1 Карипова М. Р


Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер



Pdf көрінісі
бет11/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

 
2 Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. 
Маслоу пирамидасы 
Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне жауап бере 
алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар экономикалық теорияның базалық 
түсініктері болып табылады, яғни олар: 
1. 
Қажеттіліктер; 
2. 
Ресурстар; 
3. 
Игіліктер. 
Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет. 
Кез келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. 
Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және 
олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады. 
Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық 
қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер немесе басқаша сөзбен 
айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және жеке бір индивидтің, фирманың 
және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен 
туындайтын мұқтаждықтар. 
Қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді, өмір сүруді және организмді 
дамытуды қамтамасыз етеді, адамның жеке басын дамытуды қалайды. Адамдардың 
қажеттіліктері алуан түрлі болып табылады. Американдық ғалым, әрі социолог Абрахам 
Маслоу өзінің «қажеттіліктер пирамидасы» үлгісінде қажеттіліктерді кеңінен зерттейді. 
Бұл үлгіге сәйкес, «төменгі сатыдағы» материалдық қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы 
сатыдағы» рухани қажеттіліктер төмендегідей орналасады: 
1. 
Физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, киім-кешек, баспана, ұрпақты өмірге 
әкелу, т.б. 


19 
2. 
Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер: аурудан сақтану, дау- жанжалдан, қорқыныш-
үрейден сақтану, т.б. 
3. 
Әлеуметтік қажеттіліктер: сүйіспеншілік, махаббат, достық, кейбір топтардың 
мүшесі болу, өзара мүдделі адамдардың қарым- қатынасы, т.б. 
4. 
Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер: мақсатқа жету, өзін таныту, 
басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда өз орнын табу, т.б. 
5. 
Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер: өз қабілеттіліктерін іске асыру, өз 
мүмкіндіктерін дамыту және оларды белсенді түрде қолдану, өзара түсіністік, т.б. 
Қажеттіліктерін осындай жіктемесін олардың басқаша түрлерімен: материалдық 
және рухани қажеттіліктер, рационалды және иррационалды қажеттіліктер, 
абсолюттік және ақиқат қажеттіліктер, нақты, жете түсінілген, жете түсінілмеген, қате 
түсінілген және басқа да қажеттіліктермен толықтыруға болады. 
Саналы түрде жете түсінілген қажеттіліктер еңбекке деген ынта- жігерді тудырады. 
Мұндай жағдайда қажеттіліктер өзінің нақты нысанына ие болады. 
Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағат- тандырылуы тиіс. 
Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен 
тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, 
жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді 
экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер – экономика- лық 
қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес 
заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет 
көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету – нарықтық экономикалық жүйеде 
сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес экономикалық 
игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру 
мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру 
үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет. 
Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс 
экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын 
ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. 
Сондықтан оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың негізгі 
түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады. 
Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы өте зор. Осыған 
сәйкес, өндіріс факторларына деген екі ғылыми көзқарас қалыптасқан: олар – маркстік 
және маржиналистік. 
1. 
Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 
1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың еңбек 
үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын еңбек заттары деп атайды. Олардың екі түрі 
орын алады, біріншіден, табиғаттың тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), 
екіншіден, өңдеуге түскен еңбек заттары (шикізат). Еңбек құралдары деп адамдардың 
солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын айтады. Еңбек 
құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал- саймандар, өндірістік ғимараттар, 
жолдар және басқалары жатады. Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп 
жиынтығында өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және 
өндірістік тәжірибесі бар, еңбек құралдарын іс-әрекетке икемдеп қосатын адамдарды 
қоғамның өндіргіш күштері деп атайды. 
2. 
Маржинализм тұжырымдамасы бойынша, өндіріс факторлары төртке 
бөлінеді: 1) еңбек; 2) капитал; 3) жер; 4) кәсіпкерлік қабілет. 
Еңбек – бұл өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде 
қарастырылатын адамның интеллектуалдық және физикалық іс-әрекетінің жиынтығы. 
Капитал – өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық 
формасы ретінде саналатын машиналар, құрал- саймандар, қоймалар, көлік және 
байланыс құралдары, т.б. 


20 
Жер – бұл табиғи байлықтар, жердің қыртысы, пайдалы қазбалар, орман және су 
ресурстары, жыртуға жарамды жерлер түрінде қарастырылатын табиғи ресурстардың 
жиынтығы. 
Кәсіпкерлік қабілет – өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша 
шешуші әрекет ретінде қарастырылатын ерекше фактор. 
Қазіргі кездері осы аталған өндіріс факторларының қатарына менеджмент пен 
ақпарат ресурстарын қосады. Менеджмент – бұл идеялар, модельдер, инновациялық өнім 
үлгілері, технологиялар, ұйымдастыру нысанында 
көрінетін ерекше ресурс. 
Ақпараттехнологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды және 
жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады. 
Сонымен қатар, қазіргі экономистер өндіріс факторларына сәйкесінше, 
экологиялық факторды және уақытты жатқызады. Экологиялық фактор бұл жерде 
экономикалық өсудің импульсі ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты 
өндіріс мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. Уақыт факторы да өндірісте қолданылатын 
және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі ерекше ресурс ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет