1. Жоғары оқу орнындағы тəрбие жұмысының негізгі факторлары


«Интеллектуал» оқу үздіктері қоғамы



бет2/3
Дата02.07.2016
өлшемі471.16 Kb.
1   2   3

«Интеллектуал» оқу үздіктері қоғамы
«Интеллектуал» оқу озаттары қоғамы студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы болып табылады. Қоғамға мүше бола алады:

  • университетте оқитын оқу озаттары;

  • Қазақстан Республикасы Президенті стипендианттары;

  • мемлекеттік грант иегерлері;

  • үздік ғылыми жобалар мен белгілі бір ғылым саласында жетістігі бар студенттер;

  • пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері.

Қоғамның бөлімшелері университет институттарында, факультеттерде және колледжде жұмыс жасайды. Университет бойынша қоғам төрағасын (төрайымын) барлық факультеттегі студенттердің жалпы жиналысында сайлайды

Қоғам мүшелері



  • жастар саясатын жүзеге асырады;

  • сабақ беру сапасын анықтайды;

  • элективті курстарды таңдауға қатысады,

  • сапа менеджменті жүйесін жүзеге асыруға ықпал етеді

  • оқу топтарында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға ат салысады және жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп жұмыс жасайды.

Қоғам мүшелері Ғылыми, ғылыми-әдістемелік және факультет Кеңесіне мүше бола алады.

Студенттік кәсіподақтар ұйымы туралы жалпы ереже

Кәсіподақтар бастауыш ұйымы қоғамдық бірлестігі “Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының филиалы (құрылымдық бөлімшесі) болып табылады, сондай-ақ білім беру және ғылым қызметкерлері мен жастарды, олардың еңбек, кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғап және өкілдік ету үшін, ерікті түрде біріктіреді.

Бастауыш ұйым өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасы заңдарына, салалық Жарғы және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бастауыш ұйым өз қызметінде мемлекеттік өкімет органдарынан, жұмыс берушілерден, саяси және басқа қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және бақылауында болмайды. Олармен өзара қарым-қатынасын жұмыс ынтымақтастығы және әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрады.


Кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттары

Экономикалық жағдайды және кәсіподақ мүшелерінің мүддесін ескеріп:



  • Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік- экономикалық, еңбек және басқа құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, өзінің қызмет барысын анықтайды;

  • Жұмыс берушілермен ұжымдық шарттар дайындау мен жасауға қатысады және ұсыныстар енгізеді;

  • Кәсіподақ мүшелері үшін тегін құқықтық және ақыл-кеңес көмегін ұйымдастырады, сот және басқа органдарда қолдау үшін өз өкілін бөледі;

  • Қажет болған жағдайда кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетеді;

  • Кәсіподақ мүшелері мен олардың жанұялары арасында сауықтандыру шараларын, демалыс, жаппай дене мәдениетін және т.б ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі;

  • Сәйкес жиналыстар, митингтер, көше шерулерін қажет болғанда ереуілдер өткізу жолымен ұйымдастырады;

  • Жарғылық міндеттерді орындауды және материалдық шығындарды қамтамасыз ету үшін, заңда тыйым салынбаған бюджет толтырудың көздерін табады;

  • салалық Жарғыда белгіленген басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Қаражаты мен мүлкі:

Бастауыш ұйымның ақшалай қаржысы ай сайынғы түсетін мүшелік жарналар мен мүшелікке өту жарнасынан, жұмыс берушінің бюджетінен аударылған, демеушілік көмектен, Кәсіподақ Жарғысында белгіленген түсімдердің басқа көздерінен тұрады.

Ай сайын түсетін және мүшелікке өту кәсіподақ жарналары:

- жұмыс істеушілер үшін айлық еңбек ақының барлық түрінен 1%;

- оқушылар степендиясының 1% мөлшерінде белгіленеді.

Мүшелік жарналары, кәсіподақ мүшесінің арызы немесе жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдары арасындағы ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес, аударым түрінде төленеді.

- Бастауыш ұйым түскен жарналардан жоғары тұрған кәсіподақ органдарының қызметін жүзеге асыру үшін, аударымдар түсіреді.

Бастауыш ұйым қаржысы:

- Кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетуге.

- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын сотта қорғау үшін, мамандар мен сараптамашылардың, сондай-ақ заңгерлердің құқықтық көмек көрсету бойынша қызметін төлеуге.

- Кәсіподақ кадрларын дайындау және қайта дайындауға кәсіподақ активін оқытуды ұйымдастыруға.

- Қайырымдылық мақсаттарында.

- Кәсіподақ Жарғысында, осы Ережеде және кәсіподақ жиналысының (конференциясының) шешімдерінде белгіленген басқа мақсаттарға жұмсалады.

«Ұлағат ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі
Бірлестік өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы болып табылады. Барлық факультеттерде мүшесі болу міндетті емес. Білімді, көшбасшы және позитивті студенттердің орталығы. Ұйымның жұмыс жасау бағыты:


  • мүшелігіне арнайы іріктеуден өткен студенттерді қабылдайды;

  • университетішілік мәдени-көпшілік шараларға ұдайы қатысады;

  • жазғы демалыс айларында облыстық аумақта орналасқан балалардың демалыс-тынығу лагерлерінде тәлімгер және тәрбиеші ретінде қызмет жасайды;

  • балалардың уақытын тиімді, әрі қызықты өткізуіне өз үлестерін қосып, олардың этикалық-эстетикалық тәрбие алуына ықпалдарын тигізеді.

  • А.С.Макаренко атындағы балалар интернаты, реаблитациялық орталықтар мен қарттар үйлерімен байланыс орнатып, мерекелік күндері концерттер ұйымдастыру;

  • Қала мектептерінің оқушыларымен бірлескен іс-шаралар өткізу және оларға кәсіби бағдар беру бағытында ақапараттық насихат жүргізу.



Студенттердің психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету қоғамы
Студенттердің психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету қоғамы студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы болып табылады.

Негізгі міндеті университетте психологиялық-әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Қоғам мүшелері:



  • құрылымдық бөлімшелерді әлеуметтік мәселелер бойынша ақпараттық қамтамасыз ету;

  • оқу топтарында, студенттер арасында, жатақханада оң (позитивті) ахуал қалыптастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі (жетім, мүгедек және т.б.) студенттерге әлеуметтік-психологиялық көмектің жасалуына ықпал жасау;

  • мүмкіндігі шектеулі студенттерге психологиялық қолдау көрсету;

  • материалдық көмекке бөлінетін әлеуметтік жәрдемақының бөлінуіне қатысу;

  • медициналық, флюорографиялық байқаудан өтуді, демалуды, уақтылы емделуді, саламатты өмір салтын қалыптастыруды ұйымдастыру;

  • психикалық аурулардың, суицидтің, темекі тартудың, нашақорлықтың, психотропты заттарды пайдаланудың алдын алу, студенттерге психологиялық тұрғыда көмектесу;

  • мемлекеттік, әкімшілік органдарда, кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде әлеуметтік мәселелерді шешуде университет студенттерінің мүддесін қорғау.


«Ақиқат» саяси дебат клубы
Клубқа кез-келген студент мүше болуға құқылы, сонымен қатар әр факультеттерде дебат жетекшілері жұмыс жасайды.

Клубтың мақсаты:



  • студенттердің ораторлық қасиетін дамыту;

  • интеллектуалдық денгейін арттыру;

  • сөйлеу мәнерін, сөз құрылымын сақтауға баулиды;

  • шешендікке үйретумен қатар, тұлға болып қалыптасуға, кез келген ортада өз ойын айта алатындай жастарды тәрбиелеуге септігін тигізеді;

  • әр түрлі тақырыптарда ой қозғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар бере алады;

  • мемлекеттік тілді сақтай отырып, тәрбиелік маңызы зор құндылықтарды ұстанып, студенттердің арасындағы қарым-катынасты нығайту арқылы теріс пиғылды әрекеттерге қарсы күресуді үйретеді;

«Ақиқат» саяси дебат клубы жас пікір-сайысшыларды шыңдау мақсатында университетішілік дебат ойындарын өткізеді.

Клуб басшылығы мүшелерінің үлгілі ойын көрсеткені үшін облыстық деңгейде ойын көрсетуіне ықпал жасайды.

Университет студенттеріне дебат ойындарын ойнау ережесін үйрете отырып, республикалық деңгейде ұйымдастырылатын дебат ойындарына қатысуға қолдау көрсетеді.
Көңілді тапқырлар клубы
Клубтың мақсаты қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды, мәселелерді астарлы түрде әзілмен халыққа жеткізу, қазақ тілінің дамуына өз үлесін қосу, жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, сахна мәдениетіне тәрбиелеу, кез келген ортада өзін-өзі ұстауға, болашақта қоғамға өз пайдасын тигізетін азаматтар тәрбиелеу.

Дәстүрге айналған факультетеаралық КТК сайыстары жылына төрт мәрте өткізіледі



  1. Факультетаралық “Маусымашар” КТК фестивалі

  2. Ширек финалдық сайысы

  3. Жартылай финалдық сайысы

  4. Ақтық сайыс

Жеңіске жеткен факультет командасы университет чемпионы атағына ие болады.

Үздік командалар облыстық және республикалық фестивальдер мен ойындарға жолдама алады.



«Грация» би клубы
«Грация» би клубы –Бойында таланты мен биге деген қызығушылығы бар қыз-жігіттердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау. Университетте оқитын студенттердің арасынан биге, әсем қимылға икемі бар жастарды жинап, кәсіби емес бишілер арасынан университеттің мәдени-көпшілік шараларында би билеп, өнер көрсететін білім алушыларды дайындау, студенттерді әсем қимылға, эстетикаға үйрету. Би өнері арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Жастардың көбі қызығатын заманауи, ұлттық билерді билеуге үйрету. Би клубының жетекшісі және үйреушілері «Хореография» кафедрасының студенттері.

«Сыр сымбаты» спорт клубы
«Сыр сымбаты» спорт клубы – Жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен шұғылдануға шақыру. Клубтың міндеті: студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау, әр түрлі сайыстар мен жарыстар ұйымдастыру. Спорт клубының негізгі мақсаты - студент жастарының дене тәрбиесі және спорт тарапынан көптеген қызығушылықтарын қанағаттандырып, оларды жан-жақты дамыту. Спорт клубының міндеті - студенттердің денсаулығын шындау және спорттық мумкіндіктерін қалыптастыруда спорттық шараларда орын алу. Студенттік командалардың қалалық, облыстық және халықаралық жарыстар мен Универсиадаларға қатысуларына жағдай жасау. Осы мақсатта университет қабырғасында 22 спорт секциясы жұмыс жасайды.

«Жауқазын» студенттер театры
«Жауқазын» студенттер театры – көпсалалы университет жастарын актерлық шеберлікке үйрету, қиялын, шығармашылығын дамыту мақсатында құрылған. Студенттер театры әр оқу жылының басында жаңа студенттер, жаңа таланттарды іріктеп, түрлі жанрдағы қойылымдарды дайындап шығарады.

Көркемөнерпаздар клубы
Көркемөнерпаздар клубы студенттердің музыкалық қабілетін арттыруға бағытталған. Негізгі бағыттары:

  • эстрадалық әндер;

  • музыкалық аспаптар;

  • дуэт, трио, квартет, вокалды топтар;

  • вокалды-аспаптық ансамбльдер.



Әскери-патриоттық клуб
Әскери-патриоттық клуб - жастарды әскери қызметке баулып, қару-жарақтардың түрлерімен таныстырып, азаматтық және патриоттық, салауатты өмір салтына тәрбиелеуді мақсат етеді. Клубтың міндеті:

- студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру;

-жастардың физикалық дайындығын жетілдіру;

-саламатты өмір сүру салтын насихаттау;

-жастардың әскери дайындығы бойынша білімдерін нығайту және арттыру.

Университет жатақханаларындағы студенттік өзін-өзі басқару құрылымы

Университеттің студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі, кәсіподақ белсенділері студенттердің жатақханалардағы тұрмыс-тіршілік жағдайлары, демалыстарын ұйымдастыру, өздігінше іс-әрекеттеріне байланысты барлық мәселелерді шешумен шұғылданады. Университеттің студенттік өзін-өзі басқару Кеңесінің қызметі қоғамдық сайланбалы орган ретінде студенттік жатақханалар кеңестерінің жұмыстарына жалпы басшылықпен үйлестіру жүргізіп отыруға бағытталған. Өзін-өзі басқару Кеңесі тұрғындардың жалпы жиналысында құрамында 15 адам санымен бір жыл мерзімге сайланады.

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі университеттің студенттік кәсіподақ комитетіне бағынады. Солардың басшылығымен ол жатақханалардағы орын бөлуге басшылық жасайды, мәжілістер өткізіп, студенттерді жатақханаға орналастыруға байланысты мәселелерді шешеді, сондай-ақ студенттердің тұрмысы мен демалыстары жөніндегі басқа да барлық мәселелерді шешіп, жатақханалардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады.

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесіне басшылық жасауда студенттік кәсіподақ комитеті өздеріне студенттердің белсенділіктерін дамытуды, оларды жатақхана өмірінің нақты мәселелерін шешуге, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға, мемлекеттік мүліктерді сақтау үшін қоғамдық бақылау жұмыстарына тартуды негізгі мақсат етіп қояды.

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі өзінің нақты іс-әрекетін бірнеше қоғамдық ұйымдар: оқу-тәрбие комиссиясы (ОТК), “Талапкерң штабтары, студенттік құрылыс отрядтары, жедел топтар, т. б. өзара байланыста жүргізеді.

ОТК-мен бірлесе отырып студенттердің өзіндік жұмыстары мен өзара көмектері, үздіктер консультациялары, жатақхана кітапханалары жұмыстарының мәселелері, қоғамдық мүліктің сақталуы, электр қуаты мен судың үнемделуі жөнінде рейдтер жүргізіп, жұмсақ және қатты инвентарлардың есептен шығарылуына бақылау жасайды.

Әрбір студенттік жатақхананың өміріне сайланбалы қоғамдық орган Студенттік Кеңес тікелей басшылық жасайды. Университетте Студенттер Кеңесіне студенттердің тұрмыс, демалыс мәселелерін шешуден бастап жатақханалардан шығаруға дейін кең құқық беріледі.

Студенттер Кеңесінің шешімі орындалуға қабылданады. Студенттік Кеңестің беделі мен дәрежесі жатақханадан шығару құқысына байланысты емес, керісінше студенттердің өздерінің өзін-өзі басқару органына деген толық сенімі арқылы, жатақхана жұмыстарындағы ортақ мүдделілікте, әрқайсысының белсенділігі арқылы орнайды.

Жатақхананы безендіру, тәртіп ахуалы, іс-шаралар дайындау т.с.с. барлық ұйымдастыру мәселелері Студенттік Кеңестің отырысында шешіледі. Комендант Студенттік Кеңестің құрамына кіреді және оның барлық шешіміне бағынады.
Жатақханалардағы студенттер арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда өзін-өзі басқару Кеңесінің ролі
Студенттер сабақтан бос уақыттарын жатақханаларда өткізеді, сондықтан жатақхана-тәрбие жұмыстарының орталығы.

Жатақханаларға орналастыру кезінде жеке қамқорлық жұмысы да ескеріледі. Әдетте, үлгерімі нашар студенттер үздіктермен бір секцияда тұрады, бұның өзі күнделікті өзара көмек пен бірлесіп дайындалуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Студенттердің уақытын үнемдеу үшін, жатақханада барлық қажетті әдебиеттер жинақталған. Кітапхана студенттер үшін қолайлы мезгілде жұмыс атқарады.

Оқу-тәрбие комиссиялары жатақханаларда оқытушылардың, үздік студенттердің консультацияларын ұйымдастырып, мамандармен сұхбаттар өткізеді.

Сынақ-емтихан сессиясы кезінде студенттердің өзіндік дайындықтары барысына сессия штабы басшылық етеді. Бұл кезеңде жатақханада қонақтар шақыруға, көңіл көтеру шараларын өткізуге тиым салынады.

Жатақханаларда қабат, секция және бөлмелер арасында емтихандардың нәтижелері бойынша жарыстар ұйымдастырылады, оның барысы ОТК экрандарында және “Найзағайлардаң көрсетіледі. Сессиядан соң жиналыс өткізіліп, қорытындылар жасалады және жаңа оқу семестріне міндеттер белгіленеді.

Өзін-өзі басқару Кеңесі жұмыстарында студенттердің жатақханалардағы бос уақытын ұйымдастыруға көп орын беріледі.

Студенттер Кеңесі қоғамдық құрылымдар, кафедралармен бірлесе отырып сұрақ-жауап кештерін, тақырыптық кештер, пікір-сайыстар өткізеді.


Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесінің жатақханаларда тұрмыс жағдайын жақсартудағы жұмыстары
Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі студенттердің тұрмыс жағдайларын жақсартуға көп көңіл бөледі. Әрбір бөлме-жайлар ұтымды пайдаланылады.

Әрбір подъезде санитарлық қадағалау жұмыстары жүргізіледі, яғни секторлардың тазалығын, ондағы тұратын студенттердің денсаулығын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Секцияларда тазалықты сақтауда студенттердің кезекшілігі тұрақты ұйымдастырылады. Күн сайын кезекші ылғалды тазалау жүргізеді, айына бір рет өтетін үлкен тазалауға секцияда тұратын барлық студенттер қатысады.

Студенттер жатақханадағы болып жатқан барлық оң өзгерістерге ерекше ықылас білдіріп, тәртіпті тұрақты қадағалауға, оны көркейтуге, өзінің жатақханасын, өзінің қабатын, өзінің бөлмесін әдемілеуге, ыңғайлы да тартымды етуге міндетті.

Жатақханалардағы тәртіпті және санитарлық ахуалды студенттік ұжымдық қадағалау студенттердің дұрыс тұрмыс жағдайларын жасауды қамтамасыз етеді.

Жыл сайын көктем мен күзде сенбіліктер өткізіледі. Студенттік Кеңестер студенттердің тамақтануларына ерекше қамқорлық көрсетеді. N 1 жатақханадағы жастар клубында туған күндер, студенттік үйлену тойлары мерекеленеді.

Бірінші курстарда студенттерге жатақханалардың бөлмелерін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Оқу жылы аяғында студенттер өздерінің секцияларын тәртіпке келтіріп, әктеп, сырлап, жуып- шаяды. Бірінші курстарды Студенттер Кеңесі бірінші күннен бастап қамқорлыққа алады. Жоғарғы оқу орындарындағы алғашқы қадамнан бастап-ақ бөлмені қалпында ұстауға, кезекшілік кезінде өз міндеттерін орындауға үйретеді.

Студенттік Кеңестер жатақханаларды безендіруді қолға алады. Әрбір секцияда студенттердің оқудағы жетістіктері, өзін-өзі басқару Кеңесінің қызметі туралы мәлімдейтін стендтер бар.


Университет жатақханаларына студенттерді орналастыру мен орын бөлу тәртібі
Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі университеттің студенттік кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, топтар мен Студенттер Кеңесі жиналыстарының шешімі негізінде студенттік жатақханалар тұрғындарының контингентін қалыптастырады.

Тамыз айында студенттік кәсіподақ комитеті өзін-өзі басқару Кеңесі жасаған жатақханалардағы курс бойынша орналасу тобын бекітеді. Тамыз айының соңынан бастап әрбір курста жатақханалардағы орындарды бөлу жөнінде комиссиялар жұмыс істейді.

Бірінші курс студенттерін жатақханаларға орналастыру 1-қыркүйекке дейін жүргізіледі және орын алуға ниет білдірушілерге беріледі.

Жатақханалардағы орналастыру аяқталғаннан кейін, бірінші қазаннан бастап бөлмелерді төлқұжаттандыру жүргізіледі. Әрбір бөлменің төлқұжаты Студенттік Кенесте сақталады, оған тұрғындардың аты-жөні енгізіліп, бөлмедегі студенттердің материалдық жауапкершілігіндегі барлық инвентарлар белгіленеді.

Мұндай тәртіп жатақханалардағы мүліктердің сақталуына, қоғамдық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бөлме төлқұжаттарына жыл бойына тұрғындарға жасалған ескертпелер енгізіледі. Мамыр-маусым айларында бөлмелерге аттестациялау өткізіледі, онда берілген ескертпелер негізінде студенттердің жыл бойына атқарған қоғамдық жұмыстарына қарай оларға келесі оқу жылында жатақхана беру жөнінде шешім шығарылады.

Жатақханадағы студенттік өзін-өзі басқару Кеңесінің құрылымы

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі жатақхана тұрғындарының жалпы жиналысында құрамында 15 адамнан ашық дауыспен 1 жыл мерзімге сайланады.

Кеңес өз құрамынан төраға, екі орынбасар сайлайды және мүшелеріне міндеттер бөліп береді. Кеңес құрамына жатақхана студенттік Кеңесінің төрағалары және университет студенттік кәсіподақ комитетінің мүшелері кіреді.

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі жатақханаларда басқарудың атқарушы органы болып табылады. Өзінің күнделікті жұмысында ол кәсіподақ комитетінің бірлескен шешімдерін, студенттер жатақханалары туралы ережені басшылыққа алады. Кеңес жатақхана тұрғындарының жалпы жиналысында, студенттік кәсіподақ комитетінің отырысында өз жұмыстары туралы есеп береді.

Студенттік Кеңес бекіткен жоспары бойынша жұмыс істейді.

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі жанынан комиссиялар құрылады: оқу-тәрбиелік, мәдени-көпшілік, тұрғын үй-тұрмыстық, спорттық, санитарлық-гигиеналық, асханалар мен буфеттер жұмысына қоғамдық бақылау т.б. комиссияларын өзін-өзі басқару Кеңесінің мүшелері басқарады.

КУРАТОРЛАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Университеттегі академиялық топтар тәрбие жұмыстарының орталығы болып табылады. Студенттік академиялық топтардың жұмысының нәтижелі болуының қажетті шарты - оның тәжірибелі куратор, тәрбиеші және ұйымдастырушы педагогтармен үнемі тығыз байланыста болуы. Оқу тобының кураторы – студенттің ерекше рухани кеңесшісі. Ол студенттердің жоғары оқу орнындағы оқыту әдістерін меңгеруіне көмектесуі керек, тәлімгер өзінің әрекетін студенттердің рухани – адамгершілік қасиеттерін, Отанына деген сүйіспеншілігін, өзі таңдаған мамандығына құрметпен қарауын тәрбиелеуі қажет.

Куратор институт директоры, факультет деканы, кафедра меңгерушілерінің ұсынысымен және университет ректорының бұйрығымен тағайындалады.

Кураторлық қызмет пен оның міндетін орындау – оқытушының қызметтік борышы.

Куратор жұмысы жоғарғы оқу орны оқытушысы қызмет нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады және оны аттестациялау мен қайта сайлауда есепке алынады. Кураторлық міндеттен босату үшін оның себептері көрсетіліп, университет ректорының бұйрығымен шешім қабылданады.

Факультет кафедралары, (педагогика және психология, философия және мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтану, дене тәрбиесі кафедралары) кураторға жан-жақты әдіскерлік көмек көрсетіп отыруы қажет.

Кураторлар өз қызметі жпйында кафедра мәжілістерінде есеп беріп отырады.


Кураторлардың мақсаты мен міндеті
1. Кураторлардың басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тəрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру жəне өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

2. Кураторлардың негізгі міндеті оқу тобында тəрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жəне студенттерді университеттің қоғамдық жəне шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету жəне білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.


Кураторлардың қызметі (қызметтік міндеттері)
Куратор тəрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға жəне студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, қоғамдық ұйымдар жəне институт/факультет əкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.

2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тəрбие жұмысының жоспарына сəйкес тəрбие жұмысының үзіліссіздігін жəне сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын қалыптастырады.

3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді жəне университет, институт/факультет əкімшілігі жəне студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.

4. Топ студенттеріне оқу-тəрбие үдерісіне қатысты ректордың, директор/деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тəртіп ережелерімен, университет Жарғысымен жəне ұйымдастырушылық құрылымдарымен таныстырады. Университетте жəне институт/факультетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі жəне институт/факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тəжірибесін насихаттайды.

5. Институт/факультет əкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.

6. Қажет болған жағдайда студент жастардың əлеуметтік-психологиялық мəселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау жəне көмек көрсетілуін ұйымдастырады.

7. Студенттердің өмірі мен тұрмыс жағдайларын және олардың мұқтаждықтарын зерттеп, жекелеген студенттердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында көмек ұйымдастыру (оларды студенттер жатақханасына орналастыру, т.б.), студенттердің ата-аналарымен байланыста (мүмкіндігіне қарай кездесіп тұрады) болады.

8. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кəсіби жəне мəдени, спорттық жəне көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.

9. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық,

құқықтық жəне кəсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.

10. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік,темекі шегу, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.

11. Құқық бұзушылықтың жəне студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.

12. Студенттердің университеттің, институт/факультеттің жəне кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына жəне қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.

13. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер жəне ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.

14. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен əдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.

15. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер жəне т.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.

16. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тəртібін жəне үлгерімін бақылайды.

17. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады. Үлгірімі мен тәжірибе жинақтауына бақылау жасап, студенттердің сабаққа қатысудағы енжарлықтары мен нашар үлгірімдерінің себептерін анықтайды.

18. Ректормен кездесуге, университеттің, факультеттің жалпы жиналысына, Кураторлер кеңесінің жұмыс жоспары бойынша əдістемелік дəрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.


Каталог: Docs
Docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
Docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
Docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
Docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет