1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет44/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

2. 
Ұсыныс бағасы – сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін 
сатуға дайын минималды бағасы. 
3. 
Ұсыныс көлемі – нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде 
сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. 
4. 
Ұсыныс функциясы – ұсынысқа әсер ететін әртүрлі фак- торлардың өзгеруінен 
сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Өндірушілердің берілген 
игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс 
детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату 
қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар 
мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының 
(ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ 
бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; ғ) сатушылардың 
саны; т.б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады: 
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В), 


44 
мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К – технология; Т – салықтар мен 
субсидиялар; N – сатушылардың саны; В – басқа да факторлар. 
5. 
Ұсыныс қисығы – ұсыныс заңының графикалық көрінісі. Ол сатушылардың 
әртүрлі бағаларда сата алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді. Ұсыныс қисығы әдетте, оң 
көлбеулі болып табылады. 
5.3-сурет. Ұсыныс қисығы 
Ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты ұсыныс қисығы өзгеріске 
ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде ұсыныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс 
орын алады. Мысалы, игіліктің бағасы өскенде ұсыныс көлемі де өседі немесе баға 
төмендегенде ұсыныс көлемі қысқарады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес 
факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде ұсыныстың 
өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, ресурстардың бағасы төмендесе, 
онда ұсыныс кеңейіп қисық оңға жылжиды немесе ресурстардың бағасы өссе, онда ұсыныс 
төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық 
факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден көруге болады. 
5.4-сурет. Ұсыныс қисығының өзгеруі 
Сонымен, ұсынысқа бағалық фактор әсер еткенде ұсыныс көлемі, бағалық емес 
факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгереді. Сондықтан ұсыныс көлемінің өзгеруі мен 
ұсыныстың өзгеруін шатастырмау қажет. 
Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылар- дың ортақ 
мүдделерінің келістірілуі нарықтық тепе-теңдіктің орнауына алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет