1 Карипова М. Р


Негізгі капитал корының көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет60/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Негізгі капитал корының көрсеткіштері: 
1. 
Қор қайтарымдылығы. Негізгі капитал қорының мың теңге құнына қанша 
өнім келетіндігін сипаттайды және ол бір жыл ішінде өндірілген дайын тауар құнының 
негізгі капитал қорының орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады: 
ҚҚ = ТӨ / ҚО . 
Мұнда, ТӨ – теңгемен есептегенде бір жыл ішінде өндірілген таза өнімнің тауарлы 
немесе атаулы құны; ҚО – теңгемен есептегенде негізгі капитал қорының орташа жылдық 
құны. 
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлем- ін (ТӨ) 198 мың 
теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені 
құрады. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші қаншаға тең? 
Шешімі: 198 мың / 180 мың = 1,10 теңге. 
2. 
Қор сиымдылығы. Қор қайтарымдылығы шамасына кері көрсеткіш болып 
табылады және ол негізгі капитал қорының бір өнім өлшеміне шаққандағы құнымен 
анықталады (теңгемен есептегенде): 
ҚС = ҚО / ТӨ . 
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлемін (ТӨ) 198 мың 
теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені 
құрады. Қор сиымдылығы қаншаға тең? 
Шешімі: 180 мың / 198 мың = 0,91 теңге. 
3. 
Қормен қарулану (Ққ) – бұл көрсеткіш ақшалай немесе ақшалай емес бірлік 
деңгейіндегі негізгі өндіріс қорларымен жабдықталу дәрежесі. Оны негізгі өндірістік қор 
құнының көлемін, орташа жылдық өнеркәсіп өндірісінде істейтін жұмысшылар санына 
қатынасы арқылы анықтайды. 
Ққ = ҚО / Жс . 
Мысалы: Кәсіпорында негізгі капитал қорының орташа жылдық құны 180 мың 
теңгені құрайды, ал орта тізімдегі өнеркәсіптік өндіріс жұмысшыларының саны 600 адам 
болды. Қормен қарулану көрсеткіші қаншаға тең? 
Шешімі: 180 мың / 600 = 300 мың теңге. 
Айналмалы капиталдың көрсеткіштері: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет