3. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс тұтыну- шылардың белгілі
бір уақытта берілген баға бойынша тауарлар мен қызметтердің берілген көлемін сатып
алуға деген дайындығын көрсетеді.
Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды енгіземіз:
1. Сұраныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып алу көлемі
арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Игіліктің бағасы өскен
сайын сатып алу көлемі азайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті төмендейді.
Және керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып алу көлемі ұлғайып,
тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.
2. Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін сатып алу үшін
төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Тұтынушылар бұл жерде игілікті
сатып алуда өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек, яғни нарықта қолындағы
қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.
3. Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде
сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды саны. Нарық жағдайында тұтынушылар
игіліктердің берілген жиынын тұтынады деген болжам жасалады.
4. Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың
өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа
әсер ететін маңызды фактор баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін
бағалық емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы және
толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты
немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және
сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп те
атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады: