1 Жалпы терапия және алдына алу шаралары



бет2/4
Дата06.12.2019
өлшемі80.61 Kb.
#447659
1   2   3   4
VNB Aa-1-1-1-1-1


Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне  тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас төлдер мен кәрі малдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады.

3.Анемия (гр. αναιμίαқан аздығы) ауырған малдың қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ұшықтыра түседі.

9



1.Оттегімен байытылған ортада емдеу. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз бірнеше минут қана өмір сүруге болады. Жасушалар мен тканьдер өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза тканьдеріндегі оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.Мал ағзасының барлық органдары мен тканьдері қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек.

2.Төл аурулары. Төлдердің бұлшық еттерінің ағарып ауруы-«ет дистрофиясы»,«миопатия»,«тауық еті»-минералды заттардың, белоктардың, көміртегінің алмасуларының бұзылуларына қаңқа бұлшық және жүрек еттерінің биохимиялық,морфологиялық,функционалдық қабілеттерінің өзгеруімен сипатталатын,төлдердің өте ауыр түрде жүретін ауруы.Себептері.Аурудың негізгі себебі мал мал рационында селен элементі мен Е витаминінің жеткіліксіздігі.Қосымша себептері ретінде белоктың, ауыстырылмайтын амин қышқылдарының, кобальттың, марганецтің,йодтың әсіресе буаз малдардың азығында жеткіліксіз болуыДамуы.Ауруының себептерінің әсерінен диссиляция процесі үдейді де, зат алмасу процесі бұзылады.Бұлшық еттердің қоректенуі бұзылғанда, ондағы белоктардың ыдырауы жылдамдайды. Қан тамырларының қабырғасының, торшаларының мембранасының өткізігіштік қабілеті өзгереді, олардың құрылысы бұзылады. Тамыр соғысы жиі, аритмия, жүректің екінші сазы бөлінген, әлсіз.Дем алысы жиі.Аяқ еттері тартылып, сіресіп қалады да,төлдер өздігінен енесін емеде алмайды. Ауруды анықтау үшін анамнез, клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге, лабороториялық зерттеулердің нітижелеріне сүйену керек.Болгария оқымыстысы Б.Начев қозыларды 0,5-0.7 м биіктіктен жерге тастап жибергенде сау қозылар бірден аяқтарына тұрып жүгіре жөнелетінің, ал ауру қозылар түскен орнында жатып қалатынын анықтаған.

3.Флюрография.

Рентгендік зерттеу кезінде техникалық жағдайлар мен параметрлерді қатаң сақтау керек.Рентгенография кезінде артефактың пайда болу себебі: кассета арасында және күшейткіш экранға бөгде заттардың түсіуі, және де сәуле шоғының жүрісі де, күшейткіш экркнның сәулелік бетініңконтрасты заттармен кірлеуі, түссізденуі, бұрыс айқындау, жуу, кептіру, олардың бұрыс нәтижесі болып табылады. Рентгенография кезінде суреттің дұрыс маркіленуі маңызды (нөмірленуі, берілген күні, айы, жылы, суреттің меншікті заттары т.б.) Маркирлеу үшін қолайлы трафаретімен қоса қағаз жапсырғыш және металл нумераторлар жиынтығы, сия таңбалар қажет.Рентгенодиагностикаға пайдаланатын контрастық заттарды 2 топқа бөлінеді: жоғары тығыздық бойынша (висмут, барий, йод, бром) және төменгі тығыздық қатынасы бойынша (өттегі, гелий, ауа, азоттың асқын тотығы, көмір қышқыл газы).

10



1.Өкпе эмфиземасының клиникалық белгілері. Өкпе эмфиземасы-өкпенің шектен тыс патологиялық кеңейгенінен оның көлемінің ұлғаюы. Эмфиземаның альвеолярлық – өкпелердің кеңеюі альвеолалар ұлпасының созылуы арқылы пайда болатын және интерстициалдық – бөлікшелер аралық дәнекер ұлпасына ауаның еніп жиналуының салдарынан пайда болатын түрлерін ажыратады. Өтуі бойынша эмфиземаны – жіті және созылмалы, орналасуы бойынша – жайылған және шектелінген түрлерге бөледі. Альвеолярлық эмфизема, көбінесе бәйге атында және иттерде кездеседі, ал интерстициальды эмфизема ірі қара малда байқалады.

2.Жарақатты перикардит.Перикардит - жүрекқаптың қабынуы, вирустық инфекция немесе жүректік ұстаманың нәтижесінде дамиды. Перикардит ревматоидтық шабуылдың,бүйрек ауруларының немесе жүрекқапты тесіп өткен жарақаттың нәтижесінде дамуы мүмкін.Оның симптомдарына тыныс алудың қиындауы,дене қызуының көтерілуі,шаршағыштық жатады.Оларды көп жағдайда қабынуға қарсы заттарды қолдану арқылы басуға болады,кей жағдайларда хирургиялық ем қажет.

3.Фонокардиография-арнайы аппаратпен жүрек қызметін,оның саздарын күшейту және жазу арқылы зерттеу.Фонокардиограмма-жүректің кушейтілген дыбыстарын фотоқағазға немемес сия арқылы милиметрге бөлінген қағазға жазу.Электрокардиограф құрылғысының сызбасын көру.Аспаппен жұмыс жасау. Электрокардиографтың жұмысын тексеру. Жануардың (жылқы, ірі қара мал) алдыңғы оң және сол жақ сирақ және артқы сол жақ тірсекке, ал ит, қой, ешкі, шошқаның алдыңғы оң және сол жақ тірсекке ас тұзының 5 % ерітіндісі сіңдірілген дәке тартып, үстіне электрокардиографтың металл пластинкаларын бекітеді. Содан соң электрокардиограф кабелімен қосады. ЭКГ-ны түйеден басқа жануарларда тұрған күйінде (жүргізеді) жазады. Электрокардиограмма үш кезеңде жазылады: 1- кезең – алдыңғы оң және сол жақ сирақ (жүрекшелердің қозуы). 2 – кезең – алдыңғы оң жақ аяқтың сирақтан артқы сол жақ аяқтың тірсегінде (оң және сол жақ қарыншалардың қозуы). 3 – кезең- алдыңғы сол жақ аяқтың сирақтан артқы сол жақ аяқтың тірсегінде (сол жақ қарыншаның қозуы). Электрокардиограмма түзу изопотенциалдық сызықтан және бес тісшеден тұрады. Олардың ішінде 3 тісше изопотенциалдық сызықтан жоғары көтеріледі де оларды оң тісшелер деп атайды. Ал екеуі изопотенциалдық сызықтан төмен түседі, оларды теріс тісшелер деп атайды. Электрокардиограмманы жазып болғанда, аспаптың қуаттығышы өшіріледі, электродтар ажыратылады. Содан соң тексеріліп отырған жануардың электрокардиограммасы оқылады.

11



1.Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне  тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас төлдер мен кәрі малдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Пневмония екіге бөлінеді: лобарлы (бөлікті) және лобулярлы(бөлшекті).Лобарлы (бөлікті,ошақты)пневмония – қабыну процестерінің әдеттегідей өткен жағдайының өзінде, өкпелерге тез өрбіп, үлкен көлемге таралып, аурудың бастапқы сағаттарының ішінде-ақ көп бөліктерін не жеке өкпелерін зақымдаумен сипатталады.Лобулярлы(бөлшекті)пневмония – қабыну процестерінің өкпе бөлшектеріне бірте-бірте таралуымен сипатталады.

2.Жүрек дүрсілі аймағын көру және сипау. Көру және сипау арқылы жүрек дүрсілін анықтауды және нұқу арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету. Жүрек дүрсілі – қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілінің ең айқын білінетін орны : ірі қара малда – сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары, ауданы 5-7 см2 ; ұсақ малдарда: ірі қара малдардікі сияқты; жылқыда – сол жақтан 5-ші қабырға аралығында, ауданы 4-5 см2 ; шошқада- сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, ауданы 2-4 см2 ; Жүрек дүрсілін тексергенде келесілерді анықтайды:1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады.2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады.3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады.4.Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады.

3.Жарақатты перикардит. Перикардит - жүрекқаптың қабынуы, вирустық инфекция немесе жүректік ұстаманың нәтижесінде дамиды. Перикардит ревматоидтық шабуылдың,бүйрек ауруларының немесе жүрекқапты тесіп өткен жарақаттың нәтижесінде дамуы мүмкін.Оның симптомдарына тыныс алудың қиындауы,дене қызуының көтерілуі,шаршағыштық жатады.Оларды көп жағдайда қабынуға қарсы заттарды қолдану арқылы басуға болады,кей жағдайларда хирургиялық ем қажет.

12



1.Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне  тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас төлдер мен кәрі малдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Пневмония екіге бөлінеді: лобарлы (бөлікті) және лобулярлы(бөлшекті).Лобарлы (бөлікті,ошақты)пневмония – қабыну процестерінің әдеттегідей өткен жағдайының өзінде, өкпелерге тез өрбіп, үлкен көлемге таралып, аурудың бастапқы сағаттарының ішінде-ақ көп бөліктерін не жеке өкпелерін зақымдаумен сипатталады.Лобулярлы(бөлшекті)пневмония – қабыну процестерінің өкпе бөлшектеріне бірте-бірте таралуымен сипатталады.

2.Эндокардит және перикардит.

Эндокардит (Endocarditis)– жүректің ішкі қабының қабынуы. Өтуі бойынша (endocarditis acuta) және созылмалы(endocarditis chranica),орналасуы бойынша-суйелді(endocarditis verrucosa) және ойық жаралы(endocarditis ulserosa) түрлерге бөлінеді.Эндокардит – ылғида, ңндетті-уланудан туындайтын ауру. Эндокардиттің дамуында қабыну мен шіру және бұзылу процестері де жүріп жатады.

Перикардит - жүрекқаптың қабынуы, вирустық инфекция немесе жүректік ұстаманың нәтижесінде дамиды. Перикардит ревматоидтық шабуылдың,бүйрек ауруларының немесе жүрекқапты тесіп өткен жарақаттың нәтижесінде дамуы мүмкін.Оның симптомдарына тыныс алудың қиындауы,дене қызуының көтерілуі,шаршағыштық жатады.Оларды көп жағдайда қабынуға қарсы заттарды қолдану арқылы басуға болады,кей жағдайларда хирургиялық ем қажет.

3.Перитонит (лат. perіtoneum — іш перде) — іш қуысын және онда орналасқан органдарды жауып тұратын сірі қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы. Перитониттің біріншілік және екіншілік ретінде пайда болатын түрлері бар. Күнделікті өмірде жиі кездесетін түрі — екіншілік Перитонит (99%). Ауру іш қуысында жатқан органдардың қабынуынан (соқыр ішек, холецистит, аднексит, т.б.) іш пердеге әр түрлі инфекцияның (ішек таяқшалары, стафилококк, стрептококк,протей, т.б.) түсуінен, ішкі органдардың жарақатынан (ішек түйілу), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының тесілуінен болады.Перитониттің жергілікті және жайылмалы түрлері болады. Ішкі органдардың Перитонитінде қабыну біртіндеп дамиды. Ауру сезімі алғашқыда бүкіл іш құрылысын қамтиды. Іші кеуіп, дене қызуы көтеріледі, іш пердесінің бұлшық еттері жиырылып, қатаяды. Қанда лейкоциттердің мөлшері көбейеді. Егер осындай белгілер байқалған кезде жедел дәрігерлік көмек көрсетілмесе, организмде улану процесі басталады, яғни, науқастың терісі бозарып, көз жанарының нұры тайып, құсуы жиілейді, ауа жетпей, тынысы тарылып, жүректің соғуы жиілейді (тахикардия), қан қысымы төмендейді.

13



1.Электрокардиография. Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне инфаркт миокарда шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23—27 секунд.Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.

2.Пневмоторакс плевраның қуысына ауаның жиналуы.Дерт малдың дерлік барлық түрлерінде кездеседі.Пневмоторакс бір жақтылы болуы мүмкін.Жылқыда пневмоторакс тек екі жақтылы ғана болады.Себептері.Пневмотораксті жиі тудыратын себептің бірі кеуде қуысының өтпелі жарақаты.Пневмоторакс бронхтар мен кавернаның жыртылуынан да пайда болуы мүмкін,ірі қара малда пайда болуына диафрагманың таз қарын жағынан ісіктік заттармен тесілуі себепкер болуы мүмкін.Дамуы.Пневмоторакстың ашық,жабық және қақпақшалы түрлері болады.Пневмоторакстың ашық түрінде ауа мал тыныстағанда плеврадағы тесік арқылы плевра қуысына еніп,ал дем шығарған сайын одан сыртқа шығып тұрады.Сөйтіп,плевра қуысындағы қысым атмосферадағы қысыммен теңеліп,бірте-бірте өкпенің солуына әкеліп соқтырады.Пневмоторакстың жабық түрінде плевра қуысы сыртқы ауамен қатынаспайтын болғандықтан қуыстағы қысым атмосферадағыдан орайлы жағдайда өтеді,себебі плевра қуысына енген ауа денеге сіңіп кетеді.Қақпақшалы пневмоторакс,тыныс алғанда плевраның қуысына ауаның еніп,ал дем шығарғанда қуыстағы тесік жабылып ауаның қайтадан шыұпауымен сипатталынады да,плевраның қуысындағы қысым үдемелі түрде көтеріліп,өкпелерге жан-жағынан түсіріп тез арада солдырады.

3.Оксигенозотерапия.Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану.Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді.Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады.Атмосфералық ауамен белгілі бір қатынаста оттегі ылғалдануы тиіс.Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс.Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет.Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.Оттегін мүрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі (5ар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет.

14



1.Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары. Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау; б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру; в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру: д) жылқы ауақабын тексеру: е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру; ж) жөтел мен қақырықты тексеру; з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді.Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін.Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді.Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды.Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады.Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

2.Миокардит және миокардоз.

Миокардит (Муосаrdіtіs - жүрек бұлшық етінің абынуы) —Миокардтың қабынуы. Жүректік бұлшық еттің миокардит деп аталатын қабынуы, көбінесе вирустық инфекциямен байланысты. Бірақ оған ревматизмдік шабуыл немесе сәулелену, дәрілік және химиялық заттардың әсер етуі себеп бола алады. Көп жағдайда ауру емдеусіз жазылады.

Миокардоз (Myocardosis) – деп, жүрек етінің қабынбай өтетін ауруының жалпы жиынтығын айтады. Малда бұл ауру екі клиникалық түрде – жүрек етінде зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын онша бұзбай (миокардиодистрофия) және жүрек етінің зат алмасуының өзгеруі оның құрылымын байқарлықтай бұзып (миокардиодегенерация) өтеді.

3.Жануарларда қызыл және көк қан тамыр қысымын анықтау. Жүрек қантамыр жүйесінің функционалдық қабілетін тексеру. Артерияны тексеру. Артерияның соғысы (жиілігі, қанмен толуы: толық, орташа, бос; кернеу: жұмсақ, қатты, иілгіш; мөлшері: үлкен, орташа, кіші; күші: күшті, орташа, әлсіз; ырғақтылығы: ырғақты, ырғақсыз, жүйелі емес, біркелкі емес; жүрек соғысының өзгешелігі: өзгерссіз, секірмелі, баяу ).Қызыл қантамырларын тексеру. Тақ тұяқты жануарлардың қызыл қантамырының соғуын: 1) сыртқы жақ: 2) көлденең бет; 3) беткей самай және 4) ортаңғы құйрық қызыл қантамырларында тексереді.Ірі қара малда: 1) бет; 2) сафен; 3) құйрық қызыл қантамырларында тексереді. Түйеде: ортаңғы құйрық қызыл қантамырында тексереді; Итте: иық және жамбас қызыл қантамырларында тексереді; Тамыр соғуының жиілеуі – тахикардия, қызба, улану, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ақаулары, анеми және т.б. кезде кездеседі. Тамыр соғуының бәсеңдеуі – бродикардия, холемия, бас миының ісіктері, улану кезінде болады. Тамыр соғуы: толық, жартылай, бос, баяу, қатты, жай, тамырдың білінбей соғуы болады.Қантамыр қабырғасының керілуіне байланысты тамыр соғуы әлсіз және қатты болады. Тамыр соғысы жүрек жетіспеушілігінде, коллапс, шок кезінде әлсіз, ал бүйрек ауруларында, улануда қатты болады. Вена қантамырлары (латынша «vena» - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға жәнет.б. қаныққан канды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналаскандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық кантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі куысты вена қантамырларына айналады. Бүл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

15



1.Жануарлардың көкірек қуысын нұқу; Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды. Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы. Негізгі тыныс алу шулары.1.Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін. Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады. 2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.3 Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенің инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет. Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде,дем алумен сәйкес келетін шу.

2.Миокардиосклероз жүрек етінің фиброзданып өзгеруінен айырмашылығы, мұнда дәнекер ұлпалар жүрек етін қоректендіретін тамырлардың (коронарлық) айналасында басымырақ өседі. Бұл ауруларда көбінесе (артериосклероз) ретінде бүкіл организмнің қан тамырлары зақымдалады (әсіресе кәрі малдарда). Себептері.Бұл аурулар көбінесе миокардиттің, миокардоздың салдарынан пайда болады, бірақ жүрек күре тамырларының зақымдануына байланысты жүрек етінің қорегі ұзақ уақыт бұзылса, өздігінен де дами береді. Көп жағдайларда бұл аурулар организмнің жалпы қартаюының нәтижесінде пайда болады.Дамуы.Дәнекер ұлпаның,соның ішінде,фиброзды ұлпаның жүрек бұлшық еттерінің арасында өсуі,көпшілік жағдайда,қабынудың не бұзылып-азғындау процестерінің (миокардит не миокардоздың) соңғы даму кезеңі болып қаралады.Фибринді ұлпаның бұлшық ет талшықтарының араларында өсуі (миокардиофиброзда)немесе жүрек күре тамырларының айналасын қамтуының (миокардиосклероз)әсерінен миокардың сау жерлері және қан тамырлары қысылып, оның қоректенуін бұзады да, бұзылып-азғындау процестеріне әкеліп соғады.Құрылымы бұзылған жерлерде жүрек етін дәнекер ұлпалар ары қарай ығыстыра береді.Ауру ауыр өткен жағдайда жүрек етінің кейбір жерлері тіпті әктеніп кетуі де мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет