1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қанның ұюы және оның маңызы. Тромбоциттер. Дене жұмысының қан ұюына әсері



бет57/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

49.Қанның ұюы және оның маңызы. Тромбоциттер. Дене жұмысының қан ұюына әсері.
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %.
Қанның қызметі: 1. Тасымалдау (клеткаларға аса кажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдайды және организмдегі зат алмасудан пайда болатын кажетсіз улы заттардың шығуына қатысады);
2. Дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады;
3. Организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді;
4. Мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Қанның құрамы. Қан пішінді элементтер, яғни қан жасушаларынан (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) және сүйық плазмадан тұрады. Қан жасушалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар.
Тромбоциттер. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердін өндірілуі төмедейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.
Қанның ұюы.
Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына катысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін
т р о м б деп аталатын қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті қүбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 - тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 - тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып калады да т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан кабыршағы түсіп калады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады.
Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет