1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет82/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми сыңарлары.


Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Соматикалық жж қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегментерінде, мидың барлық бөлімдерінде орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасқан. ВЖЖ жүрек пен ішкі мүшелерді және қан тамырларын жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады. Бұл екеуінің қызметі бір – біріне қарама-қарсы егер сим.ж.ж мүшенің қызметін күшейтсе, парасим.ж.ж оның қызметін керісінше төмендетеді.Сөйтіп организмнің функциялық тұрақтылығын сақтайды.


73.Эпифиз, құрылысы, алып жатқан орны гормондарының организмге әсері.
Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде оның ұзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста ұзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалыңдығы 3 мм болады.
Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан әрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан әрі қарай дәнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жасөспірімдер мен жігіттерде/бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бұл бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы түйіршіктерінің саны аздап кемиді.

Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген.


Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон — меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.


Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін реттесе, меланин теріні түссіздендіреді, демек екеуінің арасында қарама-қайшылық бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет