Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық
жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру
арқылы түрлендіру.
Жекешелендіру – бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік
меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың
өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып
табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:
1.
Микроэкономикалық артықшылықтары:
-
капиталды инвестициялау;
-
өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;
-
жаңа басшылық;
-
жаңа технологиялар.
-
Макроэкономикалық артықшылықтары:
-
бәсекелестіктің күшеюі;
-
қаржылық тұрақтылық;
-
капитал нарығының дамуы;
-
әлеуметтік бағдарламалар;
-
тікелей шетел инвестицияларын тарту.
2.
Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:
-
жаңа нарықтар;
-
тәуекелдің төмендеуі;
-
нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;
-
тұтынушылар үшін пайдалылығы.
Жекешелендірудің түрлері:
1.
Кіші жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік
меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.
2.
Жаппай жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта
кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.
3.
Жеке жобалар жекешелендіру – жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі
және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.
4.
Жекеше жекешелендіру – мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген
бөліктерге бөліп жекешелендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |