1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Шеткі және орталыќ жүйке жүйелерінің құрылысы, атқаратын қызметі



бет81/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

72.Шеткі және орталыќ жүйке жүйелерінің құрылысы, атқаратын қызметі.
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады.


Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құймшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.


Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Оның бойымен дененің барлық бөлімдерінен миға импульстар тасылады, ал мидан жүйке импульстары мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан. Адамның өмірі үшін маңызды рефлекстер және тізе рефлекстер жұлынның қатысуымен жүреді
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.

Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең маңызды бөлігі


Ми. Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: Миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІҮ- шығыршық, Ү-үшкіл, ҮІ- бет бұру, ҮІІ- бет, ҮІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет