Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомия-лық құрылысын зертгеуде Ф. М. Мұхаметқалиев, А. Р. Ра-қышев т. б. ғалымдар мен олардың шокірттерінің зертгеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қальштасуы 1938 жылдан басталады. Бүл жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ. И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясыныц қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жогары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:
1. НегізІн А. П. Полосухия қалаған қан жоне лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, I. А. Бірімжанова, Л. Е. Бөлекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. галымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына өсері, жүрек-қан тамырлар жүиесіне бірінші және екінші сигнал жүиелері арқылы шартты өсерлер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар О. Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде есетін түрлі шипалы осімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды боліл алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етгі.
2. Академик Н. О. Базанованың шәкірттері профес-сорлар Қ. Д. Дүйсембин, Т. О. Измаилов, 3. Қ. Қожебеков,А. П. Полосухип (1901-1965)
Н. О. Базапова (1911-1993)
Б. Н. Никитин, К. Т. Ташенов организмнің ас қорыту ерекшеліктсрін, оның реттелу механизмдерін, жас ерекшеліктерін, сүтгің лайда болуы мен реттелуін, босанған әйелдердіц сүтсіздігін (агалактия) жэне оиың бала организміпе тигізген әсерін зерттеп үлкек табыстарға жетуде.
3. Қазакстандағы физиология гылымының жаңа салалары - нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу моселесінің дамуына профессорлар Қ. С. Рымжанов, С. Ж. Тілеулин, С. Т. Төлсуханов және олардың июкіргтері үлесін қосуда._
Мектеп гигиенасы ^жалпы гигиена (гигея - емдеуші, денсаулық әкелуші) ғыЛымымен тікелей байланысады. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталган шараларды зерттейтін ғылым^Адам денсаулығы табиғи жоне әлеуметтік-экономикалық өсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын үйымдастырып, оларды жүзеге асырып, бақылайды. Халық денсаулығы, әсіресе халыктың болашағы - балалар мен жастардың денсаулығы әлеуметтік мақсат болғандықтан, табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жонге келтіру. денсаулық сақтауға қажетті молшерлерді жасына сай анықтап, оны іске қосу мөселелерін гигиена ғылымы шешеді.
Гигиеналық құрылыстар ертеден бері салынып келеді. Мысалы, Ресейдің Новгород қаласында XI ғасырда салынған су ағатын қүбырлардың қалдығы табылған. Сондай құбырлардың қалдығы өзіміздің Отырар қаласының жөне еліміздің басқа археологиялық қазбаларынан да табылды. Ең алғашқы гигиеналық құрылыстарға моншалар, басқа жуыну орындары көпшілік елдерде ерте заманнан бері пайдаланылып келеді/Дененің тазалығын сақтауға байланысты нұсқаулар діни кітаптарға да енгізілген. ХУІІІ-ХІХ ғасырларда орыс гигиенистері дәрігерлер М. Я. Мудровтың, А. П. ДоброславиннІң, Ф. Ф. Эрисманның және т. б. қосқан үлестері ерекше. Олар халық арасына санитариялық білім таратуға, ғылыми зергтеулердің нәтижесін іске асыруға. дамуы кешеуілдеген халыққа мөдениет тарату үшін көп еңбек сіңірген.
Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалап, гигиеналық-санитариялық жүмысты жөнге келтіруге, қоршаған сыртқы ортаны залалды заттардың өсерінен сақтау моселелерін шешуде ҚР ҮҒА-ның мүше-корреспонденті, медицина ғылымының докторы, профессор Б. А. Атшабаров пен академик Т. Ш. Шарманов және олардың шәкірттері коп еңбек етті.
Республикамыздағы денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы өлкелік аурулар (патология), кейіннен гигиена жөне көсіби ауруларды зерттеу институты болып аталған Қарағандыдағы гигиена және еңбек физиологиясы институгыңда Т. А. Құлқыбаевтың басқаруымен және басқа ғылыми зерттеу институттарында тамақтанудың өлкелік мәселелері, обаға қарсы түру, еліміздегі экологиялық жағдайларға байланысты моселелер, олардың адам организміне (соның ішінде бала орнанизміне де) әсері толық жан-жақты зерттелуде.
Қазақстандық ғалымдар Арал мен Балхаш, Семей экологиялық жағдайларына кеп көңіл бөліи, халықтың денсаулығын сақтау, үлкен қырғынға үшырататын ауруларды болдырмау жоддарын іздеуде көп еңбек сіңіріп жатыр.
Профессор Б. А. Атшабаров өзінің шәкірті Б. А. Әбеуов екеуінің ашқан мидың қан айналыс срекшелігін зерттеу тәсілінің жаңа түрін, ондіріс орындарындағы ауыр металдармен улану, оііың миға әсерін анықтау жолдарын үсынды. Қазірдс гигиснаның үлкен мәселелерінің бірі -үлкен өндірістер мен ірі қалаларда ауыр металдармен уланудың алдын алу мвселелерін шешу.
Академик Т. Ш. Шарманов пен профессор А. А. Алдашев Қазақстан жағдайында тамақтану ерекшеліктерін үзак зерттеп, адамға кажетті витаминдердің мөлшсрін анықтады және авитаминоз ауруларын емдеу тәсілдерін үсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |