1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар



бет26/35
Дата06.02.2024
өлшемі149.7 Kb.
#490984
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
охт сессия (копия)

29. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) туралы жалпы мәліметтерді көрсетіңіз. ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз
Жоғары молекулалық қосылыстар (полимерлер) - бұл өте үлкен молекулалық массасы бар заттар, олардың молекулаларында мономер атомдарының қайталанатын топтары болады.
Жіктелуі:

  • Химиялық құрамы бойынша полимерлер : органикалық, бейорганикалық жəне элементоорганикалық болып бөлінеді.

  • Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, жасанды жəне синтетикалық болып табылады.

  • Полимерлердің мономерлі байланыстарының құрамы бойынша жіктелуі полимерлерді гомополимерлер мен гетерополимерлерге бөледі.

  • Негізгі тізбектің құрылымына байланысты мыналар бөлінеді: гомо жəне гетеро тізбекті полимерлер.

Жоғары молекулалық қосылыстар алыну тəсіліне байланысты полимерленген қосылыстар - полиқосылу реакциясы бойынша алынған қосылыстар (полиэтилен, полипропилен, солистирол жəне т.б.) жəне поликонденсациялы қосылыстар – полиалмасу реакциясы бойынша алынған қосылыстар (полиамидтер, полисилоксандар, феноло- жəне карбомиформоальдегидті қосылыстар жəне т.б.) деп бөлінеді..
Механикалық қасиеттері:
• серпімділік - салыстырмалы түрде аз жүктеме кезінде жоғары қайтымды деформациялану қабілеті
• шыны тəрізді жəне кристалды полимерлердің аз сынғыштығы
• қаттылық
• жұмсақтық
Медицинаның әртүрлі салаларына полимерлердің өте кең қолданылуы кездеседі: науқастарға күтім жасайтын заттарды, арнайы ыдыс — аяқтарды және дәрі-дәрмектерге арналған әр түрлі қаптамаларды жаппай шығаруға мүмкіндік береді. Медицинада жиі қолданылатын полимерлер-силикондар.. Силикондар бетке, сүт бездеріне косметикалық операциялар жасау үшін, катетерлер, жүрек клапандары, күйіктер кезінде терінің бетін қорғауға арналған пленкалар жасау үшін қажет.
Медицинада қолдану бойынша 3 топқа жіктеледі:
-Ағзаға енгізуге арналған полимерлер: ішкі протездер, пломбылар, желімдер,
қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, антидоттар;
-Ағзамен жəне оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлер: хирургиялық құралдар, шприцтер, медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері;
-Ағзаға енгізілмейтін жəне ағзаға енетін заттармен түйіспейтін полимерлер: лабараториялық ыдыс, штативтер,операция бөлмелері жабдықтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет