1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Гипофиз, құрылысы, алып жатқан орны, гормондарының организмге әсері



бет78/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

70.Гипофиз, құрылысы, алып жатқан орны, гормондарының организмге әсері.
Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің «түрік ері» деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар.
Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі «түрік ері» сүйегінің өсуіне байланысты өзгереді.
Құрылысы жагынан гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған.


Гипофиздің гормондары

Аденогипофиз

Нейрогипофиз

Алдыңғы бөлігі

Ортаңғы бөлігі

Артқы бөлігі

1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ);
2. Тиреотропин (ТТГ);
3. Адренокортикотропин (АКТГ)
4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар)

1. Меланотропин (МТГ)

1. Вазопрессин;
2. Окситоцин



СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп, 3 айда біраз төмендеп, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл болады да, ержеткенде не бары 0,55 ммкг/мл ғана болады. Бұл гормонды 1945 ж Еванс пен Ли және Симпсон тек қана малдың безінен тапқан, ал 1948 ж жануарлардың 1956-1968 жылдары адамның безінен кристалл түрінде бөліп алынды.

СТГ-ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда болады. Организмде байқалатын СТГ-ның гипосекрециясында баланың бойы өспей ергежейлі болады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет