1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Организмдегі заттар мен энергия алмасуы



бет73/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

66. Организмдегі заттар мен энергия алмасуы.
Зат алмасу-тірі организмдерге тән қасиет.Қоршаған ортамен зат алмасу-барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп,басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Нәруыздар аминқышқылдарына,көмірсулар глюкозаға, майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін энергия бөліп ыдырайды.Олар қан мен лимфаға өтіп, біздің денеміздің мүшелерінің барлық жасушаларына жеткізіледі. Жасушаларда біздің организмімізге тән нәруыздар, майлар мен көмірсулар биосинтезінің химиялық реакциялары жүреді. Бұл биосинтезге күрделі органикалық қосылыстар ыдырағанда бөлінген энергия жұмсалады. Яғни, биосинтезбен бірге бұрын синтезделген заттардың ыдырауы жүреді. Демек, бір процесс барысында энергия жұмсалады және жинақталады,ал келесі процесс барысында, керісінше энергия бөлінеді.
Осылай организм сыртқы ортадан оттек, органикалық заттар, минералды тұдар мен су алады. Сыртқы ортаға зат алмасудың соңғы өнімдерін:көмірқышқыл газын, су мен минералды тұздардың артық мөлшерін, сондай-ақ несепнәр (мочевина), зәр қышқылының тұздары мен басқа заттарды бөледі. Демек, организм мен сыртқы орта арасында зат және энергия алмасу үздіксіз жүреді, оның негізінде өзара тығыс байланысты, бір-бірінен ажырағысыз екі процесс жатыр. Бұл-пластикалық алмасу және энергетикалық алмасу.
Пластикалық алмасу- биосинтез реакцияларының жиынтығы; жаңа жасушалар, олардың органоидтері иен жасушаарлық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасушаның бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады. 
Энергетикалық алмасу- жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс.
Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері бірмезділде жүреді, олар өзара тығыз байланысты, бірақ жүру қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас кезде организм өседі әрі дамиды, оның жасушалары қарқынды бөлінеді. Бұл кезде пластикалық алмасу басым жүреді. Қартайған кезде, керісінше, энергетикалық алмасу басымырақ жүре бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет