1 Карипова М. Р


фирманың өндірістік теориясы



Pdf көрінісі
бет55/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

фирманың өндірістік теориясы, ал екінші жағдайда, фирманың өмір сүруі нарықтың 
жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық 
жағына көңіл бөлінуі қарастырылады – бұл фирманың келісімдік теориясы. 
Сонымен, фирма ресурстар иелерінің арасындағы қатынастар жиынтығы ретіндегі 
күрделі иерархиялық ұйым болып табылады. 
Фирма – бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығын- дарын төмендету 
қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын өндірістік бірлік. 
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары Кәсіпкерлік адам 
қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің 
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «КӘСІПКЕРЛІК» терминін алғашқы рет 
ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық 
тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам 
белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің 
мүліктік жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға 
бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. 
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері: 


53 
• 
шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі; 
• 
экономикалық мүдделілігі; 
• 
шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі; 
• 
белсенді ізденуі; 
• 
жаңашылдығы. 
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар
серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, 
әртүрлі бірлестіктер. 
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, 
коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс- әрекеттері, құнды қағаздармен 
операциялар. 
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері: 
1. 
Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті 
ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. 
Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді. 
2. 
Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және 
максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру 
кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір үдеріске біріктіреді. 
3. 
Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді 
қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, 
банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді. 
4. 
Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің 
айқындылығын талдап, қорытындысында не болаты- нын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз 
уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен 
өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет