69
8. ЖЕР РЕНТАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРДІҢ ТАБЫСЫ
Мақсаты: рента ерекшеліктерін кеңінен талқылау
Сұрақтар:
1. Жер рентасы
жер иесінің факторлық табысы;
2. Рента мөлшеріне әсер ететін факторлар;
3. Дифференциалдық рента
4. Пайда кәсіпкердің табысы ретінде
Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты
негізгі екі ұғымды түсініп алу керек.
Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан
жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды
және соны мойындауды
айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.
Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген
заңдық тәртіппен қажетті
мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді.
Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар
жүзеге асырады.
Қазіргі
экономикалық теорияда жер категориясы ауылшаруа- шылықтық және
ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолда- нылатын өндіріс үдерісінің басты құралы
және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің
негізі бола алатын
жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды.
Біріншіден, жер өндіріс
құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы,
жердің адам
іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде
қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле
алуы және оның бағасының болуы, т.б.
Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті,
кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған
алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған
тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б.
Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады:
мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы
және ерекшелігі
мыналардан көрінеді:
1.
Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
2.
Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
3.
Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
4.
Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолда- ныла береді;
5.
Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады. Сонымен, жердің
саны және оның ұсынысы шектеулі болғандық-
тан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқаарады.
Достарыңызбен бөлісу: