1 геологиялық БӨлім 4 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



жүктеу 0.76 Mb.
бет12/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.1 Атмосфераны, литосфераны, гидросфераны ластану көзі ретінде технологиялық процестерді талдау


Біздің қарастырып отырған кен орындағы қоршаған табиғи ортаны ластайтын көздер газ өңдеу зауыты, кәсіпорынның жинау жүйесі, мұнай тауар парктері, сораптар, реагенттер қоймасы, тазалау құрылымдары, газ турбинды станциялары, резервуар парктері, газбен жанатын пештер болып табылады.

Ластауға әсер ететін көздердің бірі Жетібай мұнайгаз өңдеу зауыты болып табылады, оның негізгі технологиялық процестері мыналар:

Мұнайды 1-ші және 2-ші сатыда сепарациялау;

Мұнайды дайындау қондырғылары;

резервуарлы парктер;

Ілеспе газды қысу;

Моноэтаноламин ерітіндісімен газды күкірт сутек пен көмір қышқылдан тазарту;

Сілті әдісімен гшазды меркаптандардан тазарту;

Газды диэтиленгликолмен кептіру;

Жай күкіртті алу;

газды дайындау қондырғысы.

Кәсіпорынның жинау жүйесіне сепараторлар, факелдар жүйесі, дренажды ыдыстар кіреді, сондай-ақ олар атмосфераны ластайды.



5.1.1 Атмосфераның ластану себептері


Негізгі ластайтын заттар күкірт сутек, көмір сутек, меркаптандар, күкірт шаңдары, диэтаноламин (ДЭЛ), метил спирті, күкірт сутек тотығы, марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, қаракүйе.

Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пунктері 2-ші немесе 3-ші категориясына жатады.

Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резервуарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығатын трубалары, сораптар.

Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар: газды жағу факелдар, пештерден шығатын трубалар, резервуардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары.

Ластануға тікелей қатысы жоқ бөлініп шыққан заттар – көмір сутек және күкірт сутек.

5.1.2 Гидросфераның ластану себептері


Мұнай кәсіпшілігі қабат суларына және жер беті суларына үлкен әсерін тигізеді.

Мұнай кәсіпшілігінде мынадай ағын сулар пайда болады:

● Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған өндірістік сулар;

● Органикалық заттармен ластанған шаруашылық сулар;

● Қабат және жер беті суларының ластану себептері:

1. Тазаланбаған немесе жартылай тазаланған өндірістік және тұрмыстық ағын сулары;

2. Жер беті ағын сулары;

3. Дренажды ағын сулары;

4. Булану аймағына жоғары минералданған ілеспе қабат суының төгіліуі;

5. Құбырлардан, ыдыстардан және басқа да құрылымдардан улы сұйық материалдардың фильтрленгендері;

6. Ластайтын заттардың атмосфераға түсуі, яғни рельефтер және су объекттерінің бетіне қонуы;

7. Қалдықтар мен материалдарды сақтау орны, тасымалдау алаңы;

8. Төгілген мұнайлар, газ тазарту өнімдері, реагенттер және т.б.


5.1.3 Литосфераның ластану себептері


Литосфераға мұнай өндіру кешендерінің тигізетен кері әсері:

● Ескі нашар цементтелген ұңғылардан күкірт сутегінің жер қабатына жайылуы.

● Мұнайдың жерге төгілуі және материалдар мен қалдықтардың сақталуы.

5.2 Ұйымдастырылған шаралар


Қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша өтетін шараның жауаптысы қоршаған ортаны қорғау инженері. Табиғатты қорғау шарасының барлық жауапкершілігін өндірістің 1-ші жетекшісі атқарады.

Кәсіпорын аймағындағы экологияның бұзылуының азаюы бойынша ұйымдастырылған шараларға мыналар кіреді:

● Өндірістегі режимдер мен шикізаттарға бақылаудың автоматты жүйесін енгізу;

● Жұмысшыларды оқыту және үйрету;

● Ортаны және тастанды қалдықтарды бақылау жүйесін құру;

Бақылауды қажет ететіндер:

1. Өндірістің аса тиімді прцестерін, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерін қолдану;

2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану;

3. Жер беті және қабат суларын өндірістік қалдықтармен ластаудың алдын алу шаралары;

4. Авариялық ағын суларының алдын алу бойынша инженерлік шараларды іске асыру және өндіріс объектілерін экологиялы қауіпсіз пайдалану;

5. Өндіріс өнімдерінің және соған сай ластандырғыш заттардың өндіріс алаң бетіне түсуін болдырмау.

5.3 Инженерлік қорғау және табиғатты қорғау шаралары


Жобалау және экологиялық тазалау технологиясын енгізуден, жаңа тазарту системасын енгізуден, экологиялық өнімді шығарудан басқа әрдайым табиғатты қорғау шаралары қажет.

5.3.1 Атмосфераны қорғау


Атмосфераның зиянды заттармен ластануын азайту үшін қауіпсіздік техникасын сақтау қажет және қондырғылардың бұзылмауын, беріктігін қадағалау қажет. Сондай-ақ ластануды шектеу бойынша технотогиялық шешім енгізу қажет.

Атмосфераның ластануын шектеу бойынша жобада келесі негізгі технологиялық шешімдер қарастырылады:

ТУ-39-РК1168001-97 сәйкесінше мұнай өнімінде күкірт сутектің құрамы аса шектеулі болуы керек.

5.1 кестесінде ауа атмосферасында зиянды заттардың ПДК мәні көрсетілген, сол арқылы жобаның қазіргі технологиялық процестер қарастырылған:

1. газды тазарту;

2. ілеспе газдың алдын ала тазартырылуы;



Зауыт тоқтап, қондырғыны ауыстырған кезде газдың күкірт сутегімен бірге шығуын және сақтандырғыш клапандардан газдың шығуын алдын алу үшін жанғанда ыс шығармайтын факел қарастырылған.
5.1 – кесте Ауа атмосферасындағы зиянды заттардың ПДК-сы

Заттардың атаулары

Тұрғылықты жерде

Жұмыс зонасында

Азот диоксиді

0,085 // 0,04 мг/м

2,0 мг/м

Азот оксиді

0,085 // 0,04 мг/м

5,0 мг/м

Аммиак

0,2 // 0,04 мг/м

20,0 мг/м

Бензапирен

0,1 мкг/100м

0,00015 мг/м

Диэтаноламин

0,05 мг/м

5,0 мг/м

Керосин

1,2 мг/м

300,0 мг/м

Салицилді қышқыл

0,01 мг/м




Күкірт қышқылы

0,3 // 0,1 мг/м

1,0 мг/м

Сірке қышқылы

0,2 // 0,06 мг/м

5,0 мг/м

Кремний диоксиді

0,02 мг/м

2,0 мг/м

Ксилол

0,2 мг/м

50,0 мг/м

Марганец

0,01 // 0,001 мг/м




Мыс оксиді

0,002 мг/м




Меркаптандар

0,00009 // 0,1 мг/м

0,8 мг/м

Натрий карбонаты

0,04 мг/м

2,0 мг/м

Қалайы оксиді

0,02 мг/м




Органикалық емес шаң тозаң

0,15 // 0,05




Қара күйе

0,15

0,05 мг/м

Күкірт сутек

0,008 мг/м

10,0 мг/м

Қорғасын

0,00033 мг/м

0,01/0,005 мг/м

Күкірт көміртегі

0,03 // 0,005 мг/м

3,0 мг/м

Көміртегі оксиді

5,0 // 3,0 мг/м

20,0 мг/м

Көмірсутегі

1,0 мг/м




көміртегі

1,0 мг/м

10,0 мг/м

Фтор

0,7 мг/м

0,05 мг/м

Ұңғы өнімдерін жер қоймаларына құю рұқсат етілмейді. Ол үшін саға маңындағы аудандар және бетондалған құдықтар қарастырылады.



5.3.2 Гидросфераны қорғау


Қазіргі жоба бойынша гидросфераны қорғау үшін мыналар қарастырылады:

- Механикалық және биологиялық тазартудың жаңа жүйелері;

- Қабат суларын дайындаудың әлемдік тәжірибесін қолдану;

- Ауамен суыту аппараттарын қолдану арқылы сумен қамту жүйесін қолдану;

Амин құрамды ағын суларын микробиологиялық тазарту қарастырылған. Ал, техгологиялық тазарту аэробты және аэробты емес микроорганизмдерді қолдануды қарастырады.

Жобада ағын суларының жер бетіне төгілуін қарастырылмайды.

Жоғары арынды саңылаусыздандырылған жүйенің орынды пайдалануы қоршаған ортаны және гидросфераны ластамайды.

Құбырлардан аққан зиянды сұйық заттармен судың ластануына жол бермес үшін жобада мыналар қарастырылады:

1. Канализацияның тазарту құрылымынан мұнай өнімдері технологиялық процестеріне оралады;

2. Сусызданған механикалық қоспалар қалдықты залалсыздандыру қондырғысына жөнелтіледі;

3. Қысымның көбейген кезінде жүйеде автоматты түрде мұнайды қондырғыға жіберу құбыры жабылады;

4. Егер гидродинамикалық зерттеу, жер асты және күрдеоі жөндеу жұмыстары орындалса, онда ұңғыны сынау және меңгеру кезінде қабат флюиді шығуы мүмкін;

5. Қабат суларының ластанған аймағындағы қабат суларының сапасы мен деңгейін бірқалыпты режиммен бақылау ұйымдастырылады;

5.3.3 Литосфераны қорғау


Жер қойнауын ластайтын деңгейді төмендететін шаралар 4-ке бөлінеді.

1. Ұйымдастырылған шаралар;

2. Технологиялық шаралар;

3. Проектілі-конструкциялық шаралар;

4. Санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар;

Ұйымдастырылған шаралар: қалдықтармен айналысатын ұйым; кен орын территориясы бойынша техникалар және авто көліктер қозғалысы мен ұйымы;

Технологиялық шаралар: Бұрғылау, қондырғыны тасымалдау, техникалық қайта құнарлату кезінде жер бедерінің ластануымен байланысты жұмыстарды жүргізу.

Проектілі-конструкциялық шаралар: Табиғатты қорғау органдарын бақылайтын игеру жобаларын тексеру және үйлестіру; жер қойнауының ластануының төмендеуіне бағытталған проектілі-конструкциялық шаралар шешімдерін қолайлы таңдау.

Санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар: Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды көметін жерлерді үйлесімді таңдау және ұйымдастыру; аса қауіпті инфекциядан адамдарды эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында жерді биологиялық қайта құнарландыру экономикалық тұрғыда қарастырылмаған. Осыған байланысты тек қана жерді мынандай техникалық қайта құнарландыру шаралары қарастырылған:

● темір-терсек жинау;

жер бедерін жобалау;

● уақытша су ағындарын реттеу және т.б.;

Қалдықтарды жою және жинауды ұйымдастыру

Қалдықтардың негізгі жиналатын жерлері:

1. мұнай кәсіпшілігі;

2. құрылыс алаңдары;

3. өндірістік базалар;

4. вахталы поселкісі;

Осыдан басқа кішігірім өндірістік, құрылыстық және көмекші алаңдар бар.

Қалдықтарды жою және жинау әдістерін таңдау кезінде келесі факторларды ескеру керек: жергілікті жер бедері мен географияның ерекшеліктері, жердегі сулардың жағдайы мен ерекшеліктері, жиналған атмосфералық жауын-шашындар, жер жағдайы, дренажды жағдайлар, осы территорияның экологиялық сезімталдығы, ауа атмосферасының сапасы және басқа да геологиялық пен экологиялық жағдайлар.

Литосфераны тиімді қорғайтын мынадай шаралар бар:

● бұрғылау жұмыстары кезінде жерге тиісті шараларды ескеру;

● құм жолдарының санын шектеу;

● жерді құнарландыру шараларын іске асыру;

● жер жағдайына бақылауды ұйымдастыру;

Адамға әсер ететін қоршаған ортаны ластайтын қауіпті заттар шу, электромагниттік және радияциялық сәулелену, лазерлер және ультрадыбыстар болып табылады.

Атмосфераның ластануы құрылыс материалдарының, резиналық, металдық және басқа да бұйымдардың тез бұзылуына себеп болады. Химиялық құрамы күрделі болатын заттар халық денсаулығына ең үлкен қауіп төндіреді. Сонымен бірге жұмысқа қабілеттілікті азайтып және науқастануды көбейте отырып ел экономикасына да кері әсер етеді.


ҚОРЫТЫНДЫ


Тұжырымдар мен ұсыныстар

Жетібай кен орнында мұнайды жинау жүйесі негізінен қабылданған орналасу жобасына сәйкес жүргізіледі. “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының кәсіпшілігінде жұмыс істеп тұрған скважиналардың сағаларында мұнай-газды қоспаның табиғи арынын пайдаланатын мұнай жинаудың “Гипровостокнефть” бір құбырлы жүйесі қолданылады.

Қабылданған жинау жүйесі жобада қарастырылған мұнайды жинау мен дайындаудың барлық кешенін қамтамасыз етеді. Мұнайды сусыздандыру мұнайды айдау мен дайындау цехында (ЦППН) УДО-2м типті қондырғыда жүзеге асырылады. Осы жерде мұнайды тұзсыздандыру да жүреді. Деэмульсациядан кейін сусыздандырылған мұнайдың құрамындағы судың үлесі 2 пайыздан аспайды. Қазіргі уақытта 10 қондырғы жұмыс істейді, қондырғылардың әрқайсысының өнімділігі шегіне жетіп қалды. Сондықтан деэмульсациялық қондырғылар паркінің қуатын күшейту қажет. Мұнайды сусыздандырғанда деэмульгатор ретінде “Прогалит” қолданылады. Ол жоғары тиімділік көрсетумен ерекшеленеді. Бірақ ол улы және қауіпті.

Дипломдық жобаның техника-технологиялық бөлімінде жүргізілген есептеулер сепаратор мен кәсіпшіліктегі құбыр диаметрінің дұрыс таңдалғанының айғағы. Скважиналардағы газ факторын өлшеу үлкен мәселе. Нашар изоляцияның салдарынан, номинал кернеулермен қамтамасыз етілмегендіктен скважиналар ингибиторлық және катодты қорғауға толық алынбаған. Скважиналардан топтық қондырғыларға дейінгі (ГУ) лақтыру желілерінде қолданылатын жылумен оқшаулау (теплоизоляция) жүйесі оларда қысқы мерзімде мұнайдың қатуына қарсы келе алмайды. Бұл скважиналардың тоқтап қалуына әкеледі және желілерді үзу мен скважиналарды іске қосу жұмыстарындағы қиыншылықтарға себепші болады.

Жабдықтар мен техникалық құралдардың кейбір түрлерін қолданудың тиімділігі төмен. Құбырларды ішкі коррозиядан қорғау үшін Dodіcor V4712 ингибиторы қолданылады. Коррозия жылдамдығы жылына 3-5мм. Экономикалық бөлімде осы ингибитордың тиімділігі есептеледі. Ол 193391,31 долларды құрайды.

Сондықтан, жинау коллекторларын коррозиядан қорғау үшін құбырлардың ішкі бетін полиэтиленмен қаптасақ, көміртегі газын (СО2) құрғату үрдісінің қажеті болмайды. Бұл пайдалану шығындарын азайтады.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Туякбаев С.Т. Геология и разработка нефтяных месторождений на Мангышлаке.

2. Отчет за 2002 год НГДУ «Жетибаймунайгаз».

3. Муравьев В.М. Эксплуатация нефтяных и газовых скважин – М. Недра, 1978г.

4. Гиматудинов Ш.К., Дунюшкин И.И. и др. Разработка и эксплуатация нефтяных и газовых и газоконденсатных месторождении – М. Недра, 1988г.

5. Бухаленко Е.И. Нефтепромысловые оборудование: Справочник – 2-е изд. М. Недра, 1990г.

6. Джиенбаев К.И., Лалазарян Н.В. Сбор и подготовка скважины продукции на нефтяных месторождениях. Алматы, 2000г.

7. Уманский Л.М., Уманский М.М. Экономика нефтяной и газовый промышленности. М. Недра, 1974г.

8. Юрчук А.С. Расчет нефтегазовых добычи. М. Недра, 1976г.

9. Оркин К.Г. Расчеты в технологии и техники добычи нефти. Недра, 1967г.



10. Сулейманов М.М. Охрана труда в нефтяной безопасности. 1985г.

11. Домин П.А. Справочник по технике безопасности. 1985г.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет