Сүйек сынықтары 1. Жарақаттық аурулардың ішіндегі сүйек сынығымен зардап шегетіндердің үлесі: 7% 2. Сүйек сынғанда және бітіскенде болатын гистологиялық өзгерістерге жатпайды: эпителизация кезеңі 3. Асептикалық қабыну кезеңінің ұзақтығы: 2-3 тәулік 4.Біріншілік сүйек сүйелінің түзілу мерзімі: 4-5 апта 5.Сүйек сүйелінің түзілу көзіне жатпайды: эпителиальді жасушалар 6.Сүйек сынғанда мүмкін болатын клиникалық белгілер: деформация 7.Сүйек сынғанда дамитын айқын клиникалық белгі: сүйек сықыры 8.Тасымалдау құралдарына жатады: Крамер және Дитерихс шинасы 9. Сынықтарды емдеу әдісі: компрессионды-дистракционды остеосинтез 10. Сынықтарды операциялық жолмен емдеудің абсолютті көрсеткіштері: ашық сынықтар, жалған буын 11.Балаларда сынықты емдеуде қолданылатын әдістер: гипс таңғышын салу 12.Сынықтың оперативті емес емдеу әдістеріне жатады: Кузьминский құрсауын салу 13.Сынықтардың бітісуіне бөгет жасайды: жұмсақ ұлпалардың интерпозициясы 14.Сынық ұштарының ығысу түрлері: көлденең ығысу 15.Сүйек сүйелінің қабаттары: параоссальді периостальді 16.Тоқпан жілік сынғанда тасымалдау иммобилизациясының шекарасы: зақымдалған жақтың қол басы- сау жақтағы жауырын 17.Науқаста бел омыртқасының қылқан өсіндісін пальпациялағанда қатты ауыру сезімі анықталды. Сіздің диагнозының? бірінші бел омыртқасының компрессионды сынығы. 18.Науқаста бұрын оң иық буынының шығуы болған. Объективті: қолдың мәжбүрлік қалпы, оң иық буынында деформация анықталды. Сіздің диагнозыңыз? оң иықтың үйреншікті шығуы. 19.Науқаста сол жақ сирақ сүйектерінің ортаңғы бөлігінің бұралмалы жабық сынығы. Қандай ем жүргізіледі? қаңқалық тарту 20. Науқастың оңсаны деформацияланған, пальпаторлы ортаңғы бөлігі ауырады патологиялық қозғалғалыс анықталды. Сіздің диагнозының? ортан жіліктің ұзына бойы ығысқан сынығы. 21.Науқаста сол жақ бұғанада ауыру сезімі, қолының қозғалуы шектелген. Сіздің диагнозыңыз? сол жақ бұғананың жабық сынығы. 22. Ер кісі жақ буыны ндағы ауыру сезіміне шағымданады. Аузы ашық, шайнау бұлшық еттері қатайған иегі алдыға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз? төменгі жақтың екі жақты шығуы 23.Балаларда көбінесе қандай сынық анықталады? «жасыл шыбық» 24.Жабық шығу кезінде бірінші көмек: транспортты иммобилизация 25.Науқаста сирақ сынығында шина қанша буынды қамтиды: 3 26.Сыныққа ғана тән белгілер:
суйек сықыры 27.Жабық буын шығуындағы алғашқы көмек: иммобилизация 28.Соғып алуда жұмсақ тіндерде қандай өзгеріс болмайды? қол-аяқтың қисаюы 29. Буын шығуындағы белгіге жатпайтын симтомды табыңыз: буында қозғалыстың жоғарылауы 30.Қол-аяқтың жабық сынығында кезеспейтін белгіні тап: тері бүтіндігінің бұзылысы 31.Қол-аяқтың жабық сынығында кездеспейтін белгіні көрсетіңіз: қол-аяқтың деформациясы,патологиялық қозғалыс 32.Ашық сынықта ауруханаға дейінгі рациональдық көмек көлеміне жатады
( қате жауапты табыңыз): асептикалық таңғыш қою 33.Сынықтарда дәрігерге дейінгі көмек көрсету кезінде ауырсынуды басу үшін кеторолак енгізу көрсеткіші ( қате жауапты белгіле): сан сүйегінің диафизі 34.Бұғана сынығы кезіндегі иммобилизация әдісі: Дезо таңғышын салу 35.Ересектерде иық сүйегі диафизінің сынығы кезіндегі қан кету көлемі: жоғарғы көлем 0,5 л 36.Иық сүйегінің сынығы кезінде иммобилизациядағы қимыл-қозғалысты шектеу(толық жауапты көрсетіңіз): иық буыны, шыбық өсіндісінде 37. Буын шығуында жиі кездесетін асқыну: сүйек сынығы 38. Ұзақ қысылу синдромының негізгі белгісі: плазманың жоғалуы 39. Сирақ сынығында транспорттық иммобилизацияда шина қойылады: санның ортаңғы бөлігіне дейін 40. Бел омыртқасы сынығында науқасты тасымалдау: қатты носилкада шалқасымен 41. Соғып алуда жұмсақ тіндерде пайда болады (дұрыс емес жауабын табыңыз): қол-аяқтың қисаюы 42. Буын шығуындағы белгі (қате жауапты табыңыз): буында қозғалыстың жоғарылауы 43. Қол-аяқтың жабық сынығындағы белгі ( қате жауапты табыңыз): тері бүтіндігінің бұзылысы және сыртқа қан кету 44. Қол-аяқтың жабық сынығына жатады (қате жауапты табыңыз): қызару 45.Ашық сынықта ауруханаға дейінгі рациональдық көмек көлеміне жатады
( қате жауапты табыңыз): жараға тігіс салу 46. Сынықтарда дәрігерге дейінгі көмек көрсету кезінде ауырсынуды басу үшін кеторолак енгізу көрсеткіші ( қате жауапты белгіле): сан сүйегінің диафизі 47. Бұғана сынығы кезіндегі иммобилизация әдісі:
А. зақымданған қолды бастың артымен мойынға бекітумен жүзеге асырылады: Дезо таңғышын салу 48. Ересектерде иық сүйегі диафизінің сынығы кезіндегі қан кету көлемі: жоғарғы көлем 0,5 л 49. Иық сүйегінің сынығы кезінде иммобилизациядағы қимыл-қозғалысты шектеу(толық жауапты көрсетіңіз): иық буыны мен шыбық өсіндісінде 50. Иық буыны диафизі сынығында иммобилизацияда тасымалдаушы шина: жарақаттанған саусақ буындарынан сау иық буынына дейін қойылады 51.Білек сүйектері сынығы кезінде иммобилизацияда қимыл-қозғалысты шектеу
(толық жауапты көрсетіңіз): шыбық сүйек пен білек буынында 52. Білек буыны мен саусақ суйектерінің сынығы кезіндегі иммобилизация: білек буынынан саусақ ұштарына дейін қойылады 53. Сан ұршығы сынығының белгісі (қате жауапты көрсетіңіз): табан буынының ішкі ротациясы 54. Сан сүйегінің диафизар сынығында транспорттық шина мен бекітілмейді: сан ұршық буыны 55. Сан сүйегінің диафизар сынығында транспорттық шина қай жерге қойылады: аяқ саусақтарынан қолтыққа дейін 56.Сан сүйегінің диафизар жабық сынығында қансырау көлемі: 1,5 л
57. Сирақ сүйектерінің сынығында транспорттық иммобилизацияда қозғалыс шектелінеді (қәте жауабын табыңыз): тобық және тізе буынында 58.Сирақ сүйектерінің сынығында транспорттық шина қойылады: табан саусақтарынан сан сүйегінің ортаңғы бөлігіне дейін 59. Тізе буынының жарақаттық гемартрозына жатпайды: жабысқақ өкше белгісі 60. Тізе алды сүйегінің сынуына жатады (қәте жауабын табыңыз): сыртқы әсер кезінде бүгілген аяғын көтере алмау 61.Тобық сынығында транспорттық иммобилизацияда: бірінші шина тізенің артына дейін,екіншісі сирақтың ортаңғы бөлігіне дейін 62.Жамбас астауының сынығына жатады (қәте жауабын табыңыз): тізе және тобық буынында қозғалыстың бұзылуы 63. Ересектерде жекешеленген жамбас сынығындағы максимальды қан кету көлемі: 2л 64. Жамбас сынығында жедел жәрдем фельдщерінің терапиялық көмек көрсету көлемі (қате жауапты көрсет): новокаин блокадасы 65.Омыртқа бағанасының бел аумағындағы сынықта пайда болатын ауырсыну (қате жауапты көрсет): мықын сүйегінің жаншылуы 66. Омырқа жотасының бел аумағы сынығына күдіктенген кезде науқасты тасымалдау: қатты зембілмен шитке арқасымен жатқызылып тасымалданады 67. Биіктіктен құлау немесе суға тұншығу кезінде ес-түссіз жатқан науқасқа жедел көмек көрсету шаралары: мойын омыртқа тұсын жаға шинасымен бекіту 68.Омыртқа жотасының мойын аумағының сынығы күдігі кезіндегі науқасты жатқызып тасымалдау әдісі: мойнына жаға шинасын салып, арқасымен жатқызылады 69. Омыртқа жотасымен жұлын жарақаты кезінде дамыған шокта ауруханаға дейінгі көмек көрсету (қате жауапты көрсет): люмбальды пункция жасау 70. Асқынбаған қабырға сынығының белгілері (қате жауапты көрсет): тері асты эмфиземасы 71. Асқынбаған қабырға сынығы кезінде ауруханаға дейінгі рационалды көмек көлемі құрамына кіреді (қате жауапты көрсет): жатқызып тасымалдау 72. Қабырға сынығындағы ауруханаға дейінгі көмек: спиральді таңғыш салу 73.Қабырғаның қосарланған сынығына тән белгілер: кеуде қуысының жарақаты мен тыныс алу кезіндегі парадоксальді қимыл 74. Қабырғаның толық сынығында ауруханаға дейін қолданылады: кеуде клеткасына спиральді таңғыш 75. Буын шығуы жаңа деп есептелінеді: 3 күнге дейін 76. Буын шығуы ескі деп есептелінеді: 3 аптаға дейін 77. Буын шығуы ескі деп аталады: 3 аптадан көп 78. Буынның орнына түспеуінің ең жиі кездесетін себебі: жұмсақ тіндер интерпозициясы 79.Үйреншікті буын шығудың жиі кездесетін түрі: иық 80. Буынды өздігімен орнына салу кездеседі: үйреншікті шығуда 81. Буын шығуы көбіне асқынады: сүйек сынуы 82. Буын шығуында негізгі клиникалық жиі кездесетін белгі: пружина тәрізді фиксация 83. Буын шығуында негізгі көмекші диагностикалық методқа жатады:рентгенография 84. Буын шығуының негізгі емі болып саналады: орнына салу мен иммобилизация 85. Буын шығуының оператівті еміне жатады: үйреншікті