көптеген химиялық заттар. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.
Қуықтың құрылысы мен қызметі. Қуық – қуыс мүше. Сыйымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшықеттері - күшті сфинктер (гр. – қысып ұстаймын) бар. Бұл еттер жиырылып қуықты аштырмай несепті ұстап тұрады.
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығында несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері жұлындағы және мидағы орталықтарға барады (афферентті жол). Одан (ОЖЖ) тепкіш нервтері (эфференттік жол) арқылы қозу қуыққа келеді де қуық еттері жиырылып сфинктер босайды, қуық ашылады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді.
Энурез. Емшектегі балалар несепті рефлекторлы еріксіз түрде шығарады. Ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. 2 жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі. Бірақ сәбилердің 5-10%-да 13-14 жасқа дейін түнде еріксіз несеп шығаруы байқалады, яғни энурез (грек. ен -шығамын+ур – несеп) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет