14.1 Тілдердің генеологиялық классификациясы. Сұрақтар: Дүниежүзі тілдерін топтастыру түрлерін атаңыз. Алтай тілдері семьясы құрамында қандай топтар бар?
Пайдаланатын әдебиеттер: Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1993. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997. Мажитаева Ш.М., Жалмаханов Ш.Ш., Шахина С.Ж. Тіл біліміне кіріспе (оқу-әдістемелік кешен). –Қарағанды, 2005. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Отар Әлі Б. Түркітану. Алматы, 2003. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971.
15.Тақырып: Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы.
15.1 Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Сұрақтар: Дүниежүзі тілдері морфологиялық (типтік) классификация бойынша қандай топтарға жіктеледі? Алтай тілдері құрылымы жағынан қай типке жатады?
Пайдаланатын әдебиеттер: Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1993. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997. Мажитаева Ш.М., Жалмаханов Ш.Ш., Шахина С.Ж. Тіл біліміне кіріспе (оқу-әдістемелік кешен). –Қарағанды, 2005. Отар Әлі Б. Түркітану. Алматы, 2003. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Гуманитарлы-педагогикалық факультеті
Н-01-4-45-15
Практикалық сабақты өткізудің әдістемелік нұсқауы
ПӘН АТАУЫ: ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Оқу түрі: күндізгі бөлім
Көкшетау, 2016
Тіл біліміне кіріспе пәніне құрастырылған әдістемелік нұсқау оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес әзірленді.
Оқытушы туралы мәлімет: филол.ғ.д., профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы
Офис: КА-ның бас ғимараты, 2-қабат, 216 кабинет: Телефон: 32-62-20 (жұмыс), ұялы тел: 87014723756; электр.почта: kasiet_k@list.ru Контакт сағаттар: 800 -1800 с. Уақыты: бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі.
Кафедраның отырысында қарастырылды
Хаттама № __. «___» _______2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Е.Арыққарақызы
Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің
шешімімен мақұлданған. Хаттама № __. «___» _______2016 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы _________ Қажыбай А.Т.
КІРІСПЕ
«Тіл біліміне кіріспе» атты пәннің әдістемелік нұсқауы жұмыс жоспарларына сәйкестендіріліп жасалынды. Мұнда жұмыс бағдарламасы негізінде семинар мен өзіндік сабақтарының тапсырма материалдары қамтылып, студентке пәнді жетік меңгерту мақсатында әдістемелік бағыты көрсетіледі. Жоспар бойынша берілген тапсырмалар студенттің білім деңгейін анықтауға, танымдылық, шығармашылық әрекетін арттыруға мүмкіндік береді және зерттеу қабілетін қалыптастырады.
«Тіл біліміне кіріспе» курсының бағдарламасы теориялық және практикалық екі бағытта жүргізіледі. Курстың теориялық бөлімінде тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланыс, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика, грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік беріледі. «Тіл біліміне кіріспе» курсы қазақ филологиясының студенттері үшін өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын, фактілерін ғылыми терең түсінуге, ана тілінің туыс тілдерімен генетикалық жақындығын білуіне, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің практикалық сабақтарда теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді, студенттер тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білу және топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс. Студенттердің оқытушымен бірлесе жұмыс жасауы және практикалық сабақтар әр тақырып бойынша өткізіледі, одан әрі студенттердің білім дәрежесін тест арқылы тексеру, бақылау т.б. жұмыстары арқылы іске асады. Курс студенттердің оқу құралдарымен, анықтама және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына бағдар береді. Жұмыстың қандай түрі болмасын студенттерге лингвистикадан элементарлы мәлімет беру, тілдің қызметі, тілдердің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктерін, жазу мен оның түрлері, тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика және фонология, лексикология, грамматика туралы жүйелі білім алуына негізделген.
Практикалық сабақтың жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |