1. жалпы мәліметтер оқытушы



бет1/8
Дата28.12.2022
өлшемі2.33 Mb.
#468030
  1   2   3   4   5   6   7   8
Силлабус СГ КРЯЛ-4 курс




1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Оқытушы: Есенова Гүлшат Серікқызы, гум.ғыл.магистрі, аға оқытушы, esen_gulshat@mail.ru, Конференцияның ID номері – 499 605 5895 Пороль: 840443
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Салыстырмалы грамматика курсы агглютинативті қазақ тілі мен флективті орыс тілдерінің фонетикасын, лексикологиясын, сөзжасам жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін салыстыра меңгерту арқылы қазақ және орыс тілдерінің құрылымындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарға байланысты ерекшеліктерін әр сала бойынша салыстыра зерттеуге үйретеді. Курста бойынша тапсырмаларды орындау арқылы қазақ және орыс тілдерінің фактілерін салыстырудың практикалық дағдысын қалыптастыруға қатысты ұсыныстар беріледі.
Оқыту мақсаты: Салыстырмалы грамматика пәнінің мақсаты – аггютинативті қазақ тілі мен флективті орыс тілінің құрылымындағы айырмашылықтарға қатысты білім дағдыларын әр сала бойынша салыстыра зерттей білуге көмек көрсету. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесін, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесінің ерекшелігін, құрылымын, сөз тіркесінің басқа тілдік бірліктерден айырмашылығын білуі керек.
Оқыту нәтижелері:

  1. Білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану, өз саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін түсіну және көрсете білу, салыстырмалы грамматика бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

  2. Сала бойынша дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу, ғылыми пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және жүзеге асыру, өз саласына сәйкес деректерді жинау және мәселелерді шеше білу 

  3. Дәрісті, ғылыми тұжырымдамаларды жіктей білу, қазақ және орыс тілдері бойынша базалық білімін зерттеушілік және кәсіби бағытта қолдана білу

  4. Оқу барысында алынған білім маманға қазақ тілін кәсіби қызметтің әр түрлі салаларында, ғылыми тәжірибелік жұмыста, әріптестерімен тілдесуде, өзін-өзі қалыптастыру және өзге де мақсаттарда қолдана білу

  5. Курс бойынша материалдың маңызын, қорытындылар сәйкестігін бағалай білу, ғылыми-техникалық, жаратылыстану және жалпы ғылыми ақпараттарды проблемалық мәселелерге сай жылдам табу, талдау және контекстік сауатты өңдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет