1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар



бет13/35
Дата06.02.2024
өлшемі149.7 Kb.
#490984
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
охт сессия (копия)

Гетерогенді химиялық процесстер екі немесе одан көбірек фазалардан тұрады. Мынадай екі фазалық системалар бар: газ-сұйықтық (г-с), сұйық-қатты ( С-Қ) және газ-қатты (Г-Қ).
Кез келген гетерогенді химиялық үрдіс 3 бірінен соң бірі кезектесіп жүретін сатыдан:
• Фазалар айыру бетіне бастапқы реагенттердің диффузиялауы;
• Химиялық реакция;
• Реакция аймағынан түзілетін реакция өнімдерін диффузиялаудан тұрады.
Өндірістік тəжірибеде гомогендіге қарағанда, гетерогенді үрдістер көбірек тараған. Бірқатар өндірістерде үрдістің жалпы жылдамдығын анықтайтын Г – С, Г – Қ, С – Қ шекарасында гетерогенді реакциялар жүреді.

  • Химия өнеркəсібінде Г-Қ жүйесінде каталитикалық емес үрдістер кең қолданылады. Оларға қатты сорбенттерде газдардың адсорбциясы мен десорбциясы, қатты заттарды буландыру жəне буларын конденсациялау, қатты отынның пиролизі, қатты материалды əртүрлі күйдіру түрлері жатады. Г-Қ жүйелері үшін қатты материалдарды күйдіру жəне адсорбция үрдістерінн сипаты жақын.

Күйдіру- қатты жəне газ тəрізді өнімдерін алу мақсатымен, қатты материалдарды жоғары температурада қыздыру

  • Г-С жүйесіндегі химиялық гетерогенді процестерінде реакциялар негізінен сұйық фазада жүреді. Г-С жүйесі үшін абсорбциялық жəне десорбциялық процестер, конденсация, булану, дистиляция, ректификация тəн.

Абсорбция — газ жəне сұйық күйдегі заттардың барлық массасы бойынша басқа затқа сорылуы.
Десорбция — сұйық немесе қатты дене бетінен, осы сұйықтың (қатты дененің) бетінде жұтылған зат бөлшектерін аластату; адсорбцияға кері процесс.
Булану - өнімді қыздырып, газ күйге ауыстыру.

  • Гетерогенді жүйеде С-Қ реакция үшін рециркуляциялық сорғысы бар автоклав типті реакторды пайдаланады. Бұл реактор процесті жүргізу кезінде механикалық араластыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Əдетте мұндай автоклав жоғары қысым мен температурада жұмыс істейді

С-Қ жүйесіне адсорбция, еріту, экстракция, кристализация тән. .
Адсорбция - газды, буды немесе ерітінді ішіндегі затты бет қабатына сіңіру.
Десорбция — сұйық немесе қатты дене бетінен, осы сұйықтың (қатты дененің) бетінде жұтылған зат бөлшектерін аластату; адсорбцияға кері процесс.
Еріту — өнімді қыздырып, сұйық күйге жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет