1 Жасуша теориясынын ашылу тарихы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата02.11.2023
өлшемі0.54 Mb.
#482201
1   2
жұб

Пресинтетикалық кезеңде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық 
жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс 
материалының(көмірсу,май және белок) синтезделуі қажет.
Синтетикалық кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық 
материал 2п 4с күйінде кездеседі. 
Постсинтетикалық кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада 
көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, 
органеллалар саны да көбейеді
Митоз жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. 
Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды. 
24 Митотикалық цикл. 
Митотикалық цикл дегеніміз жасушаның бөлінуі Тіршілік немесе жасушалык 
цикл деп белгілі уакыт аралытында жасушанын 
курылымды- функциональдык сипаттамаларынын зандылыкты 
езгерістерін атайды. 
Жасушалык цикл - аналык жасушанын 
беліну натижесінде пайда болган жас жасушанын келесі белінуге немесе 
тіршілігін жоюта дейінгі кезен. 
Жасушалык цикл кезендері: 
1. жасушанын кобею кезені (митоздык 
цикл); 
арнайы кызмет аткару кезені; 
тыныштык кезені. 
Тіршілік циклынын кезендерінін узактыры жалпы оте озгергіш жене жасуша 
типіне байланысты болады. 
Удайы белінетін улпаларда, мысалы ішек эпителийінде жане тері эпидермисінде 
жасушалар унемі митоздык беліну сатысында болады (80%). Ал калгандары 
жіктеліп, арнайы 
кызметтер аткарады. Бауырдын жане 
буйректін жасушалары тек кана 5-10% удайы белінеді, ал калгандары арнайы 
кызмет аткарады. 


25 Митоз. Митоздың биологиялық маңызы. 
Митоз дене (соматикалық) жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің бір 
түрі, ол ДНК ақпаратын толық қатесіз кошіреді, жаңа жасуша тудырады.
Митозтоздық бөлінуі кезінде бір диплойдты жасушадан (2n) генетикалық 
материалы теңдей бөлінген екі диплойдті жасуша түзілген.
Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі — интерфаза кезеңінде, сонымен 
қатар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты 
процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір 
бөлігін құрайды. Митоз 4 фазадан тұрады.
Митоз көп жасушалы ағзалар жасушарының көбеюінің негізгі жолы болып 
табылады. 
Митоз немесе кариокинез процесі кезекпен келіп отыратын 4 фазадан тұрады, 
олар: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.Профаза – ядроның бөлінуге 
дайындалған бірінші сатысы.
Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының 
салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде 
хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде 
ядрошықтар бұзылады. 
26. Метафазалық хромосомалар типтері. жасуша және оның ядросының 
бөлінуінің екінші фазасы.
Митоз процесінде көптеген организмдердің жасушалары ядросының бөлінуі 
кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық 
жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған 
хромосомалар цитоплазмада қалады.
Бұл фазада (стадияда) хромосомалар жасушаның бөліну ұршығының екі полюсы 
арасында орналасқан жазықтыққа жиналады. Түзілген метафазалық негізгі 
пластинка метафазаның ерекшелігі болып табылады. Бірінен соң бірі 
жүретін гаметаның түзілуі кезінде екі мейоздық бөлінудің (мейоз І және мейоз ІІ) 
әрқайсысының Метафаза стадияларын бөлуге болады.
Метафазалық пластинка құрады, мұнда гомологтық хромосомалардың 
центромералары пластинканың қарама-қарсы жағына орналасады. Ал 
гомологтық болса бір-бірімен хромосомалар ұшына жылжыған хиазмалар 
арқылы байланысады. Метафаза І-де аталық және аналық хромосомалардың 
Метафазалық пластинканың екі жағына теңдей бөлінуі мүмкін нәтижесінде әрбір 
гаметада аталық немесе аналық хромосомалар болуы мүмкін. Метафаза ІІ-де 
хромосома центромералары ұршық жіпшелерге бекініп Метафаза 
пластинкасында орналасады.  Бірінен соң бірі жүретін 
гамета 
түзілуі кезінде екі 
мейоздық бөлінудің (мейоз І және мейоз ІІ) әрқайсысының Метафаза 
стадияларын бөлуге болады.


27 Кариотипке түсініктеме
Хромосомалар жиынтығы (набор хромосомов) 
— организмнің әрбір жасушасыядросындағы адам мен жануарлар түрлеріне 
ғана тән құрылыс белгілері болатын хромосомалар жиынтығы. Хромосомалар 
жиынтығында хромосомалардың белгілі бір түрінен, яғни бір-біріне ұқсас тек екі 
хромосома болады. Бұларды гомологиялық хромосомалар деп атайды. Дене 
(сома) жасушалары хромосомалар жиынтығында бір-біріне 
ұқсас хромосомалар қосарынан орналасады. Бұлардың біреуі аналық 
организмнен, ал екіншісі аталық организмнен тұқым қуалау арқылы келген. 
Сома жасушасындағы қосарынан орналасқан хромосомаларды — 
хромосомалардың диплоидты жиынтығы (2п), ал мейоздық бөлінуден кейінгі 
пісіп жетілу сатысындағы жыныс жасушаларындағы бір-бірден жеке жатқан 
хромосомаларды — хро-мосомалардың гаплоидты жиынтығы (п) деп атайды 
Бір түрге жататын организмнің әр түрлі дене тканьдері клеткаларының хромосомаларын 
зерттеу мынаны көрсетті: әр түрдің хромосома саны және оның құраліы оның езіне ғана 
тән болады. Жануарлардың немесе өсімдіктердін, белгілі бір систематикалық тобының 
дене клеткасындағы хромосомалар жиынтығын кариотип деп атайды. 
Жоғарыда айтылғандай, хромосоманы зерттеу кезінде клетканың экваторлық 
пластинкасында оларды сынауға болады, ал хромосомалардың морфологиясын, 
құрылымын және шамасын талдау олардың өзара ұқсастығы мен айырмасын дәл 
анықтауға мүмкіндік береді. 
28 Амитоз, эндомитоз. Полиплоидия. 
Амитоз бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша 
бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Алғаш рет неміс биологі Роберт Ремак 1841 жылы 
сипаттады, ал терминің 1882 жылы Вальтарам Флеминго еңгізді. Амитоздық бөліну 
кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен 
ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда 
болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, 
дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда 
болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі 
қарай митоз арқылы белініп көбейе береді 
Эндомитоз Эндомитоз деп клеткадағы хромосоманың репро-дукциялануы кйзінде 
ядроның бәлінбей жүру процесін айтады. Осының нәтижерінде клеткада хромосома 
саны көбейеді, кейде ол бастапқы санымен салыстырғанда ондаған есе артады. 
Эндомитоз өсімдіктердегі сияқты жануарлардың да әр түрлі тканьдердегі белсенді 
жұмыс істейтін клеткаларында кездеседі. Кейде хромосомалардың пайда болуы 
клеткадағы олардың санының өсуінсіз өтеді. Бұл кезде әр хромосома еселеп еседі, 
бірақ жас хромосома өзара байланысқан күйінде қалады. Бұл құбылыс лолитения деп 
аталады. Ол эндомитоздың жеке жағдайынан тү-рады. Политенді хромосомада 
жіпшелер саны 1000—2000 шамасына жетеді. 
Клетканың белінуі процесіндегі болатын ерекше ды бағалау үшін, 
хромосоманың құрылысын және ұдайы дамып отыруын яғни оның 
репродукциясын жан-жақты қарастыру қажет. 


29 Мейоз. Мейоздың биологиялық маңызы. 
Мейоз жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен 
хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал 
хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы 
хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс 
жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде 
споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз 
гаметалар түзілгенде жүре бастайды.
Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық 
жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық 
прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты 
жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға 
мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз 
деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы 
бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. 1-мейоздың 
профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші 
кезеңдерден тұрады.
Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль 
тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар 
бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады. Пахитена 
сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері 
айқасады (кроссинговер). 
30 Сперматогенезге сипаттама
Сперматогенез  грек sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек 
жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт 
кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады
Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетілген жас жыныс 
жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері 
қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) 
тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді. 
Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын 
жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай Хромосомаларды 
диплойдты (2п) жиынтығы болады.Сперматогенездің өсу кезеңінде 
сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес 
ДНК, мен протейдтердіңмөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан 
ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, 
олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — 
профазадағы лептотен , зиготен пахитен және диплотен сатылардан өтіп, 
олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді. 
Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетілген жас жыныс 
жасушалары көбейеді . 


31 Овогенезге сипаттама 
Овогенез — жұмыртқажасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және 
жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею 
кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынананалық жыныс безі 
бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — 
гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, 
сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал 
жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар 
біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу 
деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму 
кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, 
жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы 
күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың 
жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің 
I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, 
өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік 
овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. 
Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан 
соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды 
32 Онтогенездің типтері 
Онтогенез — жыныс клеткаларының пайда болуынан басталатын және оның 
өліміне дейін жүретін жеке организмнің (жануар немесе өсімдік) дамуының 
толық тарихы (циклі). Онтогенез (организмнің жеке дамуы) жайындағы ұғым 
деректерге организмнің өсуі, оның клеткасының жіктелуіне және морфогенезіне 
негізделеді.
Сондықтан онтогенез жеке категория болып табылады. Онтогенезге түрлік 
категориясы жағынан филогенез (грекше рhуіе-тобыр, genesis-даму) қарама-
қарсы болады, бұл терминді алғаш сипаттаған Э. Геккель. 
Ол дегеніміз түрдің (жануарлар мен өсімдіктер) пайда болуы мен даму тарихын 
білдіреді. Онтогенез бен филогенез арасында биогенетикалық заңдылықта 
көрсетілген (Э. Геккель, Ф. Мюллер) тығыз байланыс болады, бұл зерттеулер 
көрсеткендей негізінде дұрыс ұғым.
Себебі индивидумнің онтогенезі осы түрге жататын индивиумнің филогенезді 
дамуының белгілі бір ерекшеліктерімен анықталатын болса, онда онтогенез, бір 
жағынан, филогенездің негізі, ал екінші жағынан, филогенездің нәтижесі болып 
табылады. 
Онтогенездің ірге тасының негізін зерттеу организмдердің биологиясы мен 
эволюциясын тануда өте маңызды. Бірақ онтогенез жайлы ілімнің қазіргі 
жағдайын білу үшін, алдымен, адам организмін мысалға ала отырып, өткен 
заманда организмдердің өсуі мен дамуын қалай ұғынғанын қарастырамыз. Өсу 
мен даму жайлы алғашқы көзқарастар көне замандар дәуірінде пайда болған. 


33 Онтогенездің кезеңдеріне жалпы сипаттама 
Онтогенез проэмбриональдық, эмбриональдық және постэмбриональдық 
кезеңдерге бөлінеді. Адамда, кейде жоғары сатыдағы жануарларда, туылғанға 
дейінгі даму кезеңін пренатальды немесе антенатальды, туғаннан кейінгісін — 
постнатальды деп атайды. Пренатальды кезеңінің шегінде алғашқы (дамудың 
бірінші аптасы), ұрықтық және ұрпақтық кезеңдері болады. Дамушы ұрықты 
мүшелер бастамалары қалыптасқанша эмбрион деп, ал мүшелерінің 
бастамалары қалыптасқаннан кейін — ұрпақ деп атайды. 
Іштей даму сонымен қоса тікелей жолмен көбейетін организмдерге, мысалы 
сүтқоректілерге, адамды қоса, тән. Себебі бүл организмдердің жұмыртқа 
клеткалары қоректік заттарға өте кедей, ал ұрықтың барлық тіршілік қызметтері 
ана мен ұрықтың ұлпаларынан дамыған провизорлы мүшелердің (оның ішінде 
бастысы плацента болып табылады) көмегімен аналық организммен қамтамасыз 
етіледі. Эволюциялық жағынан іштей даму ең кейінгі форма болып табылады, 
бірақта ол ұрықтарға аса тиімді, себебі олардың тірі қалуын тиімді түрде 
қамтамасыз етеді. Дернәсілдік емес даму тікелей жолмен дамитын 
организмдерге, мысалы жұмыртқалары сарыуызға (қоректік зат) бай балықтарға, 
бауырымен жорғалаушыларға және құстарға тән. Осыған орай сыртқы ортаға 
салынатын жұмыртқаларда онтогенездің айтарлықтай бөлімі өтеді, ұрықтардың 
зат алмасуы ұрықтық қабықшалар (сарыуыз қапшығы, амнион, аллантоис) болып
табылатын провизорлы мүшелермен қамтамасыз етіледі 
34 Преэмбриональдық кезең. 
Проэмбриональдықкезеңі организмдердің жеке дамуында гаметогенез 
процесінде жыныс клеткаларының пайда болуымен байланысты. Жоғарыда 
көрсетілгендей, жануарлардың аталық жыныс клеткалары құрылымы бойынша 
басқа клеткалардан (соматикалық) айтарлық айырмашылығы болмайды, ал 
жұмыртқа клеткаларының маңызды ерекшелігі сол, онда сарыуыздың көп 
болуы. Жұмыртқа клеткаларындағы сарыуыздың мөлшері мен оның орналасуын 
негізге ала отырып, оларды үш типке бөледі, атап айтқанда: 
1. Изолецитальды клеткалар. Бұл жұмыртқа клеткаларында клетка ішінде бірдей 
орналасқан аздаған сарыуыз болады
2. Телолецитальды жұмыртқа клеткалары. Бұл жұмыртқа клеткаларында 
вегетативті бір полюсте жинақталған сарыуыз мөлшері көп. Мұндай жұмыртқа 
клеткалары моллюскаларда, бауырымен жоғалаушылар, қосмекенділер, құстар 
өндіреді.Телолецитальды жұмыртқа клеткаларының екінші анимальды 
полюсінде цитоплазма мен ядро жинақталған. 
3. Центролецитальды жұмыртқа клеткалары. Бұл жұмыртқа клеткаларында 
сарыуыз аз, бірақ ол орталық орында алады. Мұндай жұмыртқа клеткаларының 
шеттерін цитоплазма алып жатады. Центролецитальды жұмыртқа 
клеткаларының мысалы ретінде буынаяқтылар өндіретін жұмыртқа клеткаларын 
айтуға болады. 


35 Эмбриональдық кезең. 
Эмбрионалдық кезең немесе эмбриогенез жұмыртқа клеткасының ұрықтануын 
көрсететін аталық жэне аналық жыныс клеткаларының ядроларының 
жанасуынан басталады. Ана құрсағында дамитын организмдерде эмбриональды 
кезең ұрпақтың дүниеге келуімен аяқталса, ал дернәсілдік және дернәсілдік емес 
даму типтерінде эмбриональды кезең ұрпақтың жұмыртқа немесе ұрықтық 
қабықшадан шығуымен аяқталады. 
Эмбриональды кезеңде зиготаның сатыларын бөліну, бластула, гаструла, ұрық 
жапырақшаларының дамуы, гистогенез бен органогенезді ажыратады. 
Жоғарыда айтылғандай, сүтқоректілер мен адамда уақыт факторын есепке ала 
отырып, ұрықты ұрық мүшелерінің қалыптасуына дейінгі аралықты эмбрион, ал 
бұдан кейін дүниеге келгеніне дейін ұрпақ деп атайды. Адамда эмбрионның 
дамуы (ұрық) екінші айдың аяғында аяқталады. 9 аптадан бастап ана құрсағында 
дүниеге келгенге дейін организмнің одан арғы өсуі мен дамуымен сипатталатын 
ұрпақтық кезең болады. 
Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы ондағы белок синтезінің белсенділенуінен 
басталады. Клетка ядролары қосылады, хромосоманың диплоидты жиынтығы 
қалыпқа келеді. Осылайша, шын мәнінде, бір клеткалы организм қалыптасады. 
36 Бөлшектену сатысына сипаттама. 
Бөлшектену. Моруланың пайда болуы. Бөлшектену зиготаның (ұрықтанған 
жұмыртқа) дамуының бастапқы кезеңін көрсетеді. Жұмыртқа клеткаларының 
центроильдары бар болғандықтан, олар мысалы, адамдарда ұрықтанғаннан 30 
сағат өткеннен кейін зигота митоз жолымен бөлшектене бастайды. Адамда 
бөлшектену ұрықтанған жұмыртқаның Фаллопий түтігімен қозғала бастауымен 
басталады және жұмыртқа клеткасының үстіндегі сайшаға түседі. Алғашқы сайша 
екі клетканың-екі бластомерлердің, екіншісі-төрт бластомерлердің, үшіншісі-
сегіз бластомерлердің және т.б. пайда болуына әкеледі. Зиготаның бірінен соң 
бірінің қатарланған бөлшектенуінен пайда болған клетка тобы морула (грекше 
morum -тұт жемісі) деп аталады. 
Морула сатысын жынысты жолмен көбейетін барлық көп клеткалы жануарлар 
өтеді. Қандай түрге жатуына қарай бөліну әрқалай жүреді. Радиальды 
(омыртқалылар, тікентерілілер), билатеральды (гребневиктер, кейбір 
хордалылар) жэне спиральды бөлшектену (немертиндер, сақиналы құрттар, 
көптеген моллюскалар) деп ажыратылады 
Бөлшектенудің бұл түрлері бөлшектенудің жазықтығына байланысты. Сондықтан 
олардың морулалары эртүрлі санды клеткадан тұрады. Сонымен қатар 
клеткалардың бір бөлігінен трофобласт деп аталатын құрылым қалыптасады, 
оның клеткалары ұрықты қоректендіреді 


37 Бластула сатысына сипаттама 
Бластула бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған қуысты ұрық. 
Бластуланың құрылысы мен пішіні жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі 
болады. Бластуланың бластомерлерден (ұрық жасушаларынан) құралған 
қабырғасы - бластодерма (грек, blastos және derma - тері, қабық), ішіндегі 
қуысын — біріншілік дене қуысы немесе бластоцель (грек, blastos және koilos — 
қуыс, қуысты) дейді. Ұрықтың жоғарғы анимальдыполюсінде орналасқан 
бластомерлер бластодерма төбесін, ал төменгі вегетативтіполюсіндегі 
бластомерлер бластодерма түбін құрайды. Олардың арасындағы 
бластомерлерден қүралған аймақты жиекті аймақ деп атайды 
Бластоцист - шамамен 200 жасушадан тұратын 5-6 апталық эмбрион. 
Бластоцистің дамуы эмбрионды ана жатырына салуға дейінгі кезеңді құрайды 
Бластодерма деп те аталады, бұл ұрықтың тамақтануына мүмкіндік беретін 
болашақ плацентаның пайда болуына қажетті әр түрлі жасушаларды қамтитын 
бластоцистаның сыртқы жасушалық қабаты. 
Бұл дамушы эмбрионды қоректік заттармен қамтамасыз ететін әртүрлі 
жасушалардан тұратын жұқа қабат. Бұл қабаттың мақсаты - эмбрионды 
жатырдың қабырғаларына жабыстыруға көмектесу. 
Трофобласт арқылы эмбрион жатырдың эндометриясына имплантацияланады. 
38 Гаструляция типтеріне жалпы сипаттама 
Гаструляция — гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы 
барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп 
бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің 
жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс. 
Эмбриогенездің гаструляция кезеңінің алғашқы кездерінде бластуланың 
бірқабат жасушаларынан тұратын бластодермадан екі қабат ұрық 
жапырақшаларынан құралған ұрық — гаструла дамиды. Оның сыртқы ұрық 
жапырақшасы — эктодерма (грек, ektos — сыртқы; derma — қабық, тері), ішкі 
ұрық жапырақшасы - энтодерма (грек, endon - ішкі және қабық). Энтодермамен 
қапталған қуыс - алғашқы ішек (гастроцель), ал гастроцель қуысының сыртқа 
қарай ашылған тесігі - алғашқы ауыз (бластопор) деп аталады. Гаструляцияның 
соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық 
өскін жетіліп, кейінірек одан хорда және мезодерма (грек, mesos — аралық, 
ортаңғы және қабық) дамып жетіледіГаструланың дамып жетілуі бластуланың 
құрылысына байланысты. Сондықтан, әртүрлі жануарларда гаструляция процесі 
түрліше жүреді. Гаструляцияның төрт түрі ажыратылады: инвагинация — 
қынаптану, эпиболия — қаптап өсу, иммиграция — ішке көшу, деламинация — 
жасушалар қабаттарына жарылып ажырау. 


39 Мезодерманың даму түрлері. 
Мезодерма көп клеткалы жануар мен адамның ортаңғы ұрық 
қабаты. Гаструла сатысында мезодерма сыртқы ұрық қабаты эктодермамен ішкі 
ұрық қабаты энтодерманың арасында орналасады. Алғашқы ауыздыларда 
мезодерма, эктодерма мен энтодерма қабаты аралығында жетілген 
клеткалардан — телобластан дамиды. Бұл клеткалардан 
дене паренхимасы (төмендегі сатыдағы құрттарда) және ұрықтың мезодермасы 
(жоғары сатыдағы омыртқасыздарда) пайда болады. Тікентерілілерде, 
бассүйексіздерде, дөңгелекауыздыларда, балықтармен, қосмекенділерде 
мезодерма алғашқы ішектің ішкі қабатынан жетіледі. 
Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде мезодерма бластула 
сатысында ұрықтың эктодерма қабатынан жетіледі. Жалпақ құрттар 
мен немертиндерде мезодермадан дәнекер тін, буылтық 
құрттар мен буынаяқтыларда екінші дене қуысы — целомжәне 
жұп сомит дамиды. Сомиттің арқа бөлігін эписомит, бүйір бөлігін гипосомит деп 
атайды. Эписомиттен склеротом, дерматом, миотом бөлімдері жетіледі. 
Склеротомнан омыртқа жотасы, дәнекер тін, дерматомнантері дәнекер 
тіні, миотомнан дененің қаңқа бұлшық еті пайда болады. Гипосомиттен целом 
қабырғасынан басталатын бірыңғай салалы бұлшық еттер, нефриттен зәр 
шығару органдары, ішкі органдар жетілетін спланхнотом бөлімдері дамиды. Ең 
үлкен бөлімі — спланхнотом, ол ішкі висцеральді, сыртқы париетальді қабаттан 
құралған. Бұлардың түйісуінен мезодерма қапшығы, яғни екінші дене қуысы 
целом пайда болады. Бұл қуыста ішкі органдар орналасады. Спланхтом 
эпитемитінен жыныс бездері жетіледі. 
40 Сомиттер туралы түсінік
Сомиттер ортаңғы үрық жапырақшасы мезодерманың жоғарғы (дорсальдық) 
бөлігі. Ол өз кезегінде үш қабаттан: 
дерматом 
миотом 
склеротом 
қабаттарынан тұрады. Дерматомнан терінің нағыз тері 
(дерма)қабаты, миотомнан дененің қаңқа бұлшықеттері, склеротомнан омыртқа 
бағанының сүйектік негізі (омыртқалар) дамиды.
Ұрықтық даму кезінде мезодермадан арқалық сегменттер (сомиттер), сегменттік 
аяқшалар (нефрогонадотом) және төменгі сегменттелмеген бөлік (спланхнотом) 
жетіледі. Сомиттер ұрықтың дене сегменттеріне сөйкес дамиды да, өз кезеңінде 
үш қабатқа (дерматом, миотом, скелетом) ажырайды. Дермотомнан нағыз тері 
қабаты - дерма қалыптасады. Миотомдардан дене (қаңқа бұлшықеттері, 
склеротомнан омыртқа бағанасы, ал нефрогонадотомнан жыныс және зәр бөлу 
мүшелерінің эпителий қабаттары мен бездері дамиды. Спланхнотомнан екінші 
дене қуыстарын (көкірек, Құрсақ, жамбас) астарлайтын сірлі қабықтардың 
сыртқы (париетальды) және ішкі астар (висцеральды) жапырақтары жетіледі. 


41 Эпителий ұлпасы
Эпителий ұлпасы организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі 
және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін 
ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. 
Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған 
сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан 
эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы 
шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) 
оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке 
үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік 
айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. 
Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. 
Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі 
топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік 
жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның 
тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы 
— организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын 
құрайды. Бездер: экзокриндіжәне эндокринді болып бөлінеді. Эпителий 
ұлпасы организмде қорғаныс қызметінатқарады, зат алмасу, процесіне 
қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі 
42 Эпителий ұлпасының маңызы және жалпы сапаттамасы. 
Организмнің сыртын қаптап және ішкі органдардың қуыстарын төсейтін 
болғандықтан бұл тканьді эпителий немесе шекаралық ткань деп атайды. 
Сонымен қатар организм мен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу процесі 
осы ткань арқылы орындалады.
Эпителийдің шекаралыққа орналасуы организмді ортаның әсерлерінен 
қорғайтын қызметіне тығыз байланысты. Мысалы, терінің үстіңгі мүиізді қабаты 
тығыз болғандықтан терең қабаттардағы тканьдерді қорғайды. Шек каналының 
ішкі қабырғасын төсейтін эпителий тағамның қатты бөлшек-терінің әсерінен 
және ішкі ортаға көптеген ауру қоздыратын бактериялардың енуінен сақтайды. 
Сонымен қатар ішек эпителийі қоректендіру қызметін атқарады. Өйткені, 
қорытылған тамақ эпителий арқылы қанға сорылады.
Кейбір эпителий клеткалары организмнің тіршілік әрекетіне қажетті заттар бөліп 
шығарады. Ол заттарды секрет деп, ал оларды бөліп шығаратын клеткадаларды 
без немесе секреторлы клеткалар деп атайды. Сонымен эпителий тканінің тағы 
бір маңызды кызметіне секрет шығару кызметін косуга болады. 
Эпителийдің қызметінің ерекшелігі және оның
шекараға орналасуы бұл тканьнің құрылысын сипаттайды. Эпителий бір кабатты 
болсын немесе көп қабатты болсын, барлық уақытта да шекаралығы 
айқындалған,
өзара тығыз орналасқан клеткалардан тұратын жалпы қатар түзеді 


43 Эпителий ұлпасының классификациясы. 
Эпителийдің құрылыс ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша 
эпителийлерді бір кабатты және көп қабатты деп бөледі. Бір кабатты эпителий 
бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді жасушаларының 
пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады. Онто 
және филогенетикалық классификация . Эпителийлер классификация-сының бұл 
түрін олардың белгілі бір ұрық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н.Г. Хлопин 
үсынған. Ол эпителиийлердің төмендегі типтерін ажыраткан: 
Эктолермадан пайда болатын эпидермалық эпителий (жабындылық эпителий, 
тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері); 
Эктодермадан пайда болатын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы 
безінің эпителийлері); 
Мезодермадан пайда болатын цело нефродермалық эпителий (жыныс 
бездерінің, бүйректің, эпителий мен мезотелий ); 
Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо-глиялық эпителий (эпендимо ); 
Мезенхимадан тұзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрінің 
зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қтарына жатқызбайды. Жүлын каналы 
мен ми карыншаларының астары-эпендиманы-жүйке ұлпасына, ал кан 
тамырларының астары-эндотелийді дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп 
санайды. 
44 Безді эпителий. 
Безді эпителий бұл Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып 
саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік 
шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм 
процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше 
секрет ретінде гормондарды айтуға болады. 
Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық 
жасушалардың қызметі - ағза тіршілігіне қажет заттарды жасушаларда тұзіп, 
олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызетіы атқарады. Олардың 
көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып 
саналады. Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік 
бездер секрет тұзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. 
Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына 
негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. 
Эндокриндік бездер бездік жасушалардан тұрады және олардың шығару 
өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және 
калканша серік бездері, бүйрек үсті бездер, қы безінің Лангерганс аралшықтары 
т.б. жатады.
Осылардың бэрі ағзаның эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер 
сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың куыстарына немесе 
терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі 


45 Ішек эпителийі. 
Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда ас ішектің шырышты эпителийінің 
апикальді бетінде ворсинкалар (бүртіктер) кездеседі. Ворсинкалар мен 
крипталар тереңірек орналасқан. Ворсинкалар мен крипталар бір қабатты 
энтероциттер орналасқан. Энтероциттер өздерінің бөлінуінің аркасында жоғары 
варсиика жағына шығады. 
Энтероциттер өздерінің бөлінуінің аркасында жоғары варсиика жағына шығады. 
Эпителий кабатында энтероциттерден баска бокал тәрізді без 
жасушасы, эпторождокриндіжасушалар болады. Адамда және көміргіш 
отрядтарында пищеристый жасушалар кездеседі.Суда жүзетін күстарда ерекше 
осмос реттейтін құрылым болады, «солевые железы» тұзды бездер және 
ректальді бездер мысалы акулада кездеседі. Жоғарғы сатылы жануарлардың 
шырышты эпителийі бүкіл асқорту жүйесін, тыныс алу жүйесін, жыныс және зэр 
шығару жолдарын алып жатады. Шырышты эпителий мынандай қызмет 
аткарады: 
1. Қорғаныштық (ішкі ортамен сыртқы ортаның) 
2. Зат алмасу қызметін- секрет бөлу, кейбір жағдайда оларды жинақтау. 
3. Сұйық заттарды және қатты түйіршіктерді шырышты қабаттар арқылы 
жылжыту. Астың, бөгде заттардың, жыныс органдардың продуктыларыи, 
зәрдің және слиздің жылжуы. 
46 Эпителийдің регенерациясы. 
Эпителий тініңце регенерация мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Жамылғы 
эпителий жасушалары камбиалдық қабаттың жасуша-лары есебінен көлемді 
жара беттерін де толық жаба алады. Бүл үрдісте эпителий астында жатқан 
түйіршікгі дөнекер тіннің маңы-зы зор. Осы екі тіннің жетілуі қатар (синхронды) 
жүріп отырғанда ғана регенерация толық өтеді (В. Г. Гаршин). 
Көп қабатты эпителийдің мысалы, тері эгштелийінің, регенерациясы негізгі 
(базалды) қабаттағы жасушалардың өсіп-көбеюі арқьілы жүреді. Аддымен бір 
қабатты эпителий пайда болып, ол жетіліп, көп қабатты эпителийге айналады. 
Шырышты қабықтардың (асқазанның, ішекгің, куықтың жөне т.б.) жабынды 
эпителийінщ регенерациясы жара айналасыңцағы камбиалды эпителий 
жасушаларынан басталады. Олар алдымен көбейіп пайда болған дефекті 
толтырады, кейіншелік жетіліп сол жерге төн призмалық, жыбырлағыш, өтпелі 
және т.б. эпителийге айналады. 
Тері тез жаңарып түратын ағзалар қатарына жатады. Бүл жер-де физиологиялық 
регенерация өте қарқынды түрде өтеді. Ал реперативтік регенерация тері 
жарақатында көрінеді. Тері жарақа-тының бітуі оның қаншалықты терең 
бойлауына байланысты бірнеше түрде өтеді


47 Дәнекер ұлпасына жалпы сипаттама 
Дәнекер ұлпасы — адаммен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері 
құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — 
мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан 
дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір 
түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше 
жасушааралық заттар көбірек болады.
Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың 
ара-қатынасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер 
ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері 
басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек 
ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер 
ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар 
(эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды.
Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, 
массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. 
Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап 
айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. 
қызметтерді атқаруға қатысады.. 
48 Дәнекер ұлпасының морфологиялық классификациясы 
Эпителийдің құрылыс ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша 
эпителийлерді бір кабатты және көп қабатты деп бөледі. Бір кабатты эпителий 
бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді 
жасушаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп 
ажыратады. Онто және филогенетикалық классификация. Эпителийлер 
классификация-сының бұл түрін олардың белгілі бір ұрық жапырақшадан шығу 
тегін еске алып Н.Г. Хлопин үсынған. Ол эпителиийлердің төмендегі типтерін 
ажыраткан:
Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий 
(жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей 
бездері);
Энтодермадан пайда болатын энтодермалық эпителий (ішектің
Мезодермадан пайда болатын цело-нефродермалық эпителий 
(жыныс бездерінің, бүйректің, эпителий мен мезотелий);Нерв түтігінің 
бастамасынан дамитын эпендимо-глиялық эпителий (эпендимо);Мезенхимадан 
тұзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрінің зерттеушілердің көпшілігі 
эпителийлер қтарына жатқызбайды. Жүлын каналы мен ми карыншаларының 
астары-эпендиманы-жүйке ұлпасына, ал кан тамырларының астары-эндотелийді 
дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды


49Қан. Қанның маңызы. Қан жасушалары. Эритроциттер. 
Эритроциттер адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер 
омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Э-інің 
пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 
мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. 
Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз 
мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай). Э-дің 
тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Э. түзіліп, сондай 
мөлшерде Эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады). Э. өкпеден тіндерге 
оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, 
бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді, қан плазмасынан 
аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді. 
Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, 
бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың 
Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті 
гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады. Ж. Ахметов 
Эритроцит пішіні дөңгелек, екі жағы ойыс келген жасуша. Тек түйе мен ламада 
оның пішіні сопақ болып келеді. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен 
жорғалушыларда, құстарда эритроциттің ядросы сақталған, пішіні сопақ болып 
келеді. Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% 
ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі 
протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында 
екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды 
50 Қан жасушалары .Лейкоциттер мен тромбоциттер 
Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет 
қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: 
эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және 
қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады. 
Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде ядро және көптеген органеллалар болмайды. 
Эритроцит цитоплазмасы құрамында қанға қызыл түс беретін, тотығу-тотықсыздану 
реакцияларына қатысып, организмдегі газ алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі 
белок — гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе) кіреді. Ал құстар мен 
төменгі омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро болады. Лейкоциттер 
гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті) және агранулоциттер (дәншесіз, түйіршіксіз) болып 
екі топқа бөлінеді. Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында ірі қызыл 
түйіршіктер болады), базофилдер (клетка цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер 
болады) және нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда түйіршіктер 
болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары бірнеше бөліктерден (сегменттерден) 
тұрады. Сондықтан, бұларды "сегментті ядролы лейкоциттер" деп атайды. Гранулоциттер 
фагоцитоз процесіне қатысып, қорғаныс қызметін атқарады. Агранулоциттерге 
лимфоциттер мен моноциттер жатады 


51 Борпылдақ дәнекер ұлпасы 
Адам мен жануарлар организмдері көптеген мүшелерінің құрамында кездесетін, денеде 
ең көп тараған дәнекер ұлпасы. Борпылдақ ұлпа — жасушалардан (фибробластоциттер, 
макрофагоциттер және т.б.) және жасушааралық заттан (коллаген, эластин, ретикулин 
талшықтары, пішінсіз — аморфты негізгі зат) тұрады.
Фибробластоциттер — борпылдақ ұлпасы жасушааралық затының негізін құрайтын 
талшықтарды түзеді, ал макрофагоциттер немесе гистиоциттер (моноцитгер туындысы) 
— қорғаныс қызметін атқарады. Борпылдақ ұлпада бұлардан басқа адвентициальды 
жасушалар, плазмоциттер, ұлпа базофилдері (шырлы жасушалар немесе лаброциттер), 
адифоциттер (липоциттер немесе май жасушалары), лимфоциттер болады.
Борпылдақ ұлпаның жасушааралық затына: коллаген және ретикулин талшықтары 
(беріктік қызмет атқарады) мен эластин талшықтары (серпімділік қасиеттер береді) 
жатады. Ал аморфты зат — борпылдақ ұлпаның бірыңгай негізін құрайтын пішінсіз зат. 
Борпылдақ ұлпадағы зат алмасу процесін — ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Ол 
борпылдақ ұлпа арқылы үздіксіз ағып жатады және тұрақты қозғалыста болады. 
52 шеміршек ұлпасы мен оның түрлері 
ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған. 
Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді 
және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек 
ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек 
ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек 
ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан 
шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған. Шеміршек ұлпасының жасушаларына 
прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — 
шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен 
тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд 
(мукополисахарид) кіреді[1]. Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және 
механикалық қызметтер атқарады 
Гиалинді шеміршек ұлпасы жануарлар организмдеріндегі басқа тірек-трофикалық 
ұлпалар сияқты шеміршек жасушаларынан (хондроциттерден) және жасушааралық 
заттан тұрады. 
Хондроттетер цитоплазмасында Гольджи кешені мен агранулалы және гранулалы 
эндоплазмалық торлар көптеп кездеседі. Аталған органеллалар шеміршек ұлпасының 
жасушааралық затын түзуге қатысады 


53 Сүйек ұлпасына сипаттама 
Сүйек ұлпасы сүйек жасушалары — остеоциттерден және жасушааралық зат — сүйек 
тақташаларынан тұрады. Сүйек ұлпасын түзетін жас жасушаларды остеобласттар деп 
атайды. Сүйек ұлпасы қаңқа сүйектерін құрайды. Сүйектер сыртынан сүйекқаппен 
(периост) қапталған. Сүйектер организмде тіректік, механикалық, қорғаныс қызметтерін 
атқарады және минералдық тұздар мен май алмасуына қатысады.[2] 
Дөрекі талшықты (ретикулофиброзды) сүйек ұлпасы - матрикстегі коллаген 
талшықтарының ретсіз орналасуымен сипатталады. Ол салыстырмалы түрде төмен 
механикалық беріктігімен 
сипатталады және 
әдетте 
остеобласттар 
жоғары 
жылдамдықпен остеоид түзген кезде пайда болады. Әдетте, бұл ұрықтың сүйек тінінің 
қалыптасуы кезінде, патологиялық жағдайларда - сүйек сынығын емдеу кезінде немесе 
Пагет ауруы кезінде пайда болады. Остеоциттер денелері бар лакуналардың тұрақты 
бағыты болмайды. Дөрекі талшықты сүйек тінінде остеоциттердің мөлшері пластикалыға 
қарағанда жоғары, ал оның матрицасында негізгі зат көп және минералды компоненттер 
аз болады. Сүйек тінінің қалыпты дамуы мен регенерациясы кезінде дөрекі талшықты 
сүйек тіндері біртіндеп пластикалыға сүйек ұлпасымен ауыстырылады. Ересек адамда тек 
бас сүйегінің өскен тігістерінде және кейбір сіңірлердің сүйекке бекінген жерлерінде ғана 
сақталады. 
Пластинкалы сүйек ұлпасы - ересек адамда бүкіл сүйек қаңқасын құрайды. Оның 
минералданған 
жасушааралық 
заты 
қалыңдығы 
3-10 
мкм 
арнайы 
сүйек 
пластинкаларынан тұрады, олардың әрқайсысында параллельді жіңішке коллаген 
талшықтары бар. Көршілес пластиналардың талшықтары бір-біріне бұрыш жасап жатады, 
бұл оларға әсер ететін жүктемелердің біркелкі таралуына ықпал етеді. Сүйектегі 
пластиналар бірнеше жүйені құрайды. Остеоциттер денелері орналасқан лакуналар 
пластинкалардың арасында рет-ретімен орналасады, ал жасуша өсінділері орналасқан 
сүйек түтікшелері пластинкаларға тік бұрышпен енеді 
54 Сүйектің дәнекер ұлпасына сипаттама
Сүйек дәнекер ұлпасы — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері 
құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, 
организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан 
және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, 
ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер 
ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың ара-қатынасына 
тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) 
және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда 
(шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. 
Дәнекер 
ұлпасы 
жасушалары 
құрылысында 
полярлық 
айырмашылықтар 
(эндотелиоциттерден 
басқаларында) 
болмайды. 
Жасушааралық 
заттар 
ұлпа 
жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан 
жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар 
дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, 
тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар 
организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер 
болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен 


қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас 
етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, 
қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер 
сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының 
жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері 
жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ 
дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады 
55 Бұлшық ет ұлпасы 
адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-
қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет 
ұлпасының үш түрі болады. Олар: бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденен жолақты 
бұлшықет ұлпасы және жүрек бұлшықет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — пішіні 
үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын 
жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қан және 
лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның 
жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді). Жолақты қаңқа бұлшықет 
ұлпасын бұлшықет талшықтары (миосимпласт) құрайды, ерікті жиырылады. Оның 
жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді. Жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы 
кардиомиоциттерден (жүрекет жасушаларынан) құралған, еріксіз жиырылады (жұмысын 
автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді).[1] Бұлшықет ұлпасы миоциттері мен 
миосимпласттарындағы жиырылу процесін 16 асыратын протеин жіпшелері — 
миофибриллалар актин және миозин миофиламенттерінен құралған. 
'Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл 
жүйесінің белсенді бөлігі. 
56 Біріңғай салалы бұлшық ет
Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат. musculus — бұлшық 
ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті 
қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет. 
Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас 
бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары —миоциттер құрайды. Миоциттер бір-
бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі 
түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен 
қабаттарын түзеді. 
Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның 
паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды. 


Бірыңғай салалы бұлшықет — эмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі. 
Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай 
салалы бұлшықет — автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар
қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 
57 Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы
қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты 
бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) — қаңқаның, тілдің, 
жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, 
көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет 
талшықтары миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен 
қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және 
ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет талшықтарының сопақша келген мыңдаган 
ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында 
жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында орналасады. 
Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен 
өзара ілмектері арқылы жалғасып, байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық тор 
деп атайды. Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады. 
Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын гликоген 
дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу пигменті — миоглобин 
болады 
58 Жүрек етінің құрылысы
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек 
кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек 
қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу 
кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.Жүректің құрылысы оның 
атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке 
бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — 
құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл 
сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан 
тұрады. 
Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының 
оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. 
Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс 
істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан 
қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар 
болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы 
қақпақшалар. 


59 Жүйке ұлпасы
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден 
қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап 
тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі 
тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон 
болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке 
жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу 
дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді . 
Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке жасушаларының 
айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады , оны ( нейроглия ) , (гр."neuron"- 
жүйке , "glia"- желім ) дейді . Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек 
қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны 
нейроның "серік жасушалары " деп те атайды . 
Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді .
Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді . 
Жүйке жүйесіндегі нейрондар мен жүйке талшықтарының арасында қозу тоғысу - 
синапстар ( грекше "synapsis" - қосылу , байланыс ) арқылы өтеді . 
Бұл кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендридттерімен байланысады .
Жүйке ұлпасының негізгі қызметі : қозғыштығы және қозу өткізгіштігі .
Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын қозу орталық жүйке 
жүйесіне беріледі . 
60 Нейрондардың өзара байланысы
Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар нерв жуйесінің жеке элементтері 
болғанмен езіндік қызмет аткара алмайды. Олар өзара байланысып, козуды 
рецепторлардан орталық нерв жуйесіне, ал онан әртурлі органдарға жеткізетін тұтас нерв 
жуйесін кұрайды. Тәжірибе арқылы нейронның катынастары әртекті тармактар аркылы 
жузеге асырылатындығы анықталды. Мысалы бір нейроннын, аксоны — екінші 
нейронның дендритімен байланысады. Нерв жуйесінің қызметін дұрыс тусіну ушін 
нейрондардың тармақтары аркылы тікелей немесе нейрондардың өзара синцитиалды 
байланысатындығында бола ма? Бұл сурақ даулы мәселе болғандықтан нерв жүйесі 
кұрылысының проблемасын шешумен түйеді.
Бір маңызды нейрондардың дендриттері бір-бірімен протоплазматикалық байланыста 
өте сирек кездеседі. Ұкыпты зерттегенде нерв талшықтарының ұштарын әр-дайым нерв 
клеткасының денешігінде байқауға болады. Бұл нейрондар арасының синцитпалды 
байланысының жоқ екендігін көрсетеді.
Нейрондарды тәжірибе жасап бұзғанда тікелей байланысатын тармақтары бутін калып, 
басқа-тармақтары дегенерацияға ұшырайтындығы байқалды.
Нейрондар үздіксіз байланысады деген фактіге қарсы, нейрондардың қозуды біржақты 
өткізетіндігін дәлелдеуге болады. Нервтік козудың электр толкыны нейронда әрбағытта 
тарайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет