1 қыркүйек Білім күні Тақырыбы: Менің Қазақстаным – Менің болашағым «Біздің болшағымыз жастардың қолында»



Дата25.02.2016
өлшемі43 Kb.
#21739
1 қыркүйек Білім күні
Тақырыбы: Менің Қазақстаным – Менің болашағым

«Біздің болшағымыз жастардың - қолында»



Н.Ә. Назарбаев
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Қазақ елінің өркендеу көрініс әңгімелеу арқылы өз Республика өмірі туралы білдімдерін кеңейту.

Тәрбиелігі: «Біздің болашағымыз жастардың – қолында» тақырыбы бойынша балаларға патриоттық тәрбие беру.

Дамытылушылығы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты өлең – жыр оқу арқылы оқушы бойында шығармашылық қабілетін тану.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)

Көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаев – суреті Астана, Алматы қалаларының суреті, ел рәміздері, тақырыптық суреттер, кітапшалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а ) Сәлемдесіп,сабақтың тақырыбын айту

ә ) Әнұран орындалады

б ) Сұрақ- жауап

в ) «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

г ) Қорытынды



Мұғалім : Құрметті оқушылар,келген қонақтар ! Бүгінгі «Менің Қазақстаным- менің болашағым » атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ.Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болыптабылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды.

Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды.


  1. оқушы : Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдылығының арқасындареспублика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптеледі.

2-оқушы : Ата- дәстүріміз бен ана тілімізді келер ұрпаққа мұрат етіп жеткізіп тарихымыздың қазынасын молайтсақ,болашақтан жақсы үміт күтуге болатыны белгілі.

3-оқушы : Сан ғасырлар бойы исі қазақ ,жаны қазақ,ата-бабаларымыз осы қара шаңырақтың астындаөсті,өркен жайды,болашаққа ұрпақжалғастырды.Егемен еліміздің елтаңбасын білу,ол бейнелеп тұрған ойды терең түсіну – азаматтық парызымыз.

4-оқушы : Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем,оның асқар таулары мен айдын-көлдері,жайқалған орманы мен жасыл жайлауы –менің ақ бесігім.

Сұрақ – жауап ойыны.

  1. ҚР-ның туы мен елтаңбасы қашан қабылданды ? (1992ж 4- маусым)

  2. Жалаудың ұзындығы (2 метр)

  3. ҚР-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды? (1995 ж 30-тамыз)

  4. Конституция неше бөлім неше баптан тұрады ? (9 бөлім ,98 баптан)

  5. ҚР күні ? (25-қазан)


« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан »

Қр-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында



  • «Қазақстан - 2030» Стратегиясының 10- жылдығы –Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік іргетасын құра отырып,дамудың жаңа кезеңіне кіруге;

  • Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ;

  • Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету;

  • Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономика мен қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіздер.

Енді «Жаңа әлемдегі- жаңа қазақстанды » қалай елестетесіңдер соны сурет арқылы бейнелесеңдер.
Қорытынды
Менің Қазақстаным - менің болашағым

Елім

Отаным Білім алу Тілімді

Дінімді Жерім сақтау

Еліме қызмет ету

№205 қазақ орта мектебі




Сынып жетекшісі :Әбілдаев М
Сыныбы : 11 - сынып

2009 -2010 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет