1. Жалпы ережелер «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»



жүктеу 60.94 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі60.94 Kb.
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер


  1. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет (бұдан - әрі мемлекеттік қызмет).

  2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрлігі әзірленді.

  3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – аумақтық орган) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:

1)  ХҚО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде куәлiк беру: 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды уәкілетті органға жеткізудегі 2 күн және ХҚО-ға орындалған құжаттарды жеткізудегі 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) ХҚО облыстық бөліміне  жүгінген кезде куәлiк беру: 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

3) осы Стандартқа 9-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең көп уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) Куәлiк алу кезінде алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны қағаз түрінде.

6. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтің нәтижесі шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк (бұдан әрі – куәлік) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

7. Ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін жалға алынған кемелерді мемлекеттiк тiркеудің алымы тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, ставка алымы «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде(Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселік айлық есептік көрсеткіш құрайды.

8. ХҚО-да мемлекеттік қызмет орталықтың белгіленген жұмыс кестесі бойынша түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Кеме куәлiгiнің телнұсқасын алу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;

2) жүзу жарамдылығы туралы куәлік;

3) өлшеу куәлігі («өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін);

4) сыныптау куәлігі;

5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

6) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемелері үшін);

7) кеменің жалдау шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыру ауыртпалығы немесе тіркелген кеме ипотеканың кепілзат ұстаушысының және меншік иесінің жазбаша рұқсаты;

9) қазақстандық кемені жалға алушының кеме атауын және тұратын орнын не жалдау шарты бойынша атауын және орналасқан жерін растайтын құжат;

10) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

11) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті биліктері берген құжат.

10. Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО-ның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

11. Қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке келуі кезінде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша жүзеге асырады.

12. Кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беруден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін берген осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарының Қағида талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.



3. Шағымдану тәртiбi
13. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

Шағымдану қызметті алушы тіркеу күннен бастап бес жұмыс күнін ішінде қарастырылады.

15. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.

Шағымдану қызметті алушы тіркеу күннен бастап бес жұмыс күнін ішінде қарастырылады.

16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушының аумақтық орган құқығы бар.

Шағымдану қызметті алушы тіркеу күннен бастап он бес жұмыс күнін ішінде қарастырылады.

17. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

19. Қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
4. Өзгеде басқа талаптар
20. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық – анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;



3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде.
_____________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет