2.4 Практикалық жұмыс барысы
Диплом жұмысымыздың практикалық бөлімі №4 оқу ғимаратының кіреберісін безендіру барысында алғашқы әрекетіміз ғимараттың кіреберіс бөлмесін өлшемдерін шештік. Келесі эскиздер орындадық бірнеше нұсқасын. Эскиздер, сызбаларды қарастыра отырып, эскиздің негізгі нұсқасын жасадық эскизге қарай отырып матиралдар тізімі жасалды.
Интерер ішіне мантаж жұмысы жасалды. Интерердің төбесін төмен түсірілді аспалы төбе жасалды. Ескі есіктер өңделіп жөнделді.
Келесі интерер қабырғаларын төбесін әрлегіш материалдар алинекс пен әрлеу жұмыстары жұргізіледі. Интерер еденіне кафл төселіледі. Кафел екі түрлі түстен тұрады түстер ақ және сұр. Қабырғалар және төбе боялады. Осы жұмыстар орындалып болғаннан кейін.
Дайындалған пенопластарда интерер төбесінде керілген сымдарға бекітеміз. Пенопласттың ойығынан көгілдір түс көрініп тұрады.
Диплом жұмысымыздың практикалақ бөлімін орындау кезінде интерерді көркем безендіру әдіс тәсәлдерін іс жүзінде жасап көріп көтеген әдістерді ұйреніп меңгердік.
Практикалық жұмыс эскиздері орындалды. Эскиздерде интерердің барлық жағынан көрсетілген франталды көрінісі, жазбасы, қосымша көріністері.
Эскиздер планшеттерге орындалып қорғуға дайындалды.
3 Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық өнеріміздің маңызы
Халықтың сәндік-қолданбалы өнері-көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі мен өшпес мұрасы. Сәндік – қолданбалы өнер туындылары – кез-келген ұлтың әдет-ғұрыпының, көркемдік салт-дәстрдің бет пердесі, сонымен бірге сол халықтың көркем тәжрибесі мен тарихының ескеркіші. Кейбір кезде осы бір сәндік қолөнері болсын басқа да мәдени мұраларымызбен руқани құндылықтрымызды танып білуге дәрменсіздік көрсетіп жүрміз. Сол себепті бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі қолданбалы сәндік қолөнерін жан-жақты зерттеп, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің мол мұраларын бойларына сіңіре отырып,тәрбилеу арқылы, бойларына рухани және эстетикалық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі өсіп отыр.
Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолданбалы сәндік қолөнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнер, әшекейлеу өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилеуде тиімді пайдалана білу болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік және рухани өміріндегі жаңа бетбұрыстарға сәйкес жаңа талаптар қойып отырған кезде көркем білім мен эстетикалық тәрбиенің біздің қоғамдағы маңызы зор.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнынын ала білді. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестывалық өнер жиынтығынан тұрады. Шын мәнінде осы қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, сәндік өнерлері ғасырлар қойнауынан бастау алады.
Халқы өзінің күн көріс тіршіліктің қажеттілігінен үй-жай салу, киім-кешек тігу, азық- түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсіп етіп, оларды күнбе-күн тіршілік барысында орынды пайдаланды және әсем бұйымдар жасап өмірде сән-салтанат құра білді. Бұдан біз халықтың творчествасын қандай түрі болса да халық өнерінен, сол халықтың қоғамдық тарихымен күнкөріс кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Көшпенділердің өмір салтымен, наным-сенімімен тамырлас жалпы күмбезді архитектураның дүниеге келуіне киіз үйдің әсері бар деген ой ғалымдар арасында кең тарап жүр.
Киіз үй бүткіл бітім-көркімен көшпенділер ұғымын бейнелейді. Көшпенді халықтардың сәулет, қолөнер, сурет өнерлерінің басын құрайтын ғажайып туынды – киіз үй. «Атамыз алаш, керегеміз ағаш» немесе «киіз туырлықты ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз қалдырған бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй. Ағаш, ши, теріден ғана құрастырылған, әрі көшпелі тұрмыс тіршілігіне арналған киіз үй, дала ойшылдары мен тұрғындарының тапқырлық шешімі. Жалпы, киіз үйдің үлкен – кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі-үш қанаттан бастап, он екі, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Керегенің басы 70-80-нен 360-қа дейін барады. Хан сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан 30 қанатқа дейін барған. Қазақтың киіз үйінің шаңырағы, уықтары және оның ішкі мүліктері ежелден қалыптасқан тәртіппен жиналған. Киіз үйдің ішкі тысындағы мүліктердің баршасында тұтынушылық қасиетіне қоса, міндетті түрде символикалық мәні мол, жиһаздар,ою- өрнектермен безендірілген.
«Халықтың қолөнеріне әдет-ғүрып жабдықтарымне қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құралдар-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқым, арқан жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекелейтін болды. Қолөнерде көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданылған әдістер архитеркура кеңінен қолданылып келеді» - деп жазды өнер зерттеуші Т.Бәсенов өзінің «Орнамент Казахстана в архитектуре» (1957 ж.) атты еңбегінде.
Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі сәндік ою-өрнектер ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалаған дінгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары. Қазақ халқының: «Өнер көзі-халықта», немесе «қарыс қазы-балықта, қалың қазна–халықта» деген мақалдары да өнер молшылығына туындаса керек.
Біздің халқымыздың мәдени құндылықтарының бірі ертедегі зергерлік өндірістің техникалық және көркемдік ерекшелігі із – түссіз жоғалып кеткен жоқ. Зергерлік өнер халықтың қолданбалы сәндік қолөнерінің басқа түрлері секілді тәлім-тәрбиелік, эстетиқалық, танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилегенде тиімді пайдалана білу маңызды. Халқымыздың қолөнері ішіндегі, зергерлік өнердің тамырының теренде жатқанын, ескі қорғаннан табылған «Алтын адам» киімінен көруге болады. Зергерлік өнердің туындылары жауға – айбар, жақынға – мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартатын болған. Және ұзатылатын қыздың сән-салтанатты, жасауы ретінде арнайы дайындалып, ұзату тойына берілген.
Қола мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар ертеде ақ Қазақстаннан тыс аймақтарға да әйгілі болған.Геродот: «Қиырдағы елдер бізде өте аз кездесетін және өте қымбат бағалы заттар көп болады» деп қазіргі Қазақстан жеріне арнап айтқан.
Ә. Марғұлан Ежелгі мәдениет куәлары «Қазақстан» баспасы Алматы- 1966. б.71. Мамандар ескі рудниктер туралы зерттеулері өте ертедегі өндірілген мыс, мырш, алтын қорларының көп мөлшерде болғандығын растайды. Ол рудниктер металлургия өндірісін шикізатпен толық қамтамасыз ететін.
Б. з. б. І мыңыншы жылдары қола құю өнері ерекше өркендеген. Балшық, металл, тас қалыптарға тұрмыс қажетіне керекті заттар құйып алатын. Қазақ жерін мекендеген тайпалар құйып алу техникасының күрделі әдістерін меңгерген. Бұл жөнінде Тасмола зиратынан табылған және өте жақсы сақталған бірнеше қола қоңырауға тоқталған жөн. Олар «Қалыбын жоғалту» әдісімен (методом утраченной модели) құйылған. Б. з. б. І мыңыншы жылдары Европа мен Азияның далалы аудандарын мекен еткен халыхтардың көркемдік творчествасында өзіндік ерекше бағыт шықты. Бұл зергерлік әшекей бұйымдарға тікелей қатысты. Өнердің хайуанаттар дүниесінің бейнелерін басым пайдалану нәтижесінде, бұл жаңа бағыт «скиф-сибирьлік хайуанаттар стилі» аталып кетті. .
Б. з. б. бірінші ғасырларда, біздің өлкені мекендеушілерде «полихром стилі» аталған жаңа бағыт шықты. Жаңа бағыт көптеген техникалық және көркемдік ерекшеліктермен сипатталады. Бұл дәуірдің өнері түгел алтынға негізделген «полихром стиліне» тән тағы бір қасиет, бүйымдарды әшекейлеудің техникалық тәсілдердің алуан түрлілігі: инкрустация (түсті тастармен безендіру), скань (шымыр сымдармен шеттеу немесе көмкеру), зерен (негізінен алтын дәндер қондыру), бөліп тұратын эмаль (әрбір ұяшаларды арнаулы қоспалармен толтыру), тағы басқалар.
Қазақ қолөнер бұйымдары, киім үлгілері өзінің ою өрнегімен ерекшелінеді. Өнертанушы В. Чепелов «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін секілді» - деп жазған еді. Қазақ өнеріндегі оюлардаң негізгі тобы касмогониялық, зооморфтық, геометриялық және өсімдік тәріздес болып келеді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынын іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді: мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді.
Қазақтың ұлттық киім-кешектері жергілікті ерекшелікке бейімделе тігілген. Киімдер екі бағытта ерлерге және әйелдерге арналып, жас ерекшелігіне байланысты әшекейленіп, оюлар түсірілген. Жастарға арналған киімдерде әшекейі көп болып, кәрі кісілердің киімін өрнек аз немесе мүлде салынбаған. Киімдер сәнді және күнделікті киюге арналып тігілген.Сәнді киімдердің ою-өрнегі өте әсем, әшекейі көп болған.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқ қолөнерінің ғасырлар сынынан өтіп, бүгінгі таңға дейін жетуі және одан жетілуі оның өміршеңдігін, ұлттық киімдерді әшекейлеу әдістері мен түрлері халықтың салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқандығын көрсетеді. Қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын, сәндік-қолданбалы өнер түрі, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор.
Ертедегі грек ойшылдары адам жанында әлемге, қоршаған ортаға, өнерге деген эстетикалық талғамы, көзқарасы, сезім арқылы жетеді деген. Сол адам жанында әлемге деген эстетикалық көзқарасты жаратылыстың және өнердің сұлу заттары оятады. Осы өнер туындылары адам жанының әр түрлі сезімдерін сиқырлау арқылы адам жанында сұлулық толқындарын оятып, адамның өнер туындыларына, әлемге деген эстетикалық көзқарасын қалыптастырады.
.В.Г.Белинский айтқандай: «Сезім-білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де» Шәкіртің сезімі үлкендер таныстырған шығарманың тілін,әсемділігін, құндылығын,түсініп, оны ұғу процесінде дамиды.Ұлтық нышанда жасалған көркем шығарма өз ұлтық өнерінің әдемілігін түсінуге және қоршаған ортаны эстетикалық тұрғысынан қабылдауға,сонымен қатар этикалық түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың тек машықтылығын ғана жетілдіріп қоймай, олрды халықтың сәндік-қолданбалы өнер түрлерерімен таныстыру .
Ол негізінен, шәкіртердің бойында мынадай қасиеттерін қалыптастырып, дамытуға жағдай жасайды деп есептеймін:
а)Халықтық сәндік-қолданбалы өнер арқылы ол өз халқының мәдениетімен тарихынан мағұлмат алып танысады;
ә)Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері өзінің ұлтық бояу нақыштарымен ерекшеленеді, осы үлтық бояуларды эстетикалық үйлесімділігін бойына сіңіріп өскен шәкірт, болашақ шығармашылығында өзінің ұлттық нақыштарымен ерекшеленетін, өнер туындыларын өмірге әкеле отырып, ұлттық өнерді болашаққа жалғастырушы және насихаттаушы ретінде қалыптасады;
б) Жасөспірімге эстетикалық тәрбие беру барысында ұлттық мәдени мол қазынаны, рухани тәжрибені тануға үйрету оқушылардың ұлтжандық қасиетін қалыптастырып қоймай, оның сезімін тәрбилеп, көркем талғамын жетілдіруге игі әсер етеді;
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері, жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда және адамзаттың рухани мәдени байлығын тынымсыз суара беретін бұлақтың қайнар көзі болып қала береді.
Сондықтан біздің мақсатымыз – шәкірттердің сәндік-қолданбалы өнерді оқып зертеуге деген қызығушылығын артыру және оны эстетикалық тәрбие берудің құралы ретінде пайдалану.
3.1 Технолгияны оқыту әдістемесі
Әрбір мемлекеттің болашағы оның мектебінен, отбасынан шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында. Өйткені барлық мектептердің ішіндегі сан жағынан болсын алдыңғы орнында және мемлекеттік тілде білім беретін бұл мектептер еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде айрықша орынға ие. осы жерде біз алдымен, бүгінгі қазақ мектептерінде «технология» сабағындағы ұлттық қолөнер дәстүріне, жалпы этномәдениеттің даму жайына ерекше тоқталғымыз келеді. өйткені бұл сабақтағы қолөнер бұйымдарын оқушыларға жасату арқылы білім беру мәселесі тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениетін нығайтуға себеп бола алады. Ал бұл салаға байланысты қазақ мектептерінде білім беру спасын арттыру оған қатысты сандық көрсеткіштердің өсуіне тікелей байланысты. Қазақ мемлекетінің түп қазығы қазақ мектептерінің желісі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері едәуір кеңейді.
Қазақ тілінде білім беру мазмұнындағы технология сабағы бұрынғы ақтаңдақтардан арылып, айтарлықтай байытылды, мұғалімдерге арналған қосымша дидактикалық материалды және олар байқаудан өтуде. Қазіргі кездегі іскерлік, еңбек заманында технологияның тез ауысуына байланысты адам өз кәсібін еріксіз өзгертуіне тура келетініне әлемдік тәжірибе куә. Осыған орай, еңбек пәні арқылы оқушылар, адамдағы әр түрлі бағыттағы іскерлік пен біліктілік және технология әлемінен, оның мәдениетінен жан-жақты танысуына тура келеді. Жалпы технологиялық өзгерістер және қоғамдық индустрияның әсері қазіргі кездегі жұмысшыларға жаңа функцтоналды талаптарды қоюға мәжбүр етті, ал одан алынған өнім бөліктеріне қойылатын талаптар күшейіп, жұмысшылардың іскерлігін жобалап, шығармашылық жұмыстарына жол ашылып отыр. Жұмысшылардың бұл қасиеті ерте жастан қалыптасып, оқу және еңбек мерзімінде де қатарласып дамуы тиіс. Соңғы жылдары технология пәнінің мазмұны, қолдану аймағы оның түсінігі күрт өзгерді. Қазіргі өзара тығыз байланыстағы кезде ол адамның материалды, көтеріңкі, сол сияқты әлеуметтік, бір-бірімен байланыс деңгейін іскерлігін қамтиды. Технология пәнін біз әдістемелік және жүйелік білім аймағы деп анықтаймыз. Оның ішінде адам баласының ынтасындағы материалдар, қуат және анықтамалар, қоғамды, табиғатты қорғау т. б. Технология бұрынғы әдістемелік мазмұнды жаңа талаптарға сай бағыттап оқытады. Оның негізгі оқыту бағыты сана сезімді дамыту, ондағы жаңа талаптарды қабылдауға және іске асыруға кең жол ашады.
Олар:
- аймақты кешенді ойлау;
- қажетті хабарларды өз бетінше іс жүзінде айқындау;
- тың білімдерден үздіксіз хабардар болу, олардың әдістемелік құрамдас бөлігін қайта жаңғырту іскерліктері т. б.
Батыс Еуропадағы көптеген елдерде оқушывларды еңбекке баулуға дайындау саласы 1988 бері өте кең көлемде өріс алған. Ұлыбританияда мемлекет аралық экономикалық одақтың құрылуына байланысты бес оқу құралдары бар. Олар:
- дизайн және технология;
- өнер және дизайн;
- ақпараттық технология ;
- бизнес;
- үй үнемі кәсіпкері.
Бұлар батыс еуропадағы технология мемлекеттік пәніне жаңадан енгендер. Оның басты мақсаты оқушыларды өмірлік еңбек жолына дайындау, тәрбиелеу. Болгарияда еңбек және технологиялық дайындықта 9-10 сынып оқушыларын оқытудың өте қызықты тәжірибесі жүргізілген. Ал ең негізгі роботты техника әдістемесі Германияда қарқынды дамуда. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан республика жалпы мектеп оқушыларын технологиялық дайындықтан өткізуде. Оның негізгі білім беру мақсаты оқушыларды еңбектегі іскерлікке дербес дайындау, ой-өрісі дамыған, білімді, мәдениетті, шығармашыл жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Бұл мақсат мыналарды көздейді:
-
жастардың дүниетанымын дамыту, техника негіздерімен, жаңа жетістіктер технологияларымен, экономикалық және кәсіпорындық білімін жетілдіру мен таныстыру;
- қолөнер материалдарын көркемдеп өңдеуде, соның ішіндегі еңбек мәдениеті, отбасында, ұжымда келіспеушілікті болдырмау.
Бұл үшін оқушылар қажетті мүмкіндіктерін анықтауы қажет. Олар:
- туындаған ойларды іске асыру;
- Технологияны талдау, өнімді, істі құрастыруды ойластыру;
- жұмысты жоспарлау;
- ұйымдастыру және орындау;
- жұмыстың әрбір кезеңіне баға бере білу;
- өзіңнің іскерлігіңді болжау;
- шығарған өнімдеріңді саутты тарату.
Қазіргі технология пәні мұғалімі, мектеп басшысы педагогтар ұжымындағы және сыныптағы жеке адамдар арасындағы қарым- қатынас қай бағытта, қалай жүзеге асатынын әрбір жеке оқушының өзіне, айналадағы адамдарға, еңбекке, қоғамға деген көзқарастарының дамуын бақылап, талдай білуі тиіс. Сонда ғана әрбір оқушының қандай ісмерлікке бейімділігін технология пәні мұғалімі оңай анықтай алады. Қоғам өзгерісіне қарай ой өзгереді, әсіресе нарықтық жағдайдағы экономикалық қиындықтар технология пәні мұғалімінің психологиясына әсер етпей қоймайды ( мысалы, шикі заттардың, тікелей қажетті материалдардың, балалардың жұмыс істейтін құрал-саймандарының жоқтығы немесе жетіспеушілігі т. б. ). Сондықтан қазіргі кездегі әлеуметтік мінез-құлықты, психологиялық, психикалық реттеу механизмдерін түсіне білудің маңызы зор. Технология пәні мұғалімінің, оқушылардың жақсы ынтамен жұмыс істеуге ынтасын оятуға мүмкіндігі бар, ал кәсіптік шеберлігін қалай шыңдатамыз деген сұраққа мұғалімнің де шығармашылық шеберлігі де қажет. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский «педагогтар ұжымының шығармашылық еңбегі мен мұғалімнің педагогикалық мәдениеті, оқыту ісіне басшылық, сабақты талдау, оқу жылын қорытындылау, мұғалімнің шәкірттермен қарым-қатынасы туралы айта келіп, оқу-тәрбие үрдісі ғылымның, шеберліктің, өнердің қосындысы » -деген.
Технология пәнін ғылыми тұрғыда басқару дегеніміз:
- өткен сабақтың нәтижелеріне терең де жан-жақты педагогикалық талдау жасау;
- іскерлікті оқыту мен оған тәрбиелеудің мақсатын жоспарлау;
- практикалық сабақтарда, оқу-тәрбие існде материалдық қаражатты және педагогикалық, рухани күш-жігерді аз жұмсап, жетістікке қол жеткізетін тиімді жолдарын іздестіру;
- оқушылардың ата-аналармен бірлесе отырып, тығыз байланыста жұмыс істеу, тәжірибе алмасу;
- технология сабағында оқу-тәрбие мазмұны мен әдістерін ғылыми негізде жүргізуді жетілдіру;
- оқушылардың іскерлігі мен біліктілігін, шығармашылық белсенділігін ұдайы көтеріп отыру т. б.
Технология пәні мұғалімі білімдар, іскер, тәжірибелі мұғалім, әрі психолог болуы тиіс. Сонымен бірге тәжірибелі әрі іскер мұғалім, өз ісін жетік біліп және оқушылардың талантын, шығармашылықпен ынтымақты еңбек ететіндігін, олардың достық қарым-қатынасын ажырата, сезе, байқай білгендігіне де көп нәрсе байланысты. Технология пәні мұғалімін толғандыратын, шешімін күткен мәселелер толып жатыр.
Олар:
- оқушылардың іскерлігі мен біліктілігіне, оған тәрбиелеуге қалай басшылық етукерек;
- мектеп өмірі сияқты күрделі механизмнің барлық бөлшектерін қамту үшін оқушылардың еңбегін қалай ұйымдастырып, жоспарлап бөлу керек;
- ата-аналарды балаларын еңбекке, іскерлікке, ұлттық қолөнер арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеуге қалай үйрету керек;
- мұғалімнің оқушыларға білім берудегі оларға басшылық етуде жоғарыдан формализм мен әкімшілік қыспағын жасауға қалай жол бермеу керек;
- оқушылардың білім алған іскерлік- еңбектеріне, біліміне, шеберлігіне тікелей немесе жанама түрде қалай араласу керек.
Технология сабағында әдістемелік кешендері оқыту жүйесін қайта құруды кең таралып кеткен үйреншікті кемшіліктерді жоюдан бастаған жөн, біздің ойымызша, олар төмендегілер:
- технология пәні оқушыларының жұмыс атқаратын аймағының ( обьектісін) жай-күйін;
- Оқушылардың біліктілігі мен іскерлігінің сапасы;
- жұмыс істеу кезіндегі мінез-құлқы;
- оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс;
- оқушылардың сабаққа қатысуы және т. б.
Бұл ережелерден хабарсыз болған технология пәні мұғалімі оқушылармен белгілі бір алдағы кезеңде атқарылатын іске немесе жұмысқа нақтылы талдау жасауды және болатын істің жоспарын белгілей алмайды. Бұл жұмысты ұйымдастырудың мәні менмақсатын жете білмей әрекет етеді. Оқу жылының аяғында, жыл бойы оқылған теориялық және сарамандық ( практикалық) білім берудегі жылдық жоспарға сай « Өткен оқу жылына талдау» - деген бөлімді жан-жақты қарған жөн. Өкінішке орай, біз тәжірибе кезінде мұндай талдауларды ешқандай мектептерден кездестіргеніміз жоқ, ал оның орнына оқушылардың білім жүйесінің төмендігін немесе іскерліктің қалай келгенін айтумен ғана шектелулер бар. Олар:
- мұғалімнің үлгермей жатқан оқушыны дер кезінде анықтай алмауы, оған бақылауды өте таяз жүргізуі;
- оқушылардың жасаған бұйымдарының кемістігіне талдау жасалмағаны;
- жасалған бұйымдарға салыстырмалардың болмауы немесе ол салыстырмалар сауатты өткізілмегендігі т. б.
Көптеген мектептерде жіберілген кемшіліктердің фактілерін санамалау бар да, кемшіліктің себебін ашу саласы мүлдем жоқ.
Сонымен, ең алдымен , технология пәні мұғалімдері өздерінің кәсіби білімін жетілдіруі қажет. Сонда ғана оқушыға жүйелі білім беріледі.
3.2 Техналогия пәнінің сабақ жоспарлары
Пән:
Сыныбы: 6-шы сынып.
Сабақтың тақырыбы: Халық тәлімі. Тал бесікті тербеткен бесік жыры.
Сабақтың мақсаты: Ең алдымен тал бесікті тербеткен махаббатқа толы әлди бесік жыры екенін түсіндіру. Бесікке байланысты тиымдар мен рымдарды үйрету, бесік жырлары тұралы айту.
Тәрбиелілігі: Ата-анаға деген құрметін аттыра отырып, мейрімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бесік макеті мен қанатты сөздер.
Сабақ түрі: Кездесу сабағы сыныптағы көп балалы, ардақты анамен кездесу.
Сабақ барысы:
1 ұйымдастыру кезені
2 жұмбақ шешуден басталады
Әрі төсек ,
әрі үй – бұл не? (бесік)
Келген қонақты таныстыру «Бесік жыры» - жайлы кіріспе сөз.
Бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тікелей айту үшін ғана шығарылған емес. Ырғағы бесіктін тербелісіне келетін сыбырлы екпінді айтатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады, ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Баланың келешегіне ұміт артып, тілек айта отырып оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұр сәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Ата-ана жатқа айтатын тілектерді тілі шыққан балдырғандар да жаттап әр түрлі дамиды, сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларының мазмұнына қарай әр түрлі болады.
Бесік жыры: шілдехана жыры, бесікке бөлу жыры, жұбату тілек айту, батиа тілек.
Бесік жырын жаттап айту арқылы баланың ойы, тілі, эстетикалық білімі дамып, қалыптасады Адамгершілік сезімі артып, бөбекке деген сүйіспеншілігі қалыптасады.
Бесік жырының отбасындағы тәрбиелік мәні зор. Ол болашақ әулеттің қамқорлық, борыштық, дәстүрлік, рәсімдік қасиеттерін де қалыптастыруға себебін тигізеді.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Тұнде бесік тербеткен.
Ақыл айтып мәпелеп,
Ана жаным ол менің.
«Ана туралы жыр» әні орындалады.
Бесікке байланысты әжеміздің ырым-тиым нақыл сөздерін еске сақтап жүрейік.
-
Құр, бос бесікті тербетпе.
-
Бесікті бір қолмен тербетпе.
-
бесікті жатқан сәбиді сүйме, мазалама.
-
бесікті теппе, аттама.
Сабақты қорытындылау.
Пән: Еңбекке баулу
Сыныбы: 3-ші сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қозғалмалы ойыншық жасау.
Сабақтың мақсаты: Қозғалмалы ойыншықтың жасалу әдісімен танысу, оқушылардың шеберліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: шаблондар, дайын ойыншық түрі.
Сабақтың түрі: теориялық және практикалық.
Сабақтың типы: жалпы қағаз өңдеу әдісі жөнінде аоған тәжірибе, білімдерін арттыру, дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка сабағы.
Сабақ жоспары:
-
Ұйымдастыру -3 минут;
-
Өткен тақырыпты пысықтау -10 минут;
-
Техника қауіпсіздігі ережесімен танысу -5 минут;
-
Жаңа тақырып түсіндіру - 20 минут
-
Практикалық жұмыс;
-
Қорытындылау.
-
Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа қатысуын, үй тапсырмасын, сабаққа дайындықтарын тексемемін.
-
Өткен тақырыпты пысықтау:
Өткен сабақта қағазбен жұмыс жасау әдістерін еске түсіру.
Қағаздың шығу тарихын еске түсіру. Қағазды үнемдеу пайдалануға үйрету.
-
Қауіпсіздік ережелері:
Жұмысымыз сапалы жеңіл орындалу үшін сабақ кезінде пайдаланатын құралдарымыз өте өткір болады. Сондықтан қайшымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Және осы ережелердің жұмыс процесі кезінде сақталуын ұдайы қадағалаймын.
-
Жаңа тақырып:
-
Ал енді, балалар, бүгін «сайқымазақ» ойыншығының жасалу жолдарымен танысып, оның бөлшектерін жасап үйренеміз.
-
Балалар, сендер «сайқымазақты» қайдан көресіндер?
-
Оның ерекшелігі қандай?
-
Ол сендерге неге ұнайды?
-
Дайын шаблондар балаларға тараптылып беріледі.
«Сайқымазақты» дайындау үшін қатты картон қағаз, жіп, акварель краскасы қажет екенің айтамыз.
-
Практикалық жұмыс:
Оқушылар дайын шаблондарды пайдалана отырып, жұмысты бастаймыз. Мұғалім оқушыларға жұмыс барысында көмек беріп отырады.
-
Қорытынды:
Жасалған қозғалмалы ойыншықтарын жинап алып, оқушылардың жұмыстарын бағалаймыз. Олардың сәл жіберген қателіктері болса айтып қорытындылаймыз.
Оқушыларға жұмыс орындарын жинатып, тазалық сақтау ережелерін орындатамын
Қорытынды
«Кез келген халықтың алыс заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі , салт дәстүрі , материалдық және рухани мұралары - сол халықтың ғұмыр жолының айнасы». (А. Сейдембеков «Күңгір- күңгір күмбездер» 14 бет)
Халықтың сәндік-қолданбалы өнері-көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі мен өшпес мұрасы. Сәндік – қолданбалы өнер туындылары – кез-келген ұлтың әдет-ғұрыпының, көркемдік салт-дәстрдің бет пердесі, сонымен бірге сол халықтың көркем тәжрибесі мен тарихының ескеркіші. Кейбір кезде осы бір сәндік қолөнері болсын басқа да мәдени мұраларымызбен руқани құндылықтрымызды танып білуге дәрменсіздік көрсетіп жүрміз. Сол себепті бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі қолданбалы сәндік қолөнерін жан-жақты зерттеп, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің мол мұраларын бойларына сіңіре отырып,тәрбилеу арқылы, бойларына рухани және эстетикалық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі өсіп отыр.
Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолданбалы сәндік қолөнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнер, әшекейлеу өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилеуде тиімді пайдалана білу болып табылады.
Жаңа Қазақстанның оқу жүйесінің сапасын арттыруда оқытушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайының маңызына ерекше көңіл бөлу қажет. Оқытушыларға қазіргі таңда үлкен жоғарғы талаптар қойылып отыр. Оқу процесі кезінде оқытушының жан-жақты болуы білімінің деңгейі және оның психологиялық жағдайы үлкен әсер етеді.
Түсніктеме хаттаманың бірінші тарауында халқымыздың ұлттық мәдени құндылықтарының сәндік қолданбалы өнер түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталды. Теориялық бөлімінің екінші тарауында ағаш өңдеу тәсілдері және олардың ұлт мәдениетіндегі ролі қарастырылды. Осы тараудың бөлімдерінде халқымыздың мәдени құндылықтарының бірі ою-өрнектердің дизайындағы, архитектурадағы, сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы және жалпы өнердегі орны туралы қарастырылды.
Қазіргі таңда жас ұрпақтардың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда ұлттық өнер түрімен жаңа заман өнер түрлерінің араласу синтезінен туған өнер туындыларының рөлі зор.
Диплом жұмысында қазіргі замандағы Қазақстан дизайнда және бйнелеу өнерінде әр түрлі халықтар өнерлерінің синтезінен құралған өнер туындылары қарастырылды. Үшінші тарауда әдістемелік бөлім онда еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары, бейнелеу өнерінің күнтізбелік және сабақ жоспары ұсынылып отыр.
Диплом жұмысын теориялық және практикалық тұрғыдан зертей келіп сәндік қолданбалы өнер бұйымдары өзінің құндылығын өнер туындысы ретінде және жас ұрпақты тәрбилейтін құрал ретінде маңыз зор.
Қандайда болмасын қоғамның мәдениетінің ілгері дамуы, әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Мәдениеттің қақ ортасында өнер тұр. Өнер-адамзат өмір жолының ең ертедегі формаларының бірі болып келеді. Адамның әлемге көзқарасы өнер тұрғысынан алғанда, айналадағы, қоғамдағы құбылыстардың ортасында тұрады. Бейнелеу өнері болсын, өнердің қай бір түрі болсын өз шығармаларында қоғамдағы, өмірдегі болып жатқан құбылыстарды бейнелемей оны айналып өте алмайды. Сондықтан халқымыздың алыс заманалардан бері қалыптасқан, өзіндік мәдениетінен сыр шертетін бейнелеу өнер туындылары, сол ұлттық мәдениетіміздің ғұмыр жолының айнасы.
Әдебиеттер тізімі
1. Быков В.В. Материалы и техника художественно – оформителских работ. –М,:Плакат, 1986
2. Ерошкина В.Ф. Промышленная графика,: Омск: ОГИЗ, 1998.
3. Искусство ансамбля. Художественный предмет– интерьер– архитектура -среда / сост.А. К. Василевский. –М,: Просвещение, 1981.
4.Капр А. Эстетика искусства шрифта. –М,: Книга, 1979.
5.Кикушин Г.Ф. Шрифт: Для художников офармителей . – Минск, 1980.
6.Кудин П.А., Ломов Б.Ф. Митькин А.А. Психология восприятия и искусство плаката. – М,: Плакат, 1987.
7.Рунге В.Ф., Сеньковский В.В. Основы теории и методологии дизайна. –М., 2001.
8.Художественное проектирование / Под. Ред. Б.В. Нешумова, Е.Д. Щедрина. –М., 1979
9.АникетМ., и др. Русский графический дизайн. –М., 1992.
10.Серов С. И. Стиль в графическом дизайне. –М., 1991.
11.Холмянскиий Л.М., Щипенов А.С. Дизайн.-М., 1985
12.Сапего И.Г. Предмет иформа. Рол восприятия матиральной среды хдожника в создании пластической формы. –М., 1984.
13.Пезе М.Э. Очерки истори художественого конструирования в России 18 начала 20 веков. –Л., 1978.
14. Черейская М. Г. Художественные изделия из новых материалов. М., 1975.
15. Соловьев С.А. Декоративное офармление. –М., 1987.
Функции художественно- графического офармления учебников:
16 .Современная учебная книга / Подред. Донского Г.М. – М., 1986.
17.Рыжков И.Я. Международное рекламное дело. М., 1984.
18 .Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. –М., 1981.
19.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. Өнер. 1987.
20.Әбдуәлиев Ш. Халық қолөнері, Алматы, Рауан, 1992.
21.Бастауыш сыныпта оқыту. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2007.
22. № 2. Ши тоқу. Қуанышбаева Ж. 31-33 бет.
23.Бастауыш мектеп. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. 2004. № 2. Ши тоқу. Смайлова М.55-57 бет.
23.Бәсенов Т. Орнамент Казахстана в архитектуре. Алма-Ата. 1957.
24.Баримбеков Ж.Ш. Қазақ оюв. Сурет бояу альбомы. Алматы. Өнер. 1986.
25.Қасиманов С. Қазақстан халқының қол өнері. Алматы. Қазақстан. 1969. 108 бет.
26.Қазақстан әйелдері. «Артық болмас білгенің. Ши тоқу өнері жайында.» № 4. 1994. 28 бет.
27.Қазақ ССР тарихы. 1 том. 1957. 209 бет.
28.Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы. Сөздік- словарь. 1998.
29.Нәлібаев А. Ағаш ою. Алматы., Өнер, 1994.
30.Нұрпейісов Ә.Р. Қазақ халқының ою-өрнектері. Алматы. Өнер. 2002.
31.Мектептегі технология. Республикалық әдістемелік журнал. №4. 2004. 18 бет.
Қосымшалар
Достарыңызбен бөлісу: |