1 Карипова М. Р


Айналмалы капитал қаражатының айналу коэффициенті



Pdf көрінісі
бет61/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Айналмалы капитал қаражатының айналу коэффициенті: 
Кайналым = Ө / Қ . 
Мұнда, Ө – белгілі бір кезеңдегі өнімнің сатылу құны (сатудан 
түскен түсім); Қ – сол кезеңдегі айналмалы капитал қаражатының орташа қалдығы. 
Егер сатудан түскен түсім бір жылда 200 млн. теңгені құраса, ал айналым 
қаражатының орташа қалдығы 40 млн. теңге болса, онда айналу коэффициенті 5-ке тең 
болады: 
Кайналым = 200 / 40 = 5. 


57 
Демек, бір жылдағы айналым қаражатына салынған әр теңге 5 рет айналысқа түскен. 
2. 
Айналым қаражатын бекіту коэффициенті: 
Кбекіту = 1 / Кайналым . 
Келтірілген мысал бойынша: 
Кбекіту = 40 / 200 = 0,20. 
Бұл тауарды сатқаннан кейінгі түсімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым 
қаражатының орташа қалдық сомасын анықтайды, мысал бойынша ол 20 тиынға тең. 
3. 
Материал қайтарымдылығы: 
МҚ = Өндіріс / М 
Мұнда, Өндіріс – өндіріс көлемі; М – шикізат, отын, энергия, т.б. 
4. 
Материал сиымдылығы: 
МС = М / Өндіріс. 
Бұл көрсеткіш материал қайтарымдылығы шамасына кері көрсеткіш болып 
табылады. 
Кез келген кәсіпкер үшін өз капиталының үнемі қорланып отыруы өте маңызды болып 
табылады. Капиталдың қорлануы екі түрде жүзеге асады: 
1) 
капиталдың шоғырлануы – бұл үстеме құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі; 
2) 
капиталдың орталықтануы – бұл капиталдың бірнеше жолмен ірілену үдерісі. 
Өндірістік тәжірибеде капиталдың қорлануы өндіріске инвестиция (күрделі қаржы) 
тартумен жүзеге асырылады. Инвестиция – бұл кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда 
табу мақсатында негізгі капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның 
өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдық- тауға, тұрғын үйге 
күрделі қаржы құюы. 
Инвестицияның қайнар көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдалары, ірі 
банктердің еркін ақша қорлары, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры 
жатады. Ал инвестиция салудың артықшылықтарына жұмыссыздықтың жойылуын, ұлттық 
табыстың ұлғаюын, өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуды жатқызады. 
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін өндіріске салынған күрделі қаржыны күтілетін 
нәтижемен салыстыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет