1. глоссарий аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Аудиторлық стандарт



жүктеу 1.3 Mb.
бет5/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ұзақ мерзімді активтер аудиті қалай ұйымдастырылады?

2.Негізгі құралдардың аудиті қандай сұрақтарды қарастырады?

3.Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы қандай?



Тақырып 7. Инвестициялау кезеңінің аудиті
Дәріс сабағының мазмұны:

1.Қаржылық салымдар аудиті

2. Инвестициялау циклының аудиті

1. Қаржылық салымдар аудиті

«Инвестициялар – капиталдың ұзақ мерзімді салымдары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және шаруашылықтың басқа салаларына жұмсалатын шығындар жиынтығы. Инветицияларға мыналар жатады: пайда (табыс) алу мақсатында және жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу үшін кәсіпкерлік объектілер мен қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсаты банк салымдары, пайлар, акциялар мен басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдық, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілері, несиелер, кез келген басқа мүлік пен мүліктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар».

«Нақты инвестициялар (күрделі салымдар) – негізгі капитал мен материалды-өндірістік босалқы қорлар өсуіне салынатын салымдар. Қазіргі негізгі капиталдың бұйымдық элементтері өскен жағдайда рухани өндірістік күштер, өндірістің ең белсенді элементіне айналып отырған интеллектуалдық потенциалы дамуына салынған салымдар өсіп келеді. Сондықтан ғылымға, білімге, кадрларды дайындау мен қайта дайындауға жұмсалатын шығындар шын мәнінде өнліруші болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл шығындар бұйымдық нысандағы негізгі капиталға салынатын салымдардан өсу қарқыны бойынша алды болады.

«Қаржылық инвестициялар – табыс (мысалы, сый ақы, роялти, дивиденттер мен жалақысы) алу, басқа пайдаларды немесе инвестицияланған капитал өсімін алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында ұйым иелік ететін активтер».

Қаржылық инвестициялар иелік ету мерзіміне сай төмендегі категорияларға жіктеледі:

- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылға дейін;

- ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылдан жоғары. Жылжымайтын мүліктегі инвестицияларға иелік ететін ұйымдар осы инвестицияларды ұзақ мерзімді каржылық инвестициялар ретінде ескереді.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер), басқа ұйымдардың бағалы қағаздары мен жарғылық капиталына салынған, сонымен қатар басқа кәсіпорындарға берілген қарыздар.

Ұзақ мерзімді инвестициялар мыналармен байланысты:

- жаңа құрылыс нысанындағы күрделі құрылысты іске асырумен, сонымен қатар өндірістік емес сфералардың әрекет етуші кәсіпорындары мен объектілерін қайта құру, оларды техноикалық қайта жабдықтауды кеңейтумен;

- ғимараттар, бөлмелер, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар мен басқа негізгі құралдардың жекелеген объектілерін сатып алумен;

- жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілерін сатып алумен;

- материалдық емес сипаттағы активетрді сатып алу және құрумен (лицензиялар, бағдараламалық өнімдер паетенттері, жер учаскелерін, табиғи ресурстарды, ТКҒЗЖ нәтижелерін және басқаларды пайдалану құқығы).

Қысқа мерзімді инвестициялар - өз табиғаты бойынша оңай сатылатын, олар бір жылдан артық емес мерзімге сақталады деп болжанылатын инвестициялар.

«Инвестициялау» сөзі кең мағынасында болашақта үлкен сома алу үшін ақшалардан бүгін айырылу дегенді білдіру. «Инвестициялау» мен жинақтау арасында жиі айырмашылық арасында жиі айырмашылық жүргізіледі. Жинақтау «кейінге қалдырылған тұтыну» ретінде анықталады.

Қарапайым экономикада инвестицияның негізгі бөлігі нақтыға жатқызылады, ал қазіргі экономика кезінде инвестицияның үлкен бөлігі қаржылық инвестициялармен көрсетілген. Қаржылық инвестициялау институттарының жоғары дамуы елеулі дәрежеде нақты инвестициялар өсуіне көмектеседі. Әдетте осы екі нысан бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырушы болып табылады.

Осындай байланыстың нақты мысалы, тұрғын үй құрылысын жалға беру үшін қаржыландыруды көрсетеді. Жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияны нақты ретінде қарастыру үшін уй түйсік арқылы жеткілікті сезілетін объект болып табылады («кірпіш және цемент»). Жер мен салынған уйге төлеу үшін ресурстарды қайдан алуға болады? Олардың бір бөлігі тікелей инвестициялар нысанында алуға болады».

Егер кәсіпорынның қаржылық жағдайы жеткілікті түрде тұрақты болса, оның инвестициялық қызметі қолда күштерді өсіруге немесе құрал-жабдықты радикалды жетілдіруге бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда инвестициялық процесті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – ұзақ уақыт ішінде кәсіпорынды тез және сапалы дамыту үшін алғы шарттар құру.

Тұрақсыз қаржылық жағдай кезінде ксәіпорынның инвестициялық қызметінің акценті бірінші кезекте экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен бәсекелік қабілетті қолдау және содан кейін ғана барып, кәсіпорынның біртіндеп дамуы жағына қарай ойысады. Бұл жағдайда кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы негізінен тозған құрал-жабдықты қандай да бір алмастыру немесе қолдау туралы ұсыныстарды сақтайды.

«Жылдық инвестициялық бағдарлама – компанияның өзінің инвестициялық қызметін жүргізетін негізгі құжаты. Әдетте оны дайындау келесі жылға арналған компания бюджетін дайындаумен бір мезгілде басталады».

Біріншімен қатар екінші жағдайда бағдарламада келтіріледі:

- алдағы шығындар туралы мәліметтер;

- қажетті құрал – жабдықтар, жұмыс, қызмет көрсету тізімі;

- жекелеген шараларға жауапты тұлғалар;

Инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдау үшін кәсіпорын басшылығына оның тиімділігін бағалап, қай мерзімде салынған қаражаттар қайтып келетінін анықтау қажет. Осының бәрі бухгалтерлік есептің жақсы ұйымдастырылған жүйесін, кәсіпорын басшысы тарапынан жедел басқаруды талап етеді.

Аудитті жүргізу кезінде ең алдымен инвестициялық бағдарлама болуы және кәсіпорын әкімшілігі тарапынан оның орындалуын бақылау қарастырылады.

Сонымен бірге әдетте инвестициялау процесімен екі фактор, уақыт және тәуекелдік байланысты болады. Ақшаны қазір және белгілі көлемде салуға тура келеді. Сыйақы кейін, әрине болса түседі және оның шамасы алдын ала белгісіз. Кейбір жағдайларда уақыт маңызды фактор болады (мысалы, мемлекеттік облигациялар үшін). Басқа жағдайларда тәуекелдік басты болып табылады. (оның ішінде қарапайым акцияларды сатып алуға арналған опциондар үшін). Кейбір жағдайларда екі фактор уақыт пен тәуекелдік елеулі болып табылады.

Жобаны бағалай отырып, кәсіпорын басшылары ол кәсіпорын мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келер мерзімді деген мәселені, салынған қаражаттарды жоғалтып алу тәуекелдігі қаншалық үлкен екенін шешеді. Бұл кезде олар әрқашан келісімге келе бермейді, себебі олардың әрқайсысы табыс, тәуекелдік, инвестицияны ендіру мерзімі, оның мақсатының кәсіпорын міндеттеріне сәйкестігі, көбіне оның мүмкіндігі туралы жеке түсінігі болады.

Бұл көптеген кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлары, инвестициялық бағдарламалары жоқтығына байланысты. Кәсіпорынның стратегиялық жоспары мынандай сұрақтарға жауап беру керек.

- Табыстың ең төмен шамасы қандай және жобаға салынған капиталдан алынатын қандай табыс кәсіпорын үшін жарамды;

- Инвестицияның максималды рұқсат етілген көлемі қандай;

- Оптималды болып табылатын жобаны іске асыру мерзімі;

- Ресурстрадың қай бөлігі қысқа және ұзақ мерзімді жобаларға бағытталады;

- Нақты жобаны іске асырудан кәсіпорын беделі қандай болады;

- Қандай типтегі және масштабтағы жобалар кәсіпорынның ұйымдық және қаржылық мүмкіндігіне сәйкес келеді.
2. Инвестициялау циклының аудиті

Аудитор, аталған факторлар сақталатын жобаға терең қаржылы талдау жасаумен қатар, бизнес – жоспары мәліметтері бойынша тәуекелдіктің алдын алатын мүмкін жолдар мен әдістерді талдаумен қатар, оның негізгі факторларын баяндау жүргізілуі қажет тәуекелдікке талдау жүргізеді. Тәуекелдікті талдауда отандық және шетелдік инвесторлар бірдей ақпараттық жағдайда болуы керек және жалпы тәуекелдік үлесін саналы түрде қабылдау керектігімен де маңызды.

Кредит Дебет Кредит Дебет

3320-3330 5420

4110,3360 2210 2210 7400

Қаржылық салымдарды есепке алуды аудиторлық тексерудің басты мақсаты инвестициялар бойынша операциялардың заңдылығын, оларды және бухгалтерлік есепте бағалаудың дұрыстығын дәлелдеу болып табылады.

Ұзақ мерзімді инвестициялардың бухгалтерлік есебі типтік шоттар жоспарының 2210 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар», 2210 «Тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялар», 2210 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар», 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвыестициялары», 1130 «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», 1110 «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар» шоттарында жүргізіледі.

Инвестициялар шоттарының дебеті бойынша акцияларды сатып алу, тегін алу аудитнің бағыттары, сонымен қатар баланстық құн өсуінің туындаушы сомалары және орын алған бағамдық айырмашылықтар көрсетіледі.

Кредит бойынша операциялар шығару кезінде, сұрапыл апат, тәуелді, еншілес ұйымдар және бірлесе бақыланатын заңды тұлғалар активтерін қайта бағалау нәтижесінде үлестік қатысу сомасына инвестициялардың баланстық құны азаюы нәтижесінде инвестицияларды есептен шығару бойынша аудит бағытын көрсетеді.

Инвестиция аудитінің жеке бағыты объектілер құрылысы бойынша жылжымайтын мүлікке қаражаттар салу, қаржыландырылатын, жалға алу және сатып алу болып табылады.

Инвестициялау циклы аудитін жүргізу кезінде сәйкессіздік орын алуын және олардың қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау мақсатында кәсіпорында қолданылатын қаражаттарды салу бойынша операцияларды есепке алу әдістемесінің Қазақсатан Республикасында әрекет ететін нормативтік – құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.

Инвестициялау циклы бойынша негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар 1 - кестеде көрсетілген.


Инвестициялау циклын реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар



Құжаттың аты

1

27.12.1994 ж. №269-ХIII ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 2 «Заңды тұлғалар», 3 «Азаматтық құқықтық объектілер» тараулары

2

12.06.2001 ж. №209-2 ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (18.03.2004 ж. өзгертулермен және толықтырулармен)

3

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңы 02.07.2003 ж. №401-2 (07.07.2004 ж. өзгертулермен және толықтырулармен)

4

«Валюталық реттеу туралы» ҚР заңы 14.04.1993 ж. (20.07.1995 ж. өзгертулермен және толықтырулармен)

5

«Инвестициялар туралы» ҚР заңы 08.01.2003. ж. №372 -2

6

«Қазақстан Республикасындағы кевсеольдік айналым туралы» ҚР заңы 28.04.1997 ж. №97-1 (09.07.2003 ж. №482-2 өзгертулермен және толықтырулармен)

7

«Қаржылық инвестициялардың есебі»,8 Бухгалтерлік есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиисиясының 1996ж. 13 қарашадағы №3 қаулысы (28.01.2003 ж. №27 ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)

8

«Тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялардың есебі», 14 Бухгалтерлік есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлььық комиссиясының 1996 жылы 14 қарашадағы №14 қаулысы (ҚР Қаржы министрлігінің 30.11.2002 ж. №593 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)

9

«Шетелдік валютамен орнындалатын операциялардың есебі», 9 Бухгалтерлік есеп стандарты, ҚР Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комссиясының 1996 жылығы 13 қарашадғы №3 қаулысы (ҚР Қаржы министрінің 28.08.2002 ж. №390 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен)

10

8 «Қаржылық инвестициялардың есебі» стандартына әдістемелік ұсыныстар, ҚР Қаржы министрлігінің БЕ және АМД 21.05.1997 ж.№7 бұйрығы

11

14 «Тәуелді ұйымдарға салынған инвестициялардың есебі» стандартына әдістемелік ұсыныстар ҚР Қаржы министрлігінің БЕ және АМД 23.12.1997 ж. №18 бұйрығы

12

9 «Шетелдік валютамен орындалатын операциялардың есебі» стандартына әдістемелік ұсыныстар, ҚР Қаржы министрлігінің БЕ және АМД 21.05.1997 ж. №7 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігініңт05.02.2003 ж. №44 бұйрығымен енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен)

13

«Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарастыру және келісу бойынша нұсқауды бекіту туралы», ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің 27.01.2003 ж. №16 – ОД бұйрығы

14

«ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттік төрағасының 27.01.2003 ж.№16 – ОД бұйрығына –өзгерістер енгізу туралы», «Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларды) қарастыру және келісу бойынша нұсқауларды бекіту туралы», ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігінің 24.05.2004ж №238 ОД бұйрығы

Аудитті жүргізу кезінде бухгалтерлік есепте бағалы қағаздарды (опционарды, фьючерчтерді, своптарды және т.б.) шығару, орналастыру және айналымға ендіру бойынша операцияларды көрсету заңдылығы мен дұрыстылығын тексеруді іске асыру қажет.

Аудитор сатып алу кезінде қаржылық инвестиция сатып алу құнымен бағаланатынын білу керек.

Сатып алу құны сатып алумен байланысты барлық шығындардан тұрады. Сатып алу бойынша шығындарға жататындар:



  • Қор биржасының комиссиондық қызметі;

  • Брокер немесе диллердің, оның ішінде банктік қызмет көрсетудің комиссиондық қызметі (банк боркер немесе диллер ретінде жүргенде).


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Инвестициялар аудиті қалай ұйымдастырылады?

2.Инвестициялар аудиті қандай сұрақтарды қарастырады?

3.Инвестициялар аудитінің бағдарламасы қандай?



Тақырып 8. Міндеттемелер және капитал аудиті
Дәріс сабағының мазмұны:

1.Міндеттемелердің аудиті

2.Капиталдың аудиті
1.Міндеттемелердің аудиті

Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі.



Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

- банктердің ұзақ мерзімді қарыздар;

- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар;

-мерзімі шегерілген корпоративтік табыс салығы.

Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1 жылдан астам мерзімге, әдетте, жаңа техниканы енгізі шығындарына, өндірісті кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.

Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар: 3010 «Банк қарыздары», 3020 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3000 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылады. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттары 1060 бөлімшенің «Басқа да ақшалай қаржылар», 3390 «Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек», 3310 «Берушілермен және мердігерлермен есеп айрысу» және басқа шоттармен корреспонденцияға алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебит бойынша – ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар сомасы беріледі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың Бас кітаптың жоғарыда аталған шоттары мен журнал-ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.

Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», баптары аналитикалық есеп мәліметтері негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аудару тиіс.

Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен заңдылығын да, сондай ақ оларды өтеудің толықтығы мен мерзімділігін тексеру тиіс.

Сонымен қатар аудитор қарыз және алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай-ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтау тиіс.

Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздр шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетін назарда ұстауға тиіс.

Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 3010-3050 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебит бойынша айналым-қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым- қарызға алынған соманы көрсетеді.

Алынған қарыздар сомасы 1060 «Басқа да ақшалай қаржылар» бөлімшесінің 1050 «Шетел валютасындағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша», 3390 «Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек», 3310 «Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.

Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі

а) қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезең шығыстарына жатқызудың дұрыстығы;

ә) 3000 бөлімшенің «Қарыздар» шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы;

б) баланста «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімшесінде «Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі;

в) қарыздардың өтеу мерзімі осы бап бойынша соманың негізділігін анықтау қажет,

г) овердрафт, сенімді клиентке оның жолындағы қалдықтан тыс берілетін қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай-ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.

3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» шотына аналитикалық есеп, қарыз берушілермен бөлек қарызды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі.

Банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге « Серіктестік» кредит түрінде болады.

Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері.

Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:



  1. төлем тәртібін сақтауды тексеру.

  2. Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру.

  3. Кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру

  4. Есептеулерді реттеумен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім – шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпте сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық берешектің есептік кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:

1.Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер.

2.Алынған аванстар

3.Салықтар бойынша берешек

4.Төленуге тиісті дивиденттер

5.Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша берешек.

6.Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек

7.Басқадай кредиторлық берешек.

«Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын 3310 «Төленетін шоттар» шотымен салыстырылуы қажет, ол мыналар үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:

а) алынған ТМҚ мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;

ә) алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп – қисап құжаттары әлі түспеген жұмыстармен көрсетілетін қызметтер;

б) қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығы мен айналымнан тыс активетер;

в) тасымалдау мен т.с.с. бойынша алынған қызметтер.

Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бағдарламасын жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін айқындауы тиіс.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есеп жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 4230 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбек ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжатар уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулар және т.б. басшылыққа алынады.

Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 4230 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен кәсіпорын балансындағысымен салыстыру қажет.

Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар-жоғын т.б. анықтайды.

Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табельін, сондай-ақ еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар-жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар менжұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөнднрін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтермен салыстыру керек.

Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар-жоқтығын, бір адамның аты-жөндері бірнеше есептеу-төлемдік тізімдемелерде қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.

Бастапқы құжаттар мен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.

Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:


  • Төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;

  • Жұмыстың қалыпты ауытқумен байланысты қосымша ақыны рәсімдеу мен іркіліс төлем;

  • Құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлем;

  • өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;

  • түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;

  • жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті төлеу;

  • мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу,

  • іс жүзінде заңнамада қарастырылған жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

  • уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;

  • жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Тексеру қортындысында мыналарды анықтау қажет:

  • шығыстарды уңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;

  • жеке төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы,

  • бухгалтерлік өткізбе желілері еңбекті өтеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;

  • синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойына бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;

  • 4230 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты арқылы орындайтын қағаз және депозитке салынған еңбек ақы, 8,10 журнал-ордерлердегі жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан аналиткалық есеп жазбаларына сәйкестігі.


2.Капиталдың аудиті

Меншікті капитал аудитінің негізгі мақсаты – кәсіпорындағы қалыптасқан капиталдың құрылуы мен пайдаланылу дұрыстығын және оның бухгалтерлік есепте бейнелену негізділігін тексеру.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құкьіктарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар ез қызметін бастау үшін бастапкы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық кұрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек. Аудитор осы құжаттардың бар болуын тексереді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың акшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кұрьштайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рүқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Жарғылық капитал — "жарғы" деген сөзден алынған — ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын қызметінің тәртібі, немесе актив қүндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.

Акционерлік қоғамның жарияланган жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) қүнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылык. капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғам жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарғылық капиталдың колда бары және козғалысы 5000 "Шығарылған капитал", 5110 "Төленбеген капитал" шоттары енетін бөлімшесінде жүргізеді.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық қүны төленсе, онда ол: 1010,1030 дебеті бойынша және 5100 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдык, құны негізгі қүралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2410,2710,1310,1320 және 5100 шоты кредиттеледі.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда онын үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді,тек катысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Төленбеген капиталдың аудиті. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке түлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық корына қоскан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинакталады. Аудитор осы төленбеген капитал бойынша операциялардың дұрыстығын тексереді.

5110 "Төленбеген капитал" шоттардың жұмыс жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ 5100 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналмаған жалған капиталдарды тіркейді.

Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400 "Резервтік капитал" белімшесінің пассивті шоттарында жүргізіледі.

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың аудитінде аудитор серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарын(жарғысын) тексереді,сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өткенін қарайды. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мелшері жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды калыптастырған (құраған) кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

Басқа да резервтік капитал есебі. "Баска да резервтік капитал" шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген еңтеменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

Аудитор ұйымдағы резервтік капиталдың бар болуын және оны қалыптастыру бойынша жасалған бухгалтерлік шоттар байланыстарын тексереді.

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің типтік жоспарындағы табыстар шоттарында жүргізіледі.

Аудитор меншікті капиталдың қалыптасуы мен пайдаланылуын тексеріп, оның қорытындыларын аудиторлық есепте көрсетеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Меншікті капитал аудитінде не тексеріледі?

2.Ағымдағы міндеттемелер аудиті қалай жүргізіледі?

3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудитінің бағдарламасы қандай?

4.Бюджетке төленетін салықтар қалай тексеріледі?

1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет