51.Бұлшық ет-нерв жүйесі, оның құрылысы мен маңызы.
Бұлшық ет ұлпасының түрлері:
1-көлденең жолақ қаңқа бұлшық еттері
2-біріңғай салалы еттер
3-көлденең жолақ жүрек еті
Көлденең жолақ бұлшық ет ұлпасы:
1-ет талшығы
2-миофибрилл
3-протофибрилл
4-ядро
Бұлшық ет талшығы жиырылуының механизмі:
Бұлшық етке мотонейроннан импульстер келмей тұрғанда олар тыныштық күйінде болады.Тыныштық күйдегі ет талшығында миозин белогы, оған қажетті Mg2+ ионы, аденозин үшфосфат( АҮФ) қышқылы бар, бірақ АҮФ қышқылын миозин ыдыратпайды,себебі;
1) Са2+ иондары «босаңсу факторы» саркоплазма ретикулумдерінің цистерналары мен түтікшелерінде болады.
2) Актин белогі(жіңішке протофибрилдерді құрайтын) тыныштық күйінде тропонин белогімен қосылып белсенділігін жояды;
3) Тропонин белогі сонымен қатар миозинніңАҮФ қышқылын ыдырату қабілетін төмендетеді.
Біріңғай салалы еттер талшықтарының ұзындығы 50 – 400 мкм, диаметрі 2-10 мкм,микра түтіктер саңылауы – 60 – 150 нм-ден аспайды. Бұлшық ет жиырылуының режимдері:
1-жекеленген жиырылу; 2-тісті тетанус; 3-тегіс тетанус;
4-оптимум:
Жүйке жүйесі:
Жүйке жасушалары немесе нейрондар немесе нейроциттер (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.
Нейронның негізгі функциясы - бұл синапс арқылы химиялық немесе электрлік импульстар арқылы ақпарат алмасу (жасушалар арасындағы түйісу). Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |