1. Жіті және созылмалы бронхиттер
1. Бронхит:
а) бронх түтікшелерінің деформациялық өзгерістері
б) бронх түтікшелерінің қабынуы
в) бронх түтікшелерінің обструкциясы
г) бронх түтікшелерінің атиптік жасушаларының үдемелі өсуі
2. Жіті бронхиттің белгісі:
а) ұстамалы түрде жөтелу, экспираторлы ентігу
б) тамағы жыбырлап, қатты жөтелу
в) инпираторлы ентігу, тахикардия
г) үріп үдемелі жөтелуі, алқызыл көбікті қақырық тастау
3. Жіті бронхитте аускультацияда естіледі:
а) ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар
б) әртүрлі ысқырықты сырылдар
в) қатаң бронхиалды дем
г) везикулярлы дыбыс
4. Жіті бронхиттің клиникалық симптомдары тек біреуінен басқалары:
а) тамағының жыбырлауы
б) құрғақ жөтелу
в) өкпеден қатаң бронхылық дем естілуі
г) экспираторлы ентігу
5. Жіті бронхиттің клиникалық белгісіне жатады тек біреуінен басқасы:
а) дене қызуының 370 С-380С-қа көтерілуі
б) қатты құрғақ жөтелу
в) өкпе тұсынан қатаң бронхылық дем естілуі
г) тұншығу ұстамасы
6. Созылмалы бронхиттің негізгі клиникалық белгісі:
а) кеуде қуысының бір бөлігінің дем алуға қатыспауы б) ұстамалы жөтелу
в) тамағы жыбырлап, қатты жөтелу
г) жөтелу, әр түрлі қақырық тастау
7. Созылмалы бронхитте аускультацияда естіледі:
а) әр түрлі ысқырықты сырылдар
б) везикулярлы дыбыс
в) плевра үйкелісі
г) қатаң бронхиалды дем, әр түрлі сырылдар
8. Созылмалы обструкциялық бронхитте рентгенограммада анықталынады:
а) шектелген қара дақтар
б) өкпе суретінің тығыздалуы
в) бронх түтікшелерінің деформациясы
г) біркелкі қараю, өкпенің сау жағына ығысуы
9. Созылмалы бронхитте қан талдауындағы өзгерістер, тек біреуінен басқалары:
а) лейкоцитоз
б) жоғарланған ЭТЖ
в) нейтрофилез
г) тромбоцито
10. Созылмалы бронхитте емдеуде қолданылатын дәрілер, тек біреуінен басқалары:
а) кефзол 1г
б) бисептол 480 мг
в) амброксол 30 мг
г) атеналол 20 мг
11. Созылмалы бронхитте қолданылатын дәрілер тобы, тек біреуінен басқалары:
а) витаминдер
б) бронхолитиктер
в) антибиотиктер
г) кальций антагонистер
12. Обструкциялық бронхиттің клиникалық белгілері:
а) жөтелу, экспираторлы ентігу
б) жүрек соғысының кенеттен жиілеуі, инспираторлы ентігу
в) эпигастр аймағының ауырсынуы, лоқсу
г) кіндік аймағының бүріп ауырсынуы, іш өту
Достарыңызбен бөлісу: |