Цt=Цб*Іt ;
мұндағы Цt — инвестициялық жобаны іске асырудың t-шi жылының соңына арналған болжамдық бағасы;
Цб - өнімнін немесе ресурстың базистік бағасы;
It – сәйкесінші өнімнің немесе сәйкесінші ресурстың t-шi жылдың
соңына анықталған бағалар өзгерісінің болжамдық коэффициенті;
Есептік бағалар базистік бағаны дефляторға —көбейту жолымен анықталады.
Базистік, болжамдық және есептік бағалар теңгемен немесе тұрақты шетел валютасымен белгіленуі мүмкін (АҚШ доллары, неміс маркасы, евро, ЭКЮ және т.б.).
Таза дисконттық пайда (RDD, NPV) бүкіл есептік мерзімге келтірілген барлық ағындық эффектілердің салмасы ретінде немесе интегралдық нәтижелердің интегралдық шығындар үстінде өсімі ретінде келесі формуладан анықталады:
RDD (NPV)= (Rt-3t)/(1+E)t; мұндағы Rt - t-ші есеп қадамындағы нәтижелер;
3t - осы қадамдағы шығындар;
Т — есептің уақыттық мерзімі;
Есептің уақыттық мерзімі жобаны icкe асыру мерзімінен, кәсіпорынды (өндірісті) құру уақытынан, оны пайдалану және жою мерзімінен қосып қабылдайды.
Егер инвестициялық жобаның RDD шамасы оң болса, онда ол тиімдіден алынады.
Инвестициялардың рентабельділігі (инвестиция пайдасының индексі (MD,PI)) келтірілген эффекті қосындысының инвестиция шамасына қатынасын білдіреді:
PI=l\k (R1-3t\(1+Е)t;
Егер пайда индексы (инвестиция рентабелділігі) 1-ден үлкен немесе тең болса, онда инвестициялық жоба тиімді, ал 1-ден кіші болса, онда — тиімсіз болып есептеледі.
Инвестиция пайдасының iшкі нормасы (BHD,IRR) келтірілген эффект шамасы келтірілген инвестициялық салымдарға тең дисконт нормасын Е білдіреді
(R1 -3t)(l+Eвн)= 1\(1+Евн) t
Жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген пайда шамасы инвестор талап еткен салған капиталына пайда шамасымен салыстырылады.
Егер BHD талап етілген пайда нормасынан үлкен немесе оған тең болса, онда жоба тиімді болып есептеледі.
Нарық - ол әрдайым тұрақсыз теңсалмақтылық. Оның инвестиция пайдасын бағалаудағы ескерілетін сипаттамалары:
-
тұтынатын ресурстарға және сатылатын өнімге бағалардың
күтілген өзгepici;
-
шығарылым көлемін өсу процесінде өндірістің жоспарлық
шығын түciмi;
-
өнімнің техникалық деңгейіндегі немесе өндірістік ғылыми-
техникалық жетістіктер енгізілгеннен кейінгі болашақ
өзгepicтepi;
Инвестициялық жобаның нақты тиімділігіне инфляциялық процестер әсер етеді.
Инфляцияны ecкepiп отыру үшін барлык, нарық қатысушылары капитал бағасына күтілетін ақшаның инфляциялық қамтамасыз ету темпін кіргізеді. Бұл жағдайда процент ставкасы "номиналды" деп аталады, ал нақты жағдайда "нақты проценттік ставка" деп аталады. Аз инфляция темптерінде нақты процент ставканы анықтау үшін (3-5% жылына) келесі формула қолданылады:
Р=Н-Т;
Мұндағы Р — нақты ставка;
Н-номиналды ставка;
Т-инфляция темпі (осы уақыт ішінде).
Қаржылы-экономикалық тиімділіктің көрсеткіштер жүйесінде экономикалық тиімділіктің екі тобы қарастырылған: 1) қарапайым (статикалық) әдістері; 2) уақыт факторларын ескеретін әдістер.
Бipiншi топқа жататын әдістерде жеке берілгендердің нүктелі қарапайым мәндері қолданылады. Екінші топта уақыт факторының әсерін ескереді және бұл әдістерде өте күрделі математикалық аппараттар қолданылады. Статикалық инвестицияларды бағалау әдістеріне қарапайым қайтарым темпі, жеңілдетілген қайтарым мерзімінің eceбi және келтірілген шығын eceбi жатады.
Қарапайым қайтарым темпі (СРР) немесе қаржының жалпы тиімділігі келесі формуладан анықталады:
СРР=НОТ/ТК
мұндағы СРР - қарапайым қайтарым темпі; НОТ — 1 жыл ішіндегі таза пайданың өciмi;
ТК — осы өсімді туындатқан қаражат.
Уақыт факторы ескерілген жоба тиімділігін бағалау әдісінің бірнеше түpi белгілі:
-
таза келтірілген құндылықты анықтау (NPV);
-
рентабельділіктің iшкi нормасының eceбi - IRR ;
-
шығын мен пайда қатынасы (BCR);
-
уақыт факторын ескере отырып қайтарым мерзімін анықтау.
Таза келтірілген құндылықтың (NPV) көpceткiшi интегралды
экономикалық эффект деп аталады. Бұл көрсеткіштің шамасы жылдық потенциалдық пайда мен жобаны icкe асыруға жұмсалатын есептік жылдық шығындар арасындағы айырым түрінде табылады.
Кейде инвестициялардың рентабельділігі көрсеткіші қолданылады, бұл көрсеткіш таза ағымдық құн коэффициенті деп аталады. Бұл көрсеткіш жобаның таза келтірілген құндылығының
инвестициялық шығындардың дисконттық құнына қатынасы ретінде табылады.
NPVR=NPV/PV
Қаржылардың қайтарым мерзімін өзіне-өзі ақтау мерзімі деп атайды. Ол сатудан түскен пайда негізгі салынған салымды қайтаратын жылдар санымен өлшенеді.
Өзін-өзі қайтару мерзімі келесі формуладан анықталады.
ТОК=К/П*10, немесе Т0К=К/ (С*- С**),
Мұндағы К — жобаның шешімге капиталдық салымдар;
П - қаражатты жүзеге асыру нәтижесіндеалынатын жалпы пайда қосындысы;
С* және С** - капиталдық қаражат енгізілгенге дейін және кейін өнім өндірісінің өзіндік құны.
Шығынсыздық нормасы — нольдік пайда алынатын шығарылатын өнім партиясының минималды өлшемі, ол келесі формуладан анықталады:
Шығынсыздық нормасы=тұрақты ұсталымдар/өзіндік құн-өзіндік
айнымалы шығындар.
Жобаларды дәлелдегенде қолданылатын инвестициялардың тиімділігінің бағасы құнды келтіру әдісімен, рентабельділік әдісімен және ликвидтық әдісімен анықталады.
Инвестициялық жобаның коммерциялық (финанстық) тиімділігі қажетті пайда нәтижелердің қатынасымен анықталады және бүтіндей жобаға немесе жоба бөліктері үшін де есептелуі мүмкін.
3.2 Инвестициялық жобалардың бағасы мен қорларды қолдану және пайдалану принциптері.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған приоритеттік мәселелердің бipi - республиканы әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау. Тұрақты саяси жағдай, табиғи ресурстардың табиғи бай қорлары, шетел инвестицияларын тарту - сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту стимулдары болып есептеледі. Шетел капиталы бақталастық өнімді шығару, эксперттік базаны дамыту, кәсіпкерлікті дамытуға қaзipгi күн талабына сай инфроқұрылым құру мақсатында құрылымдық өңдеу жұмыстарының орны ерекше. Сондықтанда ҚР —да шетел капиталын тартудың нeгiзгi мақсаттары:
• өзіндік ішкі ресурстардың шектеулі болуына байланысты отандық экономикалы тұрақты түрде көтеруге қажет инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;
• Жобаны жүзеге асыру үшін келісім шарт базасын дамыту
қажеттілігі (инвестор шешімі бойынша);
• Экспорттық несиені, экспорттық сақтандыру рұқсатын алу
немесе басқа да кез-келген инфляциялық қаржыландыру және
сақтандыру схемаларын қолдану қажеттілігі. Бұл схемалар мен
шешімдер жобамен байланысты потенциалды және нақты
қауіптіліктерді қысқартуға мүмкіндік береді.
Барлық ұсынылатын жобалар Қазақстан Республикасы өкіметінің 1998 ж. 31 желтоқсанда №673 қаулысымен енгізілген өзгертулеріне және осы аталған қаулыларда салалық бағдарламаларға және ҚР әлеуметтік — экономикалық даму
индикативті жоспарында қарастырылған жақын мерзімге дайындалған инвестициялық приоритеттеріне «Қазакстан 2030» стратегиясына сәйкестігі тексеріледі Сонымен қатар келесі шарттар міндетті түрде тексерілуі тиіс:
1. Инвестициялық жобалар ушін:
-
Жобаның және жоба бойынша дайындалған құжаттардың
Өкілеттелген Орган талаптарына сай техника — экономикалық
дәлелі;
-
Сәйкесінше орталық орындаушы органнның салалық мәні;
-
ҚР табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау
Министрлігінің экологиялық экспертизаның тұжырымдамасы
(заңдылықтармен қарастырылған жағдайларда);
-
ҚР энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің
құрылыс icтepi жөніндегі Комитетінің Республикалық
мемлекеттің кәсіпорнының «Жобаның мемлекеттік
ведомстводан тыс экспертизасы" атты тұжырымдамасы;
2. Институционалды даму (техникалық көмек) жобалары үшін ;
-
Жобаның экономикалық дәлелі бар арыздар мен Өкіметтелген
Органның талаптарына сай жоба құжаттары (көмек түpi,
көмек объектісі, орындалу мерзімдері, құрылымдық
бөлімшенің бар немесе жоқтығы туралы ақпарат, жобаға
жауаптының толығымен аты — жөні, жобаның көзделген
аяқталу мерзімі міндетті түрде көрсетіледі).
-
жаңаша технологияны тарту, өндірісті прогрессивті
ұйымдастыру және басқару формаларын енгізу, ноу-хау;
-
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлісінде қатысуын
күшейту, экономиканы интеграциялау процессін әлемдік
шаруашылық жүйесіне шығару және белсенді ету;
• Қазақстандық экономика бойынша бірлестіктердегі инвесторлар мен партнерлардың бip-бipiнe сенімділігін қамтамасыз ету;
Инвестицияларды тартудың негізгі мақсаттарын жүзеге асыру үрдісінде келесі маңызды әлеуметтік және экономикалық есептер шешіледі:
• экономикадағы жүргізіліп жатырған құрылымдық өңдеулерге
және нарықтық қатынастарға көмектесу;
-
өндірісте бақталастық ортаны дамыту;
-
экспорттық потенциал тиімділігін дамыту және көтеру, оның
шикізат бағыттылығын жеңу, экспорттық экспансияны күшейту және оның позицияларын сыртқы нарықта тұрақтандыру;
• өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін көтеру және жаңа
техника мен технологияны басқару және өткізу әдістері негізінде бақталастық өнімнің үлесін көтеру;
• өндірістік және өндірістік емес тұтынуға жоғарғы дәрежелі
дайын өнімді шығару толығымен аяқталған технологиялық циклдарды құру;
• депрессивті, алыс орналасқан, артық еңбекті және экологиялық
лас аудандардың дамуына қол ұшын беру;
• жаңа жұмыс орындарын құру.
Қолданылатын шаралардың негізгі мағынасы инвесторлар үшін әcipece шетел инвесторлары үшін тартымды, жағымды орта кұру, болашағы зор және тұрақты шетел инвесторларын іздестіру және олардың капиталын өңдірістің приоритетті салаларына және жұмыс түрлеріне бағыттау. Осы аталған мәселелерді шешу үшін келесі шарттар жасалуы тиіс:
• Қазақстан экономикасына жақын 10 жыл ішінде
инвестицияларды тарту талаптарын дәлелдеу және олардың нақты ағынын болжамдау;
• Шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіптіліктерді
азайтуға, олардың меншігін кепілдендіруге және құқықтарын қорғауға бағытталған тұрақты режимдерді құру және заңды түрде бекіту;
• Тікелей және ютфельдік инвестициялардың ағынына тиімді
стимул жасау;
• Шетел инвестицияларын реттеудің қажетті және тұрақты
құқықтық негіздерін құру;
• Программалық шараларды жүзеге асыру, бақылау және дамыту
жобаларды таңдау және icкe асыру механизмдерін құру.
Осы мәселелердің шeшiлyi елімізде ыңғайлы инвестициялық жағдай жасауға және шетел инвесторлардың инвестициялық жұмысын жеделдетуге мұмкіндік береді. Бipaқ бұл тек инфляцияны басу және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету кезінде ғана қолданылады.
Шетел капиталын тарту саясатын орындау кезде келесі принциптерге сүйену керек.
Шетел инвесторларын алынатын зайым мен несиелерді қатыстыра отырып инвестициялық жобалардың экономикалық қажеттілік принципі.
Олардың экономикалық тиімділігі келесі шарттарға сүйене отырып сапалы деңгейде анықталады:
• Инвестиция дефициты: ішкі резервтер мен мүмкіншіліктердің шектеулігі жағдайында белгілі әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешу қажеттілігі;
• Несие проценттерін, инвестиция төлемдерін уақытылы жабу
мүмкіншіліктері;
• Шетел инвесторлароның және несие ұсыныстарының
қатысуымен инвестициялық жоба шарттарының тиімділігі;
• Экономикадағы жағдайдың өзгерісіне ұсыныстардың
әcepi, олардың прогрессивтілігі, халыкаралық стандарттардың
нәтижелерінің сәйкестігі;
Элеуметтік-экономикалық тиімділік — кез-келген формадағы шетел инвестицияларын тартудың міндетті шарты. Бұл принцип шетел компанияларының қатысуымен инвестициялық жобалардың жоғарғы пайдасы мен рентабельдігін, займдарды және несиелерді, басқа формадағы инвестицияларды ұсыну шарттарының тиімділігін қарастырады.
Экономикалық және экологиялық қауіпсіздік, ұлттық мемлекеттік мүдделері мен ел суверинитетін қамтамассыз ету принципі жобалар мен ұсыныстарды іске асыру мүмкіншіліктерін жоққа шығаруы тиіс. Бұл принцип бойынша келесі жағдайлар қарастырылған жобалардың icкe аспауын қамтамасыз eтyi тиіс:
-
Республиканың табиғи байлықтарын жеделдетіп пайдалану
мен тиімсіз қолдануды;
-
Қоршаған ортананың ластануын;
-
Капиталды республикададан заңсыз шығаруды;
-
Ескі технологиялар мен техниканы, әлемдік деңгейден
төмен параметрлері бар көне конструкторларын
қолдануды;
-
Өңдірістің шикізат бағытын сақтау есебінен
экономиканың өзгертілген құрылымын бекіту;
-
Әлем нарығында бақталастық қабілетінің төмендеуі;
-
Отандық тауар өндірушілерін нарықтан бақталастыққа қарсы тауармен шығарып тастау;
-
Достас елдермен , әcipece ТМД елдерімен құрылған өзара
тиімді бірлестікті жұмысын бұзатын, қол қойылған келісім
шарттарға зиян келтіретін үшінші елге қарсы тұратын;
-
Ұтылымды шарттары бар жобалар мен келісімдерге
көмектесу мақсатында жергілікті қызметкерлерді, лауазым
иелерін ақшамен өзіне қарату, жемқорлықтың күшeyi;
Сонымен қатар, Қазақстан республикасы экономикасының шетел капиталынан тәуелдік жағымсыз құбылыстарды туындататын қayiптi факторы болуы мүмкін.
Біріншіден, шетел компанияларының құзырында мәні зор салалар мен сфералар болуы мүмкін немесе олардың көлемі көрсетілген салмақтан асып кетуі, шегінен шығып кетуі мүмкін. Бұл ұлттық мемлекеттік мүдделеріне зиян келтірді, осы компаниялар өз талаптарын Қазақстанға қоюға жағдай жасайды.
Екіншіден, несиенің өте үлкен көлеміне байланысты қарыз алушы республика алған несиесін қайтара алмауы мүмкін, ал қарыздың өтелмеуі Қазақстанды халықаралық қаржы несие нарығында басқа елдермен бөлектеуге, қарыз беруші елге экономикалық және саяси тәуелділікке әкелуі мүмкін, шетел мемлекеттері мен фирмаларын республиканың қазба байлығының белгілі бөлігінің қожайыны етуге жоламады.
Сондықтан да Қазақстанда барлық шарттары толық қарастырылған, экономикалық пайдасы мен мақсаты мол, нақты есептер мен дәлелдерде негізделген шетел несиелелерін тартудың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді стратегиясы зерттелуі тиіс.
Шетел инвестицияларын тартудың маңызды принципі-жобалардың, келісім-шарттардың өзара пайдасы. Экономикаға приотеттік шетел салымдарының принципі салынған қаржының елде өткізіліп отырған құрылымдық және инвестициялық саясатқа байланысты приоритеттік объектілерге бағытталуын білдіреді.
Донор —елдердің приотитеттік таңдау принципінің мәні мынада: бұл принцип бойынша әртүрлі елдердің экономикасының жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орнын, олардың репутациясының сенімділігін белгілі экономика салаларындағы орнын осы елдерден ғана инвестиция тартады.
Тағы бip маңызы зор принцип-біздің еліміз үшін минималды коммерциялық қаyin принципі. Ол өзара келісім шартқа отыруға, сөйлесіп жатқан біздің еліміздегі кәсіпорындарды екінші жақтың қаржы күйі, патнерлері туралы, өз еліндегі және әлемдік нарықтағы орны туралы және сенімділігі туралы қажетті мағлуматпен қамтамасыз етеді.
Шетел инвестицияларын салу жөнінде біздің еліміз бен шет инвесторларының мүдделері объектілерді және жұмыс түрлерін таңдағанда сәйкес келмей қалады. Шетел инвесторлары қаржыларын тек экспорттық секторларға, өзін -өзi тез ақтайтын өндірістерге, сонымен қатар жаңа кәсіпорындарды құруға тырысады. Біздің еліміздегі көп кісіпорындарының перспективалары, олардың көлемділігі, нарықтағы монопольдік жағдайы, конерген жабдығы мен технологиялары, өнімнің шығыны жеке шетел инвесторларын қызықтырмайды. Бұл жерде олардың несиелері тек өкіметтік кепіл арқылы ғана белгілі бip мекемеге салынуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан да мемлекет жеке шетел инвесторларының ағынын экономикамыздың кез-келген саласына жұмсауға дайын. Өкіметтік жүргізіп отырған саясатына байланысты жақын арадағы
7-10 жыл ішінде Қазақстан келесі салаларға шетел инвестициясының негізгі бөлігін салуды жоспарлап отыр:
-
энергетика, мұнай және газ өндipici;
-
қара және түрлі – түсті металлургия;
-
химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіптік,
прогрессивті өнім түрлері өндірісі;
ғылыми сиымдылықты өнім шығаратын машина
жасаудың конверсиялық секторы;
-
көлік пен байланыс;
-
АПК қайта өндеу секторы;
-
Тұрғын үй;
-
ғылым мен білім.
Дегенмен мемлекет бұл жерге келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін инвестиция ағынына ерекше көпшіл бөледі:
-
экспортқа бағытталған;
-
Жоғарғы технологияларды енгізуге бағытталған;
-
Жоғарғы тиімділікті;
-
Өзін-өзі тез ақтайтындығы;
-
1шк1 және сыртқы назықтарда потенциялды
перспективалы, рентабельды және бақталастық күреске шыдайтын, қабілетті болатынын дәлелдеген, бipaқ қaзipгi таңда қаражат жоқтығына байланысты қолдары байлаулы өндірістерге бағытталған;
Әлеуметтік мағынасыздар.
Бастапқы үш таңдау критери1 жеке тікелей шетел
инвестицияларын тартуға колданылса, соңғы үш критерий жеке
отандық және шетел инвесторларын қызықтырмайтын
өндірістерге пайдаланылады. Сондықтан да олар тек өте қажет болған жағдайда ғана сүйемелденеді.
Қазақстанның дамыған елдермен инвестициялық өзара келісу критерийлері әлемдік тәжірибені ескере отырып, әрдайым түзетіліп отыруды талап етеді.
Мұдай келісудің ұйымдастырмалы-құқықтық және экономикалық механизмдерін құру жөніндегі жұмыстарға күшейте түсу керек. Бұл жерде әcipece инвестицияларды тиімді пайдалануға біздің кәсіпкерлерімізді қызықтырып, тәжірибеге көптеген шараларды зерттеп, еңгізу жайлы әңгіме етілді.
3.3. Инвестициялық жобалардың тиімділік бағасы
Инвестициялық жобаны бағалау мәні шешім қабылдаушыға инвестиция жасауға немесе жасамауға қажетті ақпаратты беру. Шаруашылық шаралары тиімділігінің нарықтық экономикадағы дұрыс бағалануы, оның ішінде кәсіпкерлік жобалардың экспертизасы бірқатар білімді және әдістемелік әдіс-тәсілді талап етеді.
Инвестициялық жоба тиімділігін инвесторлар немесе олардың тапсырмасы бойынша қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға материалдық жағанан да, заң жағынан да жауап беретін арнайы консалтинтік фирмалар мен орталықтар инвестиция нәтижелері бойынша анықтап, бағалайды.
Инвестициялық жоба тиімділігін бағалаудың әдістемесі ең әдіс-тәсілдері Қ.Р.-да меншік иесіне тәуелсіз 1994ж 31 наурызда бекітілген Ресей Федерациясында "Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау және оны қаржыландыруға зерттеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларына " негізделеді.
Нұсқауларға сай инвестициялық жоба тиімділігін бағалағанда мына шамалар қолданылады: тікелей қатысушылары үшін жобаның icкe асырудағы қаржы нәтижелерін бейнелейтін бюджеттік тиімділігі; жобаның icкe асыруылуымен пайдасын ескеретіп экономикалық тиімділік.
Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық процесс мүдделерін ескере отырып, шығындар мен нәтижелерді өзара қатынасын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады
Есептік периодта жұмсалатын шығын мен оның нәтижелері келесі жағдайларды ескере отырып бағаланады:
- объектіні құру, пайдалану мepзiмi және жойылуы;
- негізгі технологиялық қондырғылардың орта есеппен ережеленген қызмет ету мерзімі
- берілген параметрлерге, пайда сипаттамасына
(салмағы және пайда нормалары) қол жеткізу;
Әртүрлі инвестициялық жобаларды (немесе жоба варианттарын) салыстыру және оның ішінен ең жақсысын және тиімдісін таңдау келесі көрсеткіштерді ескере отырып орындалады:
- таза дисконттық (ағымдық) құны (NPV) немесе таза
дисконттық пайда (РДД);
- Инвестиция рентабельділігі, пайда индексі (ИД, IRR);
- Өзін-өзі қайтару мepзiмi (Ток).
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда көрсетілген көрсеткіштердің салыстыру мерзіміндегі бағаға келтірілуі қажет.
Шығын шамасы және нәтижелерді келтіру осы шамаларды дисконттау коэффициенті К –ға көбейту арқылы орындалады. Бұл коэффициент дисконттық тұрақты нормасы Е үшін келесі формуладан табылады:
К=1/ (t+Е)
Мұндағы t -нәтижені алу мерзімінен салыстыру мерзіміне дейінгі уақыт, жыл.
Дисконт нормасы Е- пайда шамасының салынған қаражатқа қатынасы, қаржының пайда коэффициенті.
Экономикалық тиімділік көрсетіліктерін анықтағанда өнімге және тұтыну ресуртарына қойылатын базистік, әлемдік, болжамдық және есептік бағалар қолданылады. Бұл тиімділік түpi үшiн жағдайларды ескеру керек:
— бағалардың жалпы деңгейін жалпы инфляцияны;
— iшкi және сыртқы нарықтардағы өндірілетін өнімдерге
қойылатын баға;
-
бағалары бірдей жылдамдықпен сипатталатын топтар
бойынша қолданылатын ресурстармен кешендерге қойылатын
бағалары;
-
Tүpiлepi бойынша тікелей ұстанымдар;
-
Жұмысшылар категорияларының түрлері бойынша
жалақы денгейі ( жалақыға инфляция);
— жалпы және әкімгершілік ұстанымдар;
— негізгі қор элементтерінің ( жер, ғимарат, және құрал-
жабдықтардың) құны.
— өнімді өткізуді;
Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері жобаны icкe асыру нәтижелерінің сәйкесінші ( аумақтық немесе жергілікті бюджеттің пайдасы мен шығындарын бейнелейді. Ол дисконталған жылдық бюджеттік деффектілер қосындысы ретінде немесе интергралды бюджеттік пайда қосындысы ретінде есептейді.
Бюджет шығынына мыналар кіреді:
- жобаны бюджеттен қаржыландыруға бөлінетін
қаражаттар;
- бюджет есебінен компенсацияланатын заемдық
қаражат ретінде бөлінген жеке жобаны орындаушыларына арналған Ұлттық, аумақтық және өкілеттелген банктердің несиелері;
- жанармай мен энергия тасымалдауыштардың нарықтық
бағаларына қойылатын қосымша қаражаттарға жұмсалатын тікелей бюджеттік ассигнациялары;
- жобаны іске асыру және импорттық қойдырғыны пайдаланушымен істі жұмыссыз қалған тұрғандарға жәрдем ақы төлемдері;
- мемлкеттің құнды қағаздар бойынша төлемдер;
- шетел және отандық орындаушыларына берілетін
мемлекеттік, аумақтық инвестициялық қауып тілектерге бөлінетін кепілдіктер;
- жобаны орындау барысында пайда болатын төтенше жағдайларда жоюға арналған бюджеттен бөлінетін қаражат.
Бюджет пайдасына мыналар кіреді:
- Үстеме құнға қосылған салық, барлық басқа салықтық түсімдерге ( жеңілдтермен бipгe ) қойылатын арнайы салық және жобаға қатысушы қазақстандық және шетел кәсіпорындарынан бюджетке берілетін ренталық төлемдері;
- бюджетке түсетін пошлиналар мен жобаға сай өндірілетін (шығындалатын) өнімдерге ( ресурстарға ) қойылатын акциялар;
- жобаның орындалуына берілетін құнды қағаздардың шығарылымынан алынатын эмиссиялық пайда;
- мемлекеттік, аумаққа жанатын акциялар мен т. б.
құнды қағаздар бойынша дивиденділер.
- Қазақстандық және шетел жұмысшыларының жалақысынан алынатын жеке пайда (подоходный) салығы;
— жерді, суды және т.б. табиғи ресурстарын пайдалағаны
үшін төлейді;
- жоба мен қарастырылған объектерлерді зерттеуге, құруға және пайдалануға ұйымдастырылған лицензиялау, конкурстар мен тендерлерлерден түскен пайдалар.
— Жобаға берілген жеңілдіктері бар несие процестері;
— штрафтар және санкциялар;
Халықшаруашылық экономикалық тиімділігі халық
Шаруашылығының тұрғысынан жобаның тиімділігін бейнелейді, халық шаруашылығы деңгейінде экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептегенде жоба нәтижелеріне мыналар кіреді:
-
соңғы өндірістік нәтижелер.
-
әлеуметтік және экономикалық нәтижелер.
-
тікелей қаржы нәтижелері- шетел мемлекеттерінің банкілерімен фирмаларының несиелері мен зайымдары.
3.4 "Қызылорда облысындағы мұнайды өндіру зауытының құрылысы " инвестиция жобасының бағасы
3.4. 1. Қорды жинақтау аймағының бағасы
Бұл жобаның негізгі мақсаты — жоғарғы салмағы жанармайды шығаратын (А-95, А-76 бензин түрлері, жазғы және қысқы, дизельдік жанар май). Тәулігіне 12000 баррель мұнай өндіру зауытын салу және іске қосу.
Қызылорда облысында мұндай зауытты алу шикізат
көзінің жақын орналасуы мен дәлелденеді.
Шикізатттың негізгі көзі — "Қуат Амлон Мұнай"
("Қоңыс" және "Бектас" кенорындағы) және Құмкөл
Ақшабұлақ мұнай кең орындары. Жоба бойынша
кеңорынан өңдеу зауытына дейін мұнай желісін
жүргізу қарастырылған.
Жобаның орналасуы
Зауыт Қызылорда қаласынан 15км қашықтықта орналасқан Ақтайлақ станциясында салу көзделіп отыр. Мұндай шешімнің аргументтері болып теміржолдың жақын орналасуы, электр желілерінің тартылғандығы, автомобиль магистралінің бар болуы, т. б. осы сияқты негізгі коммуникациялардың қамтамасыз етілуі саналады.
Зауыт Сырдарья өзеніне жақын, Қызылорда қаласынан ағыны бойынша төмен орналасқан. Құрылыс орны — топан су аймағынан алыс жүргізіледі.
МӨ3 өзін-өзі қамтамасыз етуге дейін жақын ететін электр желісімен сымдарынын тоқпен қоректенеді. Мұнай зауытқа ұзындығы 135 км. Мұнай желісі көмегімен жеткізіледі.
Шикізат
Қызылорда МӨ3 үшін мұнай сатушы ретінде "Қуат Амлон Мұнай" бірлестігі (iшкi мұнайды "Қоңыс"кенорынан жеткізіп отырады) және "Петро Қазақстан" компаниясы ("Құмкөл" кенорны) және "Қазгермұнай" бірлестігі ("Ақшабұлақ" кенорны) таңдалады.
Қоңыс және Бектас кенорындары Қызылорда
облысының аумағында, Қызылорда қаласынан 135 км. қашықтықта, орналасқан. Қызылорда облысынында жеті Мұнай мен газ кенорыны бар.
Қоңыс және Бектас кенорындары бойынша мұнай, газ және конденсаттың өндірістік қорлары С1 категориясы бойынша келесі мәлеметтермен ҚР геология Министірлігімен 1995ж қорғалған:
Достарыңызбен бөлісу: |