1. Жалпы мәлімет


-сабақтың тақырып сұрақтары



бет114/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

15-сабақтың тақырып сұрақтары: 1.Тілдердің морфологиялық типтерін анықтау. Сөздің құрлысына және грамматикалық мағынаның берілу тәсілдеріне анализ жасау. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер (сөзжасамдық және сөз тіркесі т.б.). 2.Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Синтетикалық құрылысты тілдер. Тілдердің даралаушы (түбір), жалғамалы (агглютинативті) және фузиялы (флективті) типтері. Қазақ тілі-синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. 3.Қазақ тіліндегі даралаушы және фузиялы (флективті) тілдік элементтердің көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы.
Пайдаланатын әдебиеттер: Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1993. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997. Мажитаева Ш.М., Жалмаханов Ш.Ш., Шахина С.Ж. Тіл біліміне кіріспе (оқу-әдістемелік кешен). –Қарағанды, 2005. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Отар Әлі Б. Түркітану. Алматы, 2003. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


«Көкше» академиясы
Гуманитарлы-педагогикалық факультеті

Н-01-4-45-15


СӨЖ арналған әдістемелік нұсқауы


ПӘН АТАУЫ: ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ


5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы


Оқу түрі: күндізгі бөлім


Көкшетау, 2016


Тіл біліміне кіріспе пәніне құрастырылған әдістемелік нұсқау оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес әзірленді.


Оқытушы туралы мәлімет: филол.ғ.д., профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы


Офис: КА-ның бас ғимараты, 2-қабат, 216 кабинет: Телефон: 32-62-20 (жұмыс), ұялы тел: 87014723756; электр.почта: kasiet_k@list.ru Контакт сағаттар: 800 -1800 с. Уақыты: бекітілген сабақ кестесі бойынша өткізіледі.
Кафедраның отырысында қарастырылды
Хаттама № __. «___» _______2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Е.Арыққарақызы

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің


шешімімен мақұлданған. Хаттама № __. «___» _______2016 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы _________ Қажыбай А.Т.

КІРІСПЕ



«Тіл біліміне кіріспе» атты пәннің әдістемелік нұсқауы жұмыс жоспарларына сәйкестендіріліп жасалынды. Мұнда жұмыс бағдарламасы негізінде өздік сабақтарының тапсырма материалдары қамтылып, студентке өз тарапынан пәнді жетік меңгерту мақсатында әдістемелік бағыты көрсетіледі. Жоспар бойынша берілген тапсырмалар студенттің білім деңгейін анықтауға, танымдылық, шығармашылық әрекетін арттыруға мүмкіндік береді және зерттеу қабілетін қалыптастырады.
«Тіл біліміне кіріспе» курсының бағдарламасы теориялық, практикалық және өздік жұмыстары негізінде жүргізіледі. Курстың теориялық бөлімінде тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика, грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік беріледі. «Тіл біліміне кіріспе» курсы қазақ филологиясының студенттері үшін өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын, фактілерін ғылыми терең түсінуге, ана тілінің туыс тілдерімен генетикалық жақындығын білуіне, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің өздік сабақтарында теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз етеді, студенттер тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білу және топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс. Студенттердің өз тарапынан жұмыс жасауы әр тақырып бойынша өткізіледі, одан әрі студенттердің білім дәрежесін тест арқылы тексеру, бақылау т.б. жұмыстары арқылы іске асады. Курс студенттердің оқу құралдарымен, анықтама және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына бағдар береді. Жұмыстың қандай түрі болмасын студенттерге лингвистикадан қысқа да нұсқа мәлімет беру, тілдің қызметі, тілдердің пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктерін, жазу мен оның түрлері, тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика және фонология, лексикология, грамматика туралы жүйелі білім алуына негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет