1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Жүйке талшықтарынан қозу өту заңдылықтары



бет60/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Жүйке талшықтарынан қозу өту заңдылықтары
Жүйке талшығы морфологиялық, физиологиялықзақымданбаған, бұзылмаған,яғни тұтас, сау болу керек; мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы деп атайды. Мысалы, егер талшықты буса немесе қатты мұздатса не қыздырса, улы немесе есірткі заттармен (новакаин, кокаин т.б.) әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.
Екі бағытта өткізу. Бұл заңдылықты 1877 жылы Бабухин дәлелдеген. Егер аксонның екі бөліміне (А және Б) бір-бір жұп электр сезгіш құралмен жалғастырылған электродтар жалғап, оның арасындағы жүйке талшығын тітіркендірсе, туған қозу екі бағытта таралуына байланысты А және Б құралдары импульсін сезеді.
Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын бір жүйке озіндегі әртүрлі жүйке тармақтары арқылы қозу тек соны ғана бойлап таралып,көрші талшықтарға берілмей белгілі бір шеткі мүше өзіне тиісті қызметін атқарады. Мысалы, шонданай жүйкесі артқы аяқтар еттерін , сүйектерін, қан тамырларын түгелдей жүйкелендіреді.
Жүйке талшығы салыстырмалы шаршамайды, бұл құбылысты 1883 жылы Н.Е.Введенский ашқан.
Химиялық синапстардағы қозуды өткізу механизмі
Қоздырушы синапста:
Қозу серпінісі → жүйкенің ұшы (жүйке бұршағы) → пресинапстық мембрананың деполяризациясы (Са++ кіруі және медиатордың шығуы) → медиатордың синапстық саңылауға өтуі → постсинапстық мембранада медиатордың рецептормен байланысуы → ҚПСП → ӘП генерациясы.
52.Лейкоциттердің құрылысы, қызметі.
Қан пішінді элементтер, яғни қан жасушаларынан (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) және сүйық плазмадан тұрады. Қан жасушалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар.
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а)дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. Гранулоциттердін 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.
Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жүмысы, ас қабылдау, ұйқы т.с.с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцитарлық формуласы өзгереді. Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас корыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлык, формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет