1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет17/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
РК химия

Эквиваленттің молярлық массасы – бір моль эквивалент заттың массасы,
заттың
молярлық массасы
мен эквиваленттік
фактордың
көбейтіндісіне тең:
Моляльдық концентрация –еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына
қатынасы.
Ерітінді титрі (Т) – еріген зат массасының ерітінді көлеміне қатынасы, яғни, 1
мл ерітіндідегі заттың граммен алынған массасы: m x( )
17. Сұйылтылған бейэлектролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері. Осмос.
Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Қан плазмасының коллоидтық-осмостық
(онкотикалық) қысымы.
Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері - салыстырмалы сипаттамалары еріген
заттың табиғатына тəуелсіз, текбөлшектерінің санына ғана тəуелді қасиеттері:
-
ерітіндінің бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының таза еріткіштің бетіндегі
қаныққан бу қысымына қарағанда салыстырмалы төмендеуі;
-
ұшпайтын заттардың ерітінділерінің кайнау температурасының таза еріткіштің
қайнау температурасына қарағанда салыстымалы жоғарылауы;
-
ерітіндінің кату температурасының таза еріткіштің кату температурасына
қарағанда салыстымалы төмендеуі;
-
осмос жəне осмостық қысым,
Осмос – еріткіш молекулаларының өздігінен жартылай өткізгіш мембрана арқылы
сұйылтылған ерітіндіден концентрлі ерітіндіге қарай бағытталған түрде өтуі.
Осмостық қысым (пи) — осмосты тоқтату үшін ерітіндіге қажет қысым, Яғни, осмос
құбылысын туғызатын күш.
Вант-Гофф заңы: Берілген температурада сұйылтылған ерітіндінің осмостық қысымы
еріген заттың молярлық концентрациясына тура пропорционал.
пи= CRT,
мұндағы
С- ерітіндінің молярлық концентрациясы, моль/л;
R - 8,314 Дж/(моль К) тең болатын универсалды газ тұрақтысына
сəйкес шама
Т- температура, К.
Адам қанының осмостық қысымы температура 310 К (37°С)-қа тең болғанда 780
кПа (7,7 атм) құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет