1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Гормондар, олардың құрамы, негізгі қызметі, организмге әсері



бет80/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

71.Гормондар, олардың құрамы, негізгі қызметі, организмге әсері.
Организмде бездер көп, барлық бездер деп екі топқа бөледі. экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі серкециялық) бездер деп.


Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге құйылады немесе дененің сыртына шығады . Сондықтан оларды сыртқы секрециялық бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады.


Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі гормон – өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл организмге әсер етеді.
Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.

Гормондардың қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты,
яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.

Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы гормондарды өндіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет