1. Жаңа стандарт бойынша физикадан орта білім берудің мақсаты мен міндеттері Мақсаты



Дата02.03.2024
өлшемі16.73 Kb.
#493994
Практическое занятие 1-1708676220881


1. Жаңа стандарт бойынша физикадан орта білім берудің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі шешетін мәселелері: неге оқытады, не үшін оқытады, қалай оқытады? Физикадан орта білім берудің негізгі міндеттері мен мақсатын түсіндіру.
Жоспары: 1. Физикадан орта білім берудің мақсаты мен міндеттері:
а) берік білім беру;
б) қабілеттілік пен дағдыларды меңгеру;
в) политехникалық білім беру мен іскерлікке баулу;
г) сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру;
д) ойлау мен таным қабілеттілігін арттыру;
е) патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеу.
Физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды: оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар физикадан орта білім беруде мынадай мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:

  • материя құрылысының біртұтастығын, табиғаттың іргелі заңдарының әмбебаптығы мен олардың қолданылу аясын көрсету;

  • физикалық құбылыстар, ғылыми ұғымдар, заңдар, іргелі теориялар (атомдық-молекулалық және электрондық) элементтері, тәжірибелік деректер, физика мен астрономияның зерттеу әдістері жайлы білімдерді қалыптастыру;

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру;

  • оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғат құбылыстарын танып-білуге қызығушылығын, оқуға деген саналы түрдегі ынтасын дамыту;

  • оларда ғылыми мәліметтерді түсінуді, ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді, өз бетінше зерттеулер жүргізуді қалыптастыру;

  • қоршаған ортаға жеке тұлғалық қарым-қатынасты, техналогияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдануды, этикалық, және құлықтық нормаларды игеруді қалыптастыру;

  • жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымынығ әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу;

  • ҒТП-ның басты бағыттарының негізі мен өндірістің ғылыми негіздері жайлы білімдерді қалыптастыру.

Бұл міндеттер физика және астрономия курсы мазмұнының құрамы мен құрылымын жаңарту кезінде шешілмек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет