1 Карипова М. Р


Сұраныстың баға бойынша икемділігінің бес түрі бар



Pdf көрінісі
бет47/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Сұраныстың баға бойынша икемділігінің бес түрі бар: 
1) 
Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек 
өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, Е D>1 (бұл 
сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 
2) 
Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ 
өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, Е D<1 (бұл 
сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 
3) 
Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда 
өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, Е D =1 (бұл 
бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін 
білдіреді). 
4) 
Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем 
өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда 
икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E D ∞. 
5) 
Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем 
өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда 
икемділіктің мәні нөлге тең болады, E D = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың 
түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды. 
2. 
Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі бір тауардың бағасының 
(Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын 
екінші бір тауарға 
(Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. 
Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі: 
мұндағы, ED 
x,y ED = Q % / Р %, 
– сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін 
көрсететін коэффициент; Qy% – Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы 
өзгеруі; Рx% – X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі. 
Егер қиылысқан икемділіктің мәні (ED >0) 0-ден үлкен немесе 
оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі 
алмастырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса
онда оны алмастыратын шайға деген 


47 
x,y


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет