Сабақтың тақырып сұрақтары: 1.Тілдердің морфологиялық типтерін анықтау. Сөздің құрлысына және грамматикалық мағынаның берілу тәсілдеріне анализ жасау. Тілдердің типтерін айқындайтын белгілер (сөзжасамдық және сөз тіркесі т.б.). 2.Тілдердің морфологиялық (типтік) классификациясы. Синтетикалық құрылысты тілдер. Тілдердің даралаушы (түбір), жалғамалы (агглютинативті) және фузиялы (флективті) типтері. Қазақ тілі-синтетикалық құрылысты, жалғамалы тіл екендігі. 3.Қазақ тіліндегі даралаушы және фузиялы (флективті) тілдік элементтердің көрінісі, аналитикалық тәсілдің қолданылуы.
Пайдаланатын әдебиеттер: Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1993. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997. Мажитаева Ш.М., Жалмаханов Ш.Ш., Шахина С.Ж. Тіл біліміне кіріспе (оқу-әдістемелік кешен). –Қарағанды, 2005. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Отар Әлі Б. Түркітану. Алматы, 2003. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971.
8.Бiлiмдi бағалау жөнiнде ақпарат
Студенттердің білім деңгейлерін тексеру және бағалау жолдары: Студенттердің білімін тексерудің бір түрі - семестр ішіндегі бақылауына: 1 және 2-аралық бақылау, өздік жұмысы, практикалық (семинар) сабақтар мен СОӨЖ тапсырмаларын орындауы есепке алынады. Бақылау түрлеріне: ауызша және жазбаша жауап, практикалық және өздік жұмыс ішіндегі тапсырмалар кіреді. Студенттердің аралық бақылау өтілген тақырыптар бойынша ауызша, жазбаша жұмыс түрлері немесе арнайы тест арқылы тексеріледі. Студенттердің қорытынды бақылауы тест немесе билет түрінде емтихан алынады. Пән бойынша қорытынды бағаны қоюда мыналар есепке алынады: студенттердің сабаққа қатысуы, сабақ оқу белсенділігі, аралық бақылаулары, өздік жұмыс, семинар тапсырмалары бойынша алған үлгерімінің жалпы ұпайы. Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды): -студенттің пән бойынша дайындаған баяндамалары мен рефераттар; пікір сайыс; аралық бақылау түрлері (тест, сұрақ-жауап, конспект, тілдік талдау т.б.). Бақылау әдісі: сұрақ-жауап, ауызша-жазбаша жұмыс, тест сұрақтары немесе билеттік сұрақтар негізінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |