1. Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері


Жүйке-бұлшықет препаратын және бақаның балтыр бұлшықет препаратын дайындау



бет2/21
Дата19.12.2022
өлшемі87.6 Kb.
#467470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
1. Физиологиялы ызметтерді зерттеу дістері

2. Жүйке-бұлшықет препаратын және бақаның балтыр бұлшықет препаратын дайындау.
Жалпы, жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясы қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқу кезінде жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады. Көбінесе, оны бақаның артқы аяғынан дайындайды. Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен шонданай жүйесі табылады.
Жұмысқа қажетті құралдарға келер болсақ, бізге препарат дайындауға қажет құралсаймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа.
Жұмыс барысы:
Алдымен бақаны жансыздандырып аламыз, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп аламыз. Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып, қайшының көмегімен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратып аламыз. Сонымен, бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін аламыз да, біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап, екіншісімен теріні ұстап тұрамыз. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратамыз. Осылайша, эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.
Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстаймыз. Ұстаған кезде құйрық сүйегін жоғары қаратып, оны қайшымен кесеміз. Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударамыз да, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар аламыз. Бұл препараттың бірін Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсаймыз.
Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан бастаймыз. Сіңірдің астынан ұзына бойы сүйегінің астынан кесіп, өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын ұлпалардан ажыратамыз.
Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырамыз. Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз. Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.
Сонымен қорытындалай келе, препараттар- бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқу мен зерттеуде қажет болатындықтан қазіргі таңдағы қолданысқа ие. Препартты дайындап, оны зерттеу арқылы, біз адамдардың жүйке- бұлшықетін анықтап, олардың құрылысымен таныса аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет