2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
Мұнай және газ өндіру Қазақстан өндірістік бағытының бірден бір жоғарғы табыс әкелетін және ең маңызды сала болып келеді. Қазақстан Республикасында 60-қа жуығы құрылып жатырған 180-нен астам мұнай кен орындары бар. Қазақстанның мұнайгаз саласындағы әлеуетті мүмкіндіктер өте жоғарғы деңгейде. Қазіргі кезде республикада 2,2 млрд.тоннаны құрайтын күкіртсутегі, 0,7 млрд.тонна газ конденсаты, 2,7 млр.куб метр газ және 12 млрд.тонна мұнай қорларын иемденеді. Бюджет кірісінің үлкен бөлігін құрайтын мұнайгаз саласы экономиканың көптеген саласын дамытуға өз үлесен қосады. Қазіргі кездегі экономика жағдайында мұнайды өнідіру, өңдеу және оны тасымалдау ұлттық энергетикалық, транспорттық машина жасау, мұнайхимия, жеңіл өнеркәсіп, тасымалдау транспорттарын және де басқа салалардың дамуына алғы шарттар жасайды. Ал бұл өз кезегінде сол салалардағы ғылымның және жоғарғы технологияның дамуына әсерін тигізеді [36, 39].
Ішкі және әлемдік нарықтың жаңа тауашаларын біз өндіруші өнеркәсіптің мұнай, газ және басқа салаларда терең өңдеуді дамыту есебінен игеруіміз керек.
әрбір мұнайгаз кеніші кәсіпкерлікті дамытудың осы заманғы тұрмыстық қызмет қызмет көрсетуден бастап, ең озық инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласына дейінгі ауқымды қамтитын өзіндік тұтас аумақ ретінде қарастырылуы тиіс.
тұтынушының алдында Қазақстан сенімді өнім берушінің абыройын жоғары үстауға тиіс.
Биылғы жылдың ішінде Үкімет Қазақстанда мұнай-химия өнркәсібін дамытудың таяудағы он жылға арналған кешенді бас жоспарын нақтылы орындауға кіріседі деген ойдамын [4]
Шынында да мұнайдың арқасында біз экономикалық жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды нарыққа тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың бұдан кем емес болатын. Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторларының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана қалпына келтіре бастады [5].
Қазақстан Республикасы мұнайгаз саласының алдына келесі мақсаттар мен міндеттерді қояды:
1. Энергетикалық тәуелсіз мемлекетті қамтамасыз ету;
2. Ұлттық экономиканы реструктуризациялау үшін шетел инвестицияның
келуін қамтамасық ету;
3. Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарылату және экономикаға нақты
валюта түсуін жоғарылату;
4. Мұнайгаз саласы бойынша ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
5. Күкірттісутек өңдеудің жоғарғы деңгейіне жету және оның сыртқы нарыққа тасымалдаудың тиімді жолдарын құру.
Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының тиімді қызмет істеуі негізгі үш бағытта жатыр:
Мұнай кен орындарын әрі қарай барлау (әсіресі Каспий шельфінде);
Мұнайгаз құбырларын салу;
мұнай өндіру, мұнай және газды тасымалдаудың инфрақұрылымын дамыту.
Қазақстан республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі мұнайгаз компаниялары өз қызметін жүзеге асыру үшін маркетинг қызметін қолданады. Мұнай саласындағы марктинг жалпы тамақ, жеңіл өнеркәсіп маркетингтен өзгеше болып келеді. Төменде мұнай саласындағы маркетингті құрайтын компоненттер көрсетілген:
Шикі мұнайды өндіру;
Шикі мұнайды экспорттау немесе тасымалдау;
Мұнай өнімдерін алу;
Мұнай өнімдерін экспорттау;
Мұнайхимия өндірісіне шикізаттар алу (полистирол, полипропилен т.б);
Соңғы мұнайхимия өнімдерін алу (синтетикалық шыбық, пластмасса, бояғыш заттар, жууғыш заттар және т.б);
Дайын өнімді экспорттау.
Қазіргі кезде мұнай тасымалдау жүйесі мұнай саласындағы маркетингте өте маңызды орынға ие. Қазақстан мұнайының экспорты және тасымалдану бағыттына қарай теміржол, су және мұнай құбырлары арқылы жүргізіледі. Экспорттық мұнай магистралінен басқа Қазақстанның ішкі мұнай құбырлары бар.
Келесі кестеде республиканың негізгі магистральдық құбырлары көрсетілген.
2 кесте – Негізгі магистральдық мұнай құбырларының техникалық мінездемесі
Мұнай құбыры
|
Жұмыс істеген жыл
|
Ұзындығы мың.км
|
Диаметр
|
НПС саны
|
Өзен – Ақтау
|
1966
|
142
|
500
|
4
|
Өзен – Атырау
|
1970
|
683
|
1000
|
6
|
Қаламқас - Қаражанбас – Ақтау
|
1979
|
62
|
500
|
4
|
Теңіз - Грозный
|
1988-1990
|
678
|
1000
|
3
|
Прорва - Құлсары
|
1986
|
103
|
500
|
2
|
Ембі мұнай құбырлары
|
1977-1983
|
4156
|
200-500
|
10
|
Павлодар - Шымкент
|
1977-1983
|
1646
|
800
|
12
|
Құмкөл - Қарақойын
|
1990
|
400
|
500-700
|
1
|
Кеңқияқ – Орск
|
1968
|
400
|
300
|
4
|
Тиімді маршруттарды таңдау үшін келесі көрсеткіштер ескерілуі тиіс:
маршруттың ұзындығы және оның геологиялық мінездемсі;
басқа да транспорт түрлерін қолдану мүмкіндігі;
шикі мұнайға деген сұраныс;
мүмкін болатын тариф негізінде құбыр иелерінен кепілдік алу;
жобаның
таритердің бәсеке қабілеттілігі;
параллельді тасымалдау мүмкіндіктерінің болуы.
Қазіргі кезде қазақстандық мұнайдың тұтынушыларға тасымалдануы үш тәуелсіз мұнай құбырлары жүйесі арқылы жүзеге асады:
Батыс Қазақстан мұнай құбырлары жүйесі. “Маңғыстаумұнайгаз”, “Өзенмұнайгаз”, “Қаражанбасмұнай” мұнайлары Атырау мұнай өңдеу зауытына, содан соң экспортқа жіберіледі.
АҚ “Ақтөбемұнайгаз”, мұнайын Орск мұнай өңдеу зауытына тасымалдайтын мұнай жүйесі.
Шығыс Қазақстан және Орта Азия мұнай құбырлары жүйесі арқылы батыс сібір мұнайы Павлодар және Шымкен мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі, сонымен қатар бұл құбырмен Құмкөл мұнайы Шымкент зауытына бағытталады.
Егер де тауар және оның ассортименттеріне келетін болсақ, жалпы мұнай ассортиментін, яғни мұнай өнімдерін мұнайды өңдеу арқылы аламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауытты атап өтуге болады: Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары:
3 кесте – Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарымен негізгі мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру
Зауыт, өнім
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |